Әлімханұлы, Головкин және Канело Ербосынұлының жағдайына қатысты үн қатты

Әлімханұлы, Головкин және Канело Ербосынұлының жағдайына қатысты үн қатты
Фото: instagram.com/yerbossynuly_aidos

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО), Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) және мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (58-2-2, 39 КО) Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) үшін дұға етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

6 қарашада Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) 12-раундта нокаутпен жеңілді. Айдостың жағдайы нашарлаған соң, оны рингтен зембілмен көтеріп алып кеткен еді. Кейін ауруханада миына қан кеткен боксшы жасанды комаға түсті. 

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) қазақстандық спортшыға қолдау білдірді. 

"Айдос бауырымызға Алла шипа берсін. Отбасына аман-есен оралсын деп тілейміз!", - деп жазған Жәнібек.

"Тезірек сауығып кет. Туғандарың мен жақындарың бекем болсын", - деп жазған Геннадий Instagram Stories-інде.

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпиоы Сауль "Канело" Альварес те Ербосынұлы үшін дұғада екенін айтты.

"Сен менің дұғамдасың", - деп жазды Instagram әлеуметтік желісінде мексикалық спортшы.

Еске салайық, Қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) супер орта салмақта (76,2 келіге дейін) кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жұдырықтасып, 12-раундта ауыр нокаутқа түскен еді. 

TGB Promotions промоутерлік компаниясы және Premier Boxing Champions телефраншизасы  Айдостың жағдайына қатысты пікір білдірді.

@massaget.kz #бокс#WBAworld#айдосербосынулы#спорт#боксер#рек#хочуврек#боксқауымдастығы ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек