Материалдарды қолдану тәртібі туралы ақпарат

Материалдарды қолдану тәртібі туралы ақпарат

Massaget.kz сайтына кірушілер мен пайдаланушылардың назарына!

Сайтта жарияланатын жаңалықтар, танымдық материалдар, сараптамалық мақалалар, мамандардың пікірлері ретінде мазмұндалған мәтіндер, фотосуреттер, бейнесюжеттер, аудиожазбалар мен өзге де материалдар төмендегі мәтінде қолайлы оқылуы үшін Материалдар деп аталады.

Осы сайтта жарияланған барлық Материалдардың авторлық құқығы, ерекше аталған жағдайларды қоспағанда, сайт иесіне яғни Massaget.kz (бұдан әрі - Сайт) порталына тиесілі.

Сайт әкімшілігі Сайтта Материалдар орналастыру және Сайт қызметінің басқа да түрлері бойынша Сайт иесінің ресми өкілі саналады.

Егер иллюстрация болып саналатын кез келген Материалдың төменгі жағында авторы не құқық иеленушiсі көрсетілсе, графиканы қайта жариялау мәселесі бойынша тікелей соған хабарласыңыз.

Massaget.kz–те жарияланған «Блогтар» айдарындағы Материалдардан басқа барлық Материалды, сондай-ақ фото, аудио, бейне материалдарды сайттағы түпнұсқасына міндетті түрде гиперсілтеме жасап, Материалда баяндалған мазмұнын сақтай отырып кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет желісі серверлерінде немесе басқа да тарату құралдарында қайта жариялауға, таратуға және ретрансляциялауға болады. Сайтқа жасалатын гиперсілтеме Материал мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде міндетті (белсенді) түрде көрсетілуі тиіс.

Шектеулер: «Блогтар» айдарындағы барлық Материалдың түпнұсқасын немесе үзіндісін кез келген ресурстарда, оның ішінде Интернет-сайттарда қайта жариялауға, ретрансляциялауға, қайта шығаруға, көшіруге немесе таратуға Тыйым салынады.

Осы айдардың Материалдарын қандайда болсын нысанда пайдалану құқығын тікелей Материал авторларының жазбаша рұқсаты арқылы ғана алуға болады.

"Блог" айдарындағы фото-видеолар құқығына сайт әкімшілігі жауапты емес.

Massaget.kz сайтындағы авторлық фото, аудио және бейне Материалдардың түпнұсқаcын немесе үзіндісін кез келген БАҚ-тың, оның ішінде Интернет-сайттардың көшіруіне, орналастыруына немесе басқаша пайдалануына редакцияның жазбаша рұқсаты арқылы ғана жол беріледі.

Сайт Әкімшілігі кез келген уақытта Өзінің Материалдарын қайта басу және ретрансляциялау шарттарын себеп-салдарын түсіндірмей-ақ өзгертуге құқылы.

Massaget.kz порталының қолданушылары үшін Сайт Ережесі

1.Негізгі түсініктер мен анықтамалар

1.1. Сайт Интернет желісінде орналасқан бірыңғай тақырып пен дизайн және Massaget.kz доменінен құралған веб-парақшалардың жиынтығы.

1.2. Басқа веб-парақшаларды қолдануға мүмкіндік беретін сайттың негізгі бетіне Massaget.kz адресі арқылы кіруге болады.

1.3. Сайт қолданушысы (әрі қарай - Қолданушы) – Интернет желісі арқылы сайтқа кіре алатын кез келген физикалық тұлға.

1.4. Сайт Әкімшілігі (әрі қарай - Әкімшілік) – сайтты басқарып отыратын және оны қолдануға қатысты басқа да іс-әрекеттерге жауап бере алатын сайттың иесі болуға өкілетті тұлға. Сайт әкімшілігі Сайт иесі атынан әрекет ете алады.

1.5. Қолданушының жеке беті. Қолданушыға тіркелген соң қолжетімді болатын сайттың бөлімі Қолданушының өз аккаунтын басқаруына мүмкіндік береді.

2. Жалпы ереже

2.1. Бұл Қолданушы келісімшарты Сайт иесі болып табылатын Әкімшілік пен Қолданушы арасындағы Сайтты қолдану барысында туған қарым-қатынасты реттейді.

2.2. Сайтты қолдану барысында туған барлық жағдайда осы Қолданушы келісімшарты мен Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

2.3. Сайт Әкімшілігі Қолданушының пікірінсіз Қолданушы келісімшартын жариялауға, өзгертуге, жарияламай тастауға құқылы. Жаңа редакцияның жаңаланған Қолданушы келісімшарты жарияланған жағдайда, бұл Қолданушы келісімшарты автоматты түрде күшін жоғалтады. Әкімшілік Қолданушы келісімінің өзгертілгені жөнінде сайтқа ақпарат салуға міндетті.

2.4. Бұл келісімшарттың заңды күші бар, оның шарттарын қабылдауға сайтқа тіркеліп, ондағы барлық сервистерді пайдалана алатын Қолданушы міндетті болып саналады. Келісімшартты қабылдау сайттағы Қолданушы келісімшартының сілтемесі жазылған «Тіркеу» батырмасын шерту арқылы жүзеге асады.

3. Сайт иесі

3.1.Сайт иесі – Massaget.kz доменінің әкімшілігі сайтты барлық жағынан қолдануға құқылы, ЭВМ-ге арналған бағдарламаны, ақпараттық материалдарды, графикалық суреттерді және басқа да Қазақстан Республикасының авторлық құқық және басқа да құқықтар жөніндегі заңнамасымен қорғалатын басқа да объектілерді қолдануға құқылы және сайттың дизайнына иелік етеді.

3.2. Сайт иесі сайт сервистерін қолдануға мүмкіндік беретін, жариялау, жіберу, сақтау, хат жазу, сурет, бейнебаян, аудио жүктеу, ақпарат алу қызметтерін пайдалануға жағдай туғызатын ақпаратты дәнекер болып табылады.

3.3. Сайт әкімшілігі Қолданушының пікірінсіз сайтты қолдануға қатысты кез келген ережені шығарып, материалдың кез келгенін (техникалық, құқықтық, ұйымдық және басқалар ) оқуға, жариялауға шектеу қоюға, өзгертуге құқылы.

4. Әкімшіліктің құқығы мен міндеті

4.1. Сайт Әкімшілігі:

4.1.1. Сайтты басқаруға, өз қалауы бойынша сайттың сервис құрамын, дизайны мен сыртқы келбетін анықтауға, сайтты жариялауға және сайтқа шектеу қоюға құқылы;

4.1.2. Сайттың коммерциялық қолданылуына байланысты сұрақтарды шешіп, сайтқа жарнама беру қызметін жүзеге асыруға, іскерлік бағдарламаларға қатысуға құқылы;

4.1.3. Қолданушының уақытша сайтқа кіруіне мүмкіндік бермеуге, Қолданушы бірнеше рет Регламент ережесін сақтамаған жағдайда, Қолданушының аккаунтын өшіруге құқылы;

4.1.4. Қолданушы сайтқа өзі жүктеген блогтарды, хабарламалар мен материалдарды модерациялай алады. Блог пен хабарламаларды, материалдарды модерациялау Әкімшіліктің міндеті емес;

4.1.5. Қолданушылар блогтарына жүктеген ақпарат, музыка, фото мен видеоларға сайт әкімшілігі жауапты емес. 

4.2. Әкімшілік Қолданушылар арасындағы дау-дамайға араласпайды, оны шешуге міндетті емес. Әкімшілік басқа қолданушы атынан шағым түскен жағдайда, шағым алған Қолданушының сайтқа кіруіне мүмкіндік бермеуге құқылы;

5. Сайт Қолданушысы

5.1.Сайт Қолданушысының құқығы мен міндеті Сайт құрамына кіретін кез келген веб-парақшаны қолданған сәтінен бастап пайда болады.

5.2.Қолданушы толыққанды құқық алуы үшін аты-жөнін, электрон поштасының адресі мен кілт сөзін көрсету арқылы жүзеге асатын Тіркеуден өтеді. Тіркеу мен аккаунтты активтендіруден өткен соң, Қолданушы тіркелген Қолданушы статусын иеленеді.

5.3. Тіркелген Қолданушы сайттың барлық сервистерін қолдана алады. Жеке келісімшарт негізіндегі ақылы қызметтерге ғана  шектеу қойылады.

5.4. Сайтқа сол атпен тіркелген басқа қолданушы табылмаған жағдайда аккаунт тіркеуден өткен қолданушыға тиесілі боп есептеліп, авторизациядан соң, сол аккаунтты қолданып, басқаруына мүмкіндік алады.

 6. Қолданушының құқығы мен міндеті

6.1. Қолданушы жеке блогын жүргізуге құқылы; Сайтқа өзі туралы ақпарат салып, суреттерін жүктеуге; басқа Қолданушының суреттерін бағалап, пікір білдіруге; сайттың сервистік мүмкіндігін пайдаланып сурет, бейнебаян, аудио файлдар жүктеп, сақтауға; пікір жазып, пікір алуға; түрлі тақырыптардағы ойталқыларға қатысып, өз пікірін білдіруге; өз материалдарын қосуға, басқа да қызметтерді қолдануға құқылы.

6.2. Осы Регламенттің 7-бөліміндегі шарттарды орындауға міндетті.

 7. Қолданушыға шектеу қойылатын әрекеттер:

7.1. Сайтта Қолданушыға мынадай жағдайларда шектеу қойылады:

7.1.1. Басқа Қолданушылардың жеке ақпараттарын өз мақсатына пайдалануға;

7.1.2. Сайтты үгіт-насихат құралы ретінде, ұлттық, нәсілшілдік, діни, саяси, әлеуметтік араздықты қоздыру мақсатында, соғысты, зорлықты насихаттау үшін пайдалануға;

7.1.3. Сайтқа жалған ақпарат салып, басқа ат пен тегін қолданып тіркелуге;.

7.1.4. Оқу орындарына, әскери бөлімдерге, жұмыс орындарына, демалыс орындарына (отель, қонақ үй, демалыс үйлері т.б.) қатысты қауымдастық болса да, жаңа қауымдастық ашылса;

7.1.5.Әкімшіліктің рұқсатынсыз Сайтты әлдебір коммерциялық мақсатқа пайдаланса;

7.1.6.Сайтты жұмыс кадрларын іздеу мақсатында пайдаланса, түйіндеме мен бос орындарды жарияласа, қарызын өтей алмай жүрген адамдарды іздеу үшін қолданса;

7.1.7.Сайт функцияларын тұрақсыздандыру мақсатында, сайттың рұқсат етілмеген парақтарына және тек Әкімшілік кіре алатын жабық бөлімдеріне кіруге әрекет еткен жағдайда, сондай-ақ, басқа да желілік шабуыл ретінде қабылданатын әрекеттерге барса;

7.1.8.Аймақтық, мемлекеттік, халықаралық заңнамаларды кездейсоқ не қасақана бұзса;

 7.2. Қолданушыға ашық түрде және басқа Қолданушыға жеке хабарлама ретінде жариялауға тыйым салынатын материалдар:

7.2.1. Қолданушы сол ақпараттың иесі болып табылмаса немесе сол ақпаратты заңды түрде не келісімшарт негізінде жариялауға не шектеу қоюға құқы болмаса жасырын ақпараттарды салуға тыйым салынады. Сол ақпараттың иесі болғанның өзінде оны осындай жолмен  жариялауға заңды түрде құқы болмаса ол материалға шектеу қойылады;

7.2.2. Әлдебір патентті, сауда белгісін насихаттайтын материалдарды, коммерциялық құпияны, копирайтты жариялауға тыйым салынады. Қолданушы өзі жариялаған ақпаратқа жауапты.

7.2.3. Басқа Қолданушыны кемсіту мәніндегі, беделін түсіру, қорқыту мазмұнындағы, заңға қарсы мәтіндік хабарламаларға тыйым салынады;

7.2.4. Азаматтың не әлдебір ұйымның ар-намысына нұқсан келтіретін, іскерлік абыройына дақ түсіретін материалдар мен хабарламаларға;

7.2.5. Нормаға сай емес лексиканы қолданған және қоқан-лоққы көрсету сипатындағы мәтіндік хабарламаларға;

7.2.6. Порнографиялық мазмұндағы, адамға не жануарларға деген қатігездікке үндейтін мәтіндік хабарламалар мен материалдар, сондай мазмұндағы Интернет сайттарға сілтемелерге тыйым салынады.

7.2.7. Өзін-өзі өлтіруге үндейтін не осы әрекеттің барысын сипаттайтын мәтіндік хабарламалар мен материалдарға;

7.2.8. Әкімшіліктің не осы тұлғаның келісімінсіз оның жеке ақпараттарын, байланыс құралдарын таратуға;

7.2.9. Әкімшіліктің рұқсатынсыз кез келген жарнаманы тарату, әсіресе, анашаны насихаттайтын, оның дайындалу жолын көрсететін мәтіндерге қатаң тыйым салынады.

 8. Материалдарды салу шарттары:

8.1. Барлық жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар анықталмайынша материалдар оны орнатқан Қолданушыға тиесілі. Қолданушы ҚР заңнамасына сәйкес бөтен шығармаларды пайдаланған және орнатқан жағдайда үшiншi жақтан шағым түскен жағдайда соттық және басқа да келiспеушiлiктер туындағанда оны өз есебiнен қалпына келтіруге міндетті. Егер материалды орнатқан қолданушының оған заңды түрде құқығы болмаса, онда заңды иесiнiң талап етуi бойынша иелік ету құқығынан айырылады.

8.2. Қолданушы орнатқан барлық материалдарға жеке меншiк құқығы болуы қажет немесе мiндеттi түрде сiлтеме болуы керек. Рұқсат етiлмеген материалдарды қолданған және көшiрген жағдайда, материалдары заңсыз түрде жариялағанда жауапкершiлiк сол қолданушының мойнында болады.

8.3. Заңнама талабына сай материал мазмұндарына, авторлық құқық бұзылуына, рұқсат етiлмеген тауарлық белгiнi қолдануға, фирма есiмдерi мен олардың логотиптерiн қолданғанда, сонымен қатар үшінші жақ рұқсатынсыз сайтқа материал орнатқанда, Әкімшілік жауап бермейді.

8.4. Әкімшілік Қолданушының материалдарын, жарнамаларын, хабарламаларын жариялауға, енгізген жарнамаларын өзгертуге құқылы.

8.5. Қолданушының барлық материалдарын басқа қолданушының қарап, пікір қалдыруына шектеу қойылмайды. Қолданушы өзінің материалдарына пікір қалдырылуын шектеуге, өз қалауынша пікірлерді модерациялауға және өшіруге құқылы. Бұл үшін Әкімшілік арнайы бағдарлама құралдарын береді.

8.6. Қолданушының материалдары жарнамалық не үгіт-насихаттық бағытта, желілік маркетингке және коммерциялық мақсатқа құрылса, ол мазмұнындағы хаттарға шектеу қойылады. 

8.7. Қолданушының материалды орнатқанда өзiн басқа бiреу кейпiнде көрсетуіне немесе бiр ұйымның өкiлi ретiнде, соның iшiнде www.mаssаgеt.kz қызметкерi, www.mаssаget.kz иесi ретiнде сөйлеуіне, қандай да бiр объект немесе субъектiге қатысты жаңсақ пікір беруіне құқы жоқ.

8.8. Егер материалдардың мазмұны әдеп және мораль қалпына қарсы келсе, ҚР-ның заңнамасы талаптарына сай болмаса, осы регламенттiң талабына қарсы келсе, Әкiмшiлiк қолданушының материалдарын орнатудан бас тартуға, өз қалауынша материалды өшіруге құқылы.

8.9. Қолданушы өзiнiң құқығы бұзылды деп есептеген жағдайда, мына электронды поштаға massaget.kz@gmail.com шағымдарын жiберуге болады. Материалдар заңды иесiнiң талап етуi бойынша тез арада еркiн қолданыстан алынып тасталады.

8.10. Сайттың веб-парақшасы басқа интернет-ресурстарға сілтеме беруі мүмкін. Қолданушының бұл сілтемеге өтуі тәуекелді қажет етеді. Сайт Әкімшілігі бұл ресурстардың қолжетімділігі мен контенті үшін жауап бермейді.

 9. Кепілдік пен тараптардың жауапкершілігі

9.1.Қ олданушы кепілдік бере алады:

9.1.1. Материалдарды салған кезде заңнамаға сүйене отырып жариялауға;

9.2. Әкімшілік Қолданушылар арасындағы жазбаны құпия сақтауға кепілдік береді.

 Сайт Әкімшілігі талап ете отырып кеңес береді:

*Егер Сіз Сайтқа кіретін компьютерді басқалар да пайдаланатын болса, қауіпсіздік шараларын алдын ала ойластырыңыз, кілт сөзіңізді браузеріңізге сақтаңыз.

*Сайтқа кіруге қолданылатын жеке ақпараттарыңызды құпия сақтауға тырысыңыз.

*Егер Материалыңыз өзіңіздікі емес болып, басқа біреудің құқығын бұзамын деп күмәндансаңыз, ондай материалдарды салудан аулақ болғаныңыз жөн.

*Егер Материалыңызға шектеу қойылмайтынына, жалпы халыққа арналғанына сенімсіз болсаңыз, ондай ақпаратты сайтқа салмағаныңыз дұрыс.

*Сайтқа өзіңізден басқа адамдардың суретін олардың келісімінсіз салмаңыз.

*Сайтқа эротикалық не порнографиялық мәндегі сурет, бейнебаян, мәтін салуға қатаң тыйым салынады. Кез келген контентті ойланып салуларыңызды өтінеміз. Осы бөлім Ережесін бұзған жағдайда, Сайт Әкімшілігі ол материалды өшіріп, материал авторына ескерту жасауға толық құқылы. Ережені бірнеше мәрте бұзған жағдайда, Қолданушының аккаунты Әкімшілік тарапынан өшіріледі.

*Сайт Қолданушысы сіздің ар-намысыңызға нұқсан келтіретін, беделіңізге дақ түсіретін әрекеттер жасаса, дау-жанжалға бармай, бірден сайт Әкімшілігімен байланысқа шығыңыз. Әкімшілік керек ескертулерді қолданып, аккаунтты өшіру құқығын да пайдалануы мүмкін.

"Massaget.kz" – (https://massaget.kz) ақпараттық-танымдық, сараптамалық портал.

Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы Куәлік № 15841-СИ 17.02.2016 ж.