«Барселона» Мессиге «мәңгілік» келісімшарт ұсынбақ

«Барселона» Мессиге «мәңгілік» келісімшарт ұсынбақ
Фото: youtube.com

Каталондық «Барселона» клуб көшбасшысы Лионель Мессиге жақын күндері жаңа келісімшарт ұсынуға дайындалуда. Бұл туралы sport.es хабарлауда.

Испан басылымы таратқан ақпарат сүйенсек, клуб басшылығы аргентиналық сұрмергенге «мәңгілік» келісімшарт ұсынбақ. Яғни, Лионель Мессиден спорттық мансабын «Барселонада» аяқтау туралы келісімін алмақ екен. Әзірге футболшы бұл келісімшартқа байланысты ресми мәлімдемесін айтқан жоқ.

Айта кетейік, «Барселона» мен Лионель Месси арасындағы келісімшарт мерзімі 2018 жылдың жазында аяқталады. Бүгінде шабуылшы жылына 20 миллион евро жалақы алады.  

О. Сансызбай