Месси пенальти орындауда Роналдудан көп қателескен

Месси пенальти орындауда Роналдудан көп қателескен
Фото: b.dk

Каталондық «Барселона» клубының сұрмергені Лионель Месси Испания ла-лигасының бірінші турында бильбаолық «Атлетик» қақпасына пенальти соға алмады. Нәтижесінде шабуылшы клуб сапында 14-ші рет пенальти тебуде қателікке бой алдырды.

Аргентина құрамасының капитаны «блауграна» сапында 64 рет пенальти тепкен. Оның 14-інде гол соға алмаған. Ал жанкүйерлер басты бәсекелесі санайтын Криштиану Роналду «Реал» сапында 63 рет пенальти орындаған. Оның небәрі 7-еуінде ғана қателескен екен. Бұл туралы испан басылымы AS хабарлады.

Айта кетейік, Испания ішкі біріншілігінің бірінші турында «Барселона» сырт алаңда «Атлетикті» бір доп басымдығымен ұтса, мадридтік «Реал» түзде хихондық «Спортингпен» 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.  

О. Сансызбай