Айдос Ербосынұлы кубалық қарсыласынан жеңіліп қалды

Айдос Ербосынұлы кубалық қарсыласынан жеңіліп қалды

Қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) супер орта салмақта (76,2 келіге дейін) кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Морелге тиесілі супер орта салмақтағы WBA World белбеуі үшін 12 раундтық жекпе-жек Миннеаполисте (АҚШ) өтті.

Морелл 12-раундта Ербосынұлын нокаутқа түсірді.

Осылайша, Ербосынұлының спорт мансабындағы алғашқы жеңілісі болса, кубалық боксшы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Айта кетейік, көктемде қазақстандық боксшы суперорта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) спарринг серіктесі болған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек