Қазнетте Төреғали Төреәліден соққы көрдім деген жігіттің видеосы тарады

Қазнетте Төреғали Төреәліден соққы көрдім деген жігіттің видеосы тарады

TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Желіге Райхан Хази есімді қолданушы жүктеген. 

"Бүгін 28 қыркүйекте Көлсай көлдерінде ыңғайсыз жайт болды. Біз тур сатып алып, демалып жүрген болатынбыз. Төреғали Төреәлі еш себепсіз біздің гид Бекарысты ұрып тастады. Әншінің айтуынша, гид "біртүрлі қараған". Автобусқа қайтып келе жатқан кезімізде Төреғали атпен шауып, Бекарысқа боқауыз сөздер айтты", - делінген видеода. 

@raikhankhazi Сегодня 28 сентября 2022 года произошел курьезный случай на озере Кольсай,куда мы приехали отдыхать по тур путевке,где @toregalitoreali беспричинно избил нашего гида Бекарыса Разбил в кровь бровь И нанес несколько ударов по телу Причина избиения была якобы он посмотрел как- то не так. Когда мы вернулись к автобусу увидели что @toregalitoreali скачет на лошади и кричит на нашего гида Бекарыса не цензурной бранью. Потом пришли его люди и сказали что он якобы не так посмотрел ,что подтверждает без причинность нанесения @toregalitoreali телесных повреждений нашему гиду. #звездыказахстана #торегалитореали #маска @tengrinewskz @toregalikz ♬ оригинальный звук - raikhankhazi
@raikhankhazi Ответ пользователю @mememe96 ♬ оригинальный звук - raikhankhazi

Алайда желі қолданушылары соққы көрдім деген жігіттің қаны жасанды көрінетінін айтып жатыр. Ал біреулер бұл жаңа фильмнің жарнамасы деген болжамын айтқан.

Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін әншінің өкілдеріне хабарластық. Алайда ресми өкілдерден әзірге жауап жоқ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина