Месси «Эль-Класикоға» қатыса алады

О Сансызбай Корреспондент
Месси «Эль-Класикоға» қатыса алады

Каталондық «Барселона» клубының дәрігерлері аргентиналық сұрмерген Лионель Месси «Эль-Класикоға» дейін сауығып кетеді деп хабарлауда. Футболшы қазір жарақатын емдетіп жүр.

БӨЛІСУ

«Блаугрананың» көшбасшысы Испания чемпионатында «Лас-Пальмасқа» қарсы ойында сол аяғын жарақаттап алған болатын. Месси әзірге жаттығу жиындарына қатысуға дайын болмағанмен, 21 қарашаға дейін сауығып кетеді деп күтілуде.

Айта кетейік, бұл маусымдағы бірінші «Эль-Класико» ойыны Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді.