Шаш кептіруге уақыт болмаған жағдайда шаш сәндеу тәсілі

Шаш кептіруге уақыт болмаған жағдайда шаш сәндеу тәсілі

Таңғы уақытта жарасымды шаш үлгісін жасауға көбіміз ұйқымызды қимайтынымыз рас. Кейде басымызды жуып, тарап, тіпті фенмен кептіруге де уақытты әрең табамыз. Бірақ ұйпаланған шашты түрлендіретін шаш үлгілері бар екенін айта кетейік. Назарларыңызға ылғал шашты әрлеуге арналған он минутта жасалатын шаш үлгілерін ұсынамыз.

Мұнда ең бастысы – ылғал шашқа қолданатын құрылғыларға абай болу. Май негізінде жасалған кремдер шашты майландырады, ал мусс немесе гель жағымсыз сынғыш әсер береді. Керлинг кремді пайдалануға тырысыңыз, бірақ бас терісіне жақпаңыз.

«Балық құйрығы» бұрымы

 

Мұндай бұрым әсерлі көрініп қана қоймай, оның бос жұмсақ фактурасы шаштың тез кебуіне ықпал етеді.

«Француздық твист»

Бұл шаш үлгісі табиғи бұйра және толқынды шаштарға жақсы жарасады. Қолыңызда бар-жоғы бірнеше қысқышыңыз болса болғаны.

Подиумдық нұсқа

Бұл шаш үлгісі, расында, сәнбикелер мен стилистердің арасында кең танымал. Шашыңызды орамалмен кептіріңіз де гель жағыңыз, кейін табиғи щеткамен артқа қарай тарап, самай шаштарын түзеп қойыңыз.

Сурет: hello-style.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Шаш сәні: Төмен жиналған шаш

"Бант" шаш үлгісін жасау

Шаш сәні: буылған шашты түрлендіріңіз

Шаш сәні: түйілген шаш

Шаш сәні: "Стего" байланған шаш

Шаш сәні: Көтерілген шаш

Шаш сәні: төмен өрілген шаш

Шаш сәні: түйілген шаш

Шаш сәні: Бигудисіз бұйра шаштар

Шаш сәні: Жұқа шашқа арналған шаш өрімі

Жазғы шаш сәні: түйілген шаш

Шаш сәні: Бұйра толқындар

Шаш сәні: өтірік боб

Шаш сәні: Қиғаш француз шаш өрімі

Шаш сәні: Төмен буылған шаш

A. Mustafina