Месси жарақат алды

Месси жарақат алды
Фото: eurocups-uefa.ru

Каталондық «Барселонаның» көшбасшысы Лионель Месси Испания чемпионатының VII турындағы «Лас-Пальмас» клубына қарсы ойында жарақат алды.

«Камп Ноудағы» ойынды аргентиналық сұрмерген 10 минуттан кейін жалғастыра алмады. Шабуылшының орнына Эль-Хаддади шықты. Алғашқы медициналық тексеру сараптамасы бойынша Месси алдағы екі айда алаңға шыға алмайды. Футболшы сол аяғын жарақаттап алған.

Лионель Месси жарақатына байланысты «Эль-Классикоға» қатыспауы да мүмкін. Бірінші медициналық сараптама бойынша футболшы 21 қарашаға дейін сауығып кете алмайды екен.

Футболшы жарақат алған ойында «Барселона» «Лас-Пальмасты» 2:1 есебімен жеңді. Кездесуде Луис Суарес дубль авторы атанса, Неймар пенальти соға алмады. 

Ө. Сансызбай