Төреғали Төреәлі жанжал неден шыққанын айтты
Фото: Видеодан алынған кадр

Төреғали Төреәлі жанжал неден шыққанын айтты

Уақытша ұстау изоляторында отырған Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан.

Әлеуметтік желіге тараған видеожазбада әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады.

Бұл құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова