Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепіл төлеп босатылады

Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепіл төлеп босатылады
Фото: polisia.kz

Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепіл төлеп, қамаудан босатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы облысы Кеген аудандық сотының қаулысымен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдіктінің Төреғали Әлихановқа қатысты "Бұзақылық" 293-бабының 1-бөлігі бойынша он миллион теңге сомасына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл бұлтартпау шарасын қолдану тәртібі ҚК мен ҚІЖК-де нақты жазылған", - деп хабарлады Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина