Желіде Айдос Ербосынұлының нокаутқа түскен сәтінің видеосы пайда болды

Желіде Айдос Ербосынұлының нокаутқа түскен сәтінің видеосы пайда болды
Фото: SHOWTIME

Желіде қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелмен (8-0, 7 КО) жекпе-жекте нокаутқа түскен сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақта WBA World белбеуі үшін айқас Миннеаполисте (АҚШ) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.

12 раундқа есептелген кездесу толық өтті. Алайда он екінші раундта кубалық боксшы Айдосты ауыр нокаутқа түсірді. 

Осылайша, Ербосынұлы карьерасында алғаш рет жеңілді, ал кубалық сегізініші жеңісіне жетіп, титулын қорғап қалды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек