- Негізгі бет
- Сән
- "Mom jeans" сәнге...
"Mom jeans" сәнге қайта оралды
Биылғы сәндегі киімдердің қатарында mom jeans шалбары да бар. Бұл − белі жоғары орналасқан джинсы шалбар. Әсіресе, қыздарының кіндігі көрініп жүргенін уайымдайтын ата-аналар қатты қуанатын болды.
Біріншіден, денсаулық үшін өте пайдалы киім үлгісі ішті, бүйректің үстін жауып тұрады.
Екіншіден, ол – ретро стиль: біздің ата-аналарымыздың, әже-аталарымыздың кезіндегі сәнді шалбарлардың бірі. Әрине олар өздерінің стильдерін ұсынуы мүмкін. Алайда қазіргі стиль басқаша үйлестіріледі.
Бұл джинсы «банан», «алма» пішіндегілерге жақсы жарасады. «Алмұрттар» үшін қиындау, алайда ішінара жарасатындары болуы ықтимал, киіп көргенде белгілі болады.
Бойының аласалығына ренжитін бойжеткендер де бұл үлгідегі шалбарды кие алады. Себебі mom jeans бойды ұзартып көрсетеді.
«Банандар» mom jeans-ты бірнеше нұсқада кие алады:
• кең жейдемен;
• орташа ұзындықтағы жакетпен;
• орташа ұзындықтағы күдері күртемен;
• свитшотпен;
• оверсайз пальтомен;
• классикалық стильдегі пальтомен.
«Алмалар» бұл үлгіні етегінің алдыңғы жағы қысқа, артқы жағы ұзын кофтамен, бөксені жауып тұратын ұзындықтағы тығыз блузамен үйлестіргендері абзал.
Кинестетиктер аталмыш шалбарды қалың тоқыма кардиганмен, свитермен, қыстық сникерспен кигені жөн.
Дресс код қатаң сақталмайтын жұмыста істейтін болсаңыз, оны жакетпен, ішінен блуза не ақ жейде киіп, қолыңызға көлемді сағат тағу арқылы үйлестіре аласыз.
Құрбыларыңызбен кездесу барған кезде mom jeans-ты аң терісінен жасалған қысқа қиғаш (косуха) ішікпен, ала кофтамен (тельняшка), гранж стиліндегі бәтеңкемен киіп бара аласыз.
Сурет: fashion-agony.com, look.tm
Оқи отырыңыз:
Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #3
Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #2
Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #1
Соңғы сәнмен киіну неліктен ерсі көрінеді?
Ф. Абилова