Ауыр нокаутқа түскен Айдос Ербосынұлына қатысты алаңдатарлық хабар жетті

Ауыр нокаутқа түскен Айдос Ербосынұлына қатысты алаңдатарлық хабар жетті
Фото: instagram.com/suleimen_promotions_official/

SibbieBoxing YouTube-арнасының авторы кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) нокаутқа түскен Айдос Ербосынұлын (16-1, 11 КО) рингтен зембілге салып алып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Суперорта салмақта WBA World белбеуі үшін 12 раундты айқас АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтті. Моррел алдымен Айдосты есеңгіретті де, 12-раундта ауыр нокаутқа түсірді. 

"Ербосынұлын рингтен зембілге салып алып кеткенін хабарлап жатыр, 12-раунд пен нокаут алаңдатып отыр. Бәрі жақсы деп үміттенемін", - деп жазыпты ол. 

TGB Promotions промоутерлік компаниясы және Premier Boxing Champions телефраншизасы  Айдостың жағдайына қатысты пікір білдірді.

"TGB Promotions және PBC өкілдері Миннеаполисте Айдостың командасымен бірге және біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Оның жеке өмірін құрметтейміз және біз ешқандай мәліметтерді бөлісе алмаймыз, бірақ бокс қауымдастығынан дұғада болуды сұраймыз", - деді PBC және TGB Promotions бірлескен мәлімдемесінде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина