Сағат таңдаудың сырлары

Сағат таңдаудың сырлары

Біз бұрын сағатты тек уақытты білу үшін ғана тағатын едік. Ал, бүгінде сағат тағу сәнге айналып барады. Сәнді сағат өзге де аксессуарлар секілді белгілі бір образ жасауға көмегін тигізетін әшекейдің бірі. Сондықтан оны тағудың да өз қағидалары бар.

Сағатты қалай таңдау керек?

Қазір нарықта сағаттың бағасы да, пішіні де сан алуан, тек осылардың ішінен өзіңізге ең қажеттісін таңдай біліңіз.

Біріншіден, арзан сағат алмаңыз. Мұндай сағат сіздің имиджіңізді төмендетеді. Сол себепті атақты Швейцариядан шыққан сағатты қалтаңыз көтермесе де, орташа бағадағы француз сағатын алуыңызға болады. Мысалы, Yonger & Bresson немесе одан да арзанырақ беларус сағатын (Luch) сатып алыңыз.

Екіншіден, циферблаттары анық (рим не араб сандарымен) көрінетін классикалық үлгісін таңдасаңыз ешқашан қателеспейсіз. Мұндай сағаттарды күнделікті жағдайда таға беруге болады.

Үшіншіден, материалына назар аударыңыз. Қазір сағаттың металдан, пластиктен, тіпті резеңкеден жасалған түрлері бар. Кешкі шараларға платина, алтыннан жасалған сағаттар, ал дресс-кодпен тот баспайтын метал немесе күміспен күптелген сағат тақсаңыз болады.

Төртіншіден, алған сағатыңыздың бауы белдік, аяқ киім не басқа аксессуарлармен сәйкес келуін қадағалаңыз. Жалпы сағаттың материалына сәйкес келетін жіңішкелеу білезікті онымен үйлестіріп, бір қолға тағуға болады.

Бесіншіден, сағаттың көлемін білектің өлшеміне сай таңдаған жөн. Білегі жіңішке қыздарға кішілеу сағат жарасымды болса, толықша келген бикештер көлемді сағат таға алады.

Соңғы мәселе: қай қолға тағу керек? Оң қолмен жұмыс істейтіндер сол қолына, солақайлар оң қолына таққаны қолайлы.

Сурет: jazzcart.com

Оқи отырыңыз:

Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #3

Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #2

Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #1

Соңғы сәнмен киіну неліктен ерсі көрінеді?

Ф. Абилова