Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #1

Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #1

Әйел заты – сұлулықтың символы, яғни қыз, әйел біткеннің бәрі сұлу. Ежелден келе жатқан сұлулардың сипаты: қиғаш қасты, қолаң шашты, қыр мұрынды, бота көз, т.б. дейтін теңеулерге бүгінде заманауи 90х60х90 пропорциясы қосылып, бикештердің өз ажарларына көңілі толмауға әкеп соқты. Алайда әрбір бойжеткен өз ажарын, дене бітімін зерттеп, жақсысын асырып, кемшілігін жасыратын тәсілдерді меңгергендері жөн. Сіздерді осындай әдіс-тәсілдермен таныстыруды бастаймыз.

Бүгін «алмұрт» пішінді бикештер туралы сөз қозғаймыз. «Алмұрттардың» пішіні, негізінен, нағыз әйелге тән болып есептеледі. Олардың кемшілігі – иығы кішірек, бөкселі болса, ал ұтымды жағы  жіңішке белі болып келеді. Сондықтан кеуде жағын қомақтырақ, ал төменгі жағын керісінше, кішірейтіп көрсететін әдіс-тәсілдерді іздестіреміз. Бұл орайда көбіне белдің жіңішкелігін көрсетіп отырамыз.

1. Киімнің жоғары жағын ашық түстен, төменгі жағын қос түстен таңдағандықтан, назар ашық түске ауады.

2. Мойынға орташа ұзындықтағы көлемді жалпақ алқа, моншақ тағу керек. Егер моншақ тым ұзын болса, кеудені одан сайын кішірейтіп, ұзын етіп көрсетеді, сондықтан ұзын моншақты бірнеше орап тағыңыз.

3. Көлемді жаға, «қамыт» жаға, жабо, бант, галстук, омыраудағы қалталар осы пішіндегілерді сәнді етіп қана қоймай, сонымен бірге сымбатты етіп көрсетеді.

4. Күн салқын кезді пайдаланып мойынға әртүрлі тәсілдермен шарф, орамал салуды да есте ұстаған жөн.

5. Кеудесінде ірі өрнектері бар кофталар, блузалар жарасады.

6. Кең етек көйлек пен белдемше, «жауқазын» және трапеция белдемше, иығы «фонарь» етіп тігілген кофта, көйлектер болғаны дұрыс.

7. Кең балақ шалбар аяқты ұзын қылып көрсетеді.

8. Қысқа болеро мен жеңсіз қыпша белді айқындайды.

9. Көп қабатты блуза, кофталар, сонымен қатар ақ жағалы, шілтер жағалы, «жарғанат» жеңді көйлектер мен блузалар жоғары жақты төменгі жақпен теңестіреді.

10. Қазіргі кезде аң терісінен тігілген жеңсіздер, кофталар кию трендте, сондықтан осы идеяны қолданған абзал.

«Алмұрттарға» «көмекші» аксессуарлар: әртүрлі көлемдегі белдік, алқа, моншақ, көлемді сырға, шарф, орамалдар.

Оларға masculine стиліндегі жакеттер, шалбарлар, «галифе» және «сигарет» шалбарлар, ірі қалталары бар шалбарлар, төртбұрышты белдемшелер, көйлектер мен пальтолар, алабажақ ірі суретті белдемшелер жараспайды. Аталған киімдер соңғы сәнде болса да, алудың қажеті жоқ, себебі, мұндай киімдерді кисе, үлкен көрініп, нәзіктігін жоғалтады.

Басты көлемді етіп көрсететін шаш үлгілерін таңдаған жөн, алайда ол иықтан үлкен болып кетпеу керек. Жалпы шаш үлгісі бет пішініне байланысты да таңдалады.

«Алмұрттардың» көбінесе балтыры жуан, яғни, қазақ ұғымында «балтыры бесіктей» – сұлулық эталоны болып саналады. Алайда қазіргі жастарға бұл онша ұнай бермейді. Кейінгі көзқарасты ұстанатын бикештер кең етек ұзын белдемшелерді қысқа қиғаш (косуха) күртемен киіп, балтырларын бүркемелей алады. Немесе ұзын кең қонышты етікпен етегі жанасатын көйлектер мен белдемшелер киюіне болады.

Аяқ киімдерден угги аяқты одан сайын жуан қылып көрсетуі мүмкін, негізінен, біз тұмсық биік өкше туфли аяқты ұзартады.

Қыз елдің көркі екенін ұмытпағайсыз!

Сурет: Нарбек Раис, ru.gde-fon.com

Оқи отырыңыз:

Костюмді қалай таңдаймыз?

Қысқы сән: қалың көйлек

Қысқы сән: Свитшот

Қысқы сән: қалың тоқымалар

Қысқы сән: жағалы жемпір

Қысқы сән: бас киімдер

Қысқы сән: сырылған пальто

Қысқы сән: парка күртесі

Ф. Абилова