Шри-Ланка – Үнді мұхитының жауһары

Шри-Ланка – Үнді мұхитының жауһары

Шри-Ланка – Үнді мұхитының жауһары. Көркем жағажайлары мен көз тартар табиғаты бар бұл мемлекет талайлардың жүрегін жаулап үлгерді. Туристер қауымы Шри-Ланкаға "қысқы демалысқа ең лайықты жер" деген атақ берген екен. Біз де бүгін көптің көңілінен шығып жүрген Шри-Ланкаға виртуалды саяхат жасап көрмекпіз. Ең, ең қызықты әрі ең таңдаулы деректер легімен таныса отырыңыз.

Шри-Ланканың ресми атауы – Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы.

"Шри-Ланка" сөзін біздің тілімізге аударғанда "Бата алған ел" деген мағынаны білдіреді.

Шри-Ланка 1948 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алғанымен, 1972 жылы ғана толыққанды республика атанады. Осы 24 жыл ішінде Шри-Ланка Цейлон аталып келді.

Шри-Ланка әлемде шәй экспорттау жөнінен бірінші орында тұрды. Бұл дегенің Шри-Ланка жағажайына демалысқа барып жақсы шәйді қайдан ішсем екен деп ойланбайсыз деген сөз. Атақты цейлон шәйінің отаны да дәл осы жер. Алайда, азаматтық соғыс кезінде, ел шәйді тасымалдау жөнінен көшбасшылықтан айырылып қалды. Қазіргі таңда төртінші орыннан ғана көрініп жүр.

Шри-Ланканың атағы каучук арқылы да шығып жүр. Мұнда ешбір жерде кездеспейтін каучук ормандары бар.

Шри-Ланкада 70 пайыз адам будда дінін ұстанады. Қалғаны ислам, индуизм, христиан діндерінде екен.

Шри-Ланкада Оңтүстік Азия университеттеріне дес бермейтін 11 сапалы университет бар.

Ел тұрғындары алғысты жымиыс арқылы білдіреді. Оларда күлкі – рақметтің ең үлкен түрі. Алайда, Шри-Ланкада артық күлуге тиым салынады. Себебі, бұл зина саналады екен.

Шри-Ланка халқының 92 пайызы сауатсыз келеді. Сөйте тұра, бұл Оңтүстік Азиядағы ең тәуір көрсеткіш саналады.

Сиримаво Бандаранаике – тарихтағы премьер-министр болған тұңғыш әйел.

Египеттіктер алғашқыда даршын мен дәмдеуіштерді Шри-Ланкадан тапқан.

Шри-Ланканың ресми тілі сингал, тамил тілдері саналады, алайда, ағылшын тілінің үстемдігі күн өткен сайын басым бола түсуде. Бұл ағылшын туристердің көп келетіндігімен байланысты. Негізгі халқы – сингалдар мен тамилдер, дегенмен, сингалдардың саны басымырақ.

Рупия – Шри-Ланканың басты валютасы.

Елдегі ауа температурасы жыл бойы 28-32 градусты көрсетіп тұрады.

Шри-Ланка әйелдері мен ерлерінің орташа өмір сүру жасы – 73-77 аралығында. Бұл дамыған мемлекеттердің өзінде қайталана бермейтін көрсеткіш.

Шри-Ланкадағы ең танымал тағам: карри дәмдеуіші қосылған күріш және көкөністерден жасалған гарнир. Ащы тағамдарды ұнатпасаңыз, қиналудың қажеті жоқ. Шри-Ланкада жұмсақ, тәтті каррилер де бар.

Туристер арасындағы ең танымал жерлер Кандидегі "Будда тісі" ғибадатханасы. Бұл жер ертеректе аралдың астанасы болған деседі.

1996 жылы Шри-Ланка крикет бойынша әлем кубогін ұтып алады. Сонан бері бұл ойын жергілікті тұрғындардың сүйікті спортына айналды.

Шри-Ланкада халық өте тығыз орналасқан. Мұндай аймақ үшін 25 миллион адам тым көп. Адамдар тауда да, орманда да өмір сүреді.

Шри-Ланкадағы көліктердің басым бөлігі жапондық екен. Кейбір адамдар көлік дөңгелегіне әуен шығаратын бұйымдарды қойып алады. Адамдар осы дауысты естіп, көшеге шығып, керекті тауарларын алады.

Шри-Ланкадағы поездар да, автобустар да есіктерін жаппай жүреді. Адамдар автобусқа жолдан секіріп мінеді. Жергілікті жолдарда 100 шақырымды 3-4 сағатта, тіпті, кейде 5 сағатта жүріп өтуге болады. Жолда көліктер үнемі бір-бірінен озып, айқайласып жатады, дабылдар тым көп басылады. Сөйте тұра, апаттар өте аз болып тұрады.

Тұрғындардың басым бөлігі мотоциклмен жүреді. Және 4-5 адамнан тұратын отбасы мүшелерінің барлығын сыйдырып алады. Сари киген әйелдердің мотоциклде жайлы отырғанын көріп таңғаласыз.

Шри-Ланканың 75 пайыз әйелі сари киіп жүреді. Кейбір әйелдер, мысалы ұстаздар, стюардессалар, банк қызметкерлері қаламаса да сари киіп жүруге міндетті екен.

Балабақша таңғы сағат 8.00-ден 11.00-ге дейін жұмыс істейді. Яғни, аналар тек 3 сағат қана демалады. Жалпы, әйелдердің көпшілігі жұмыс істемей, үй шаруасымен, балалармен айналысады. Орташа есеппен әрбір отбасында екі баладан бар. Ал осыдан жиырма жыл бұрын бұл көрсеткіш бес болған екен. Баланың аз туылатындығының себебі, әрбір қыздың соңынан жасауға үй беріп, көлік апару керек. Әйтпесе, қыздары «өтпейді». Сондықтан, адамдар отбасында қыз туыла салысымен, ақша жинауға кіріседі.

Шри-Ланкадағы ең басты мереке – үйлену тойы. Шара екі күнге созылады: бірінші күні келін дәстүрлі киім кисе, екінші күні қызыл сари киеді. Әйелдің әшекей бұйымының көп болғандығы байлығын көрсетеді.

Елдегі ажырасу көрсеткіші 1 пайыз ғана. Еркектер өмір бойы әйеліне жарты ақшасын төлейтінін, әйелдер ажырасқандардың екінші әйел болып қана тұрмыс құра алатындықтарын жақсы біледі.

Барлық отбасының басшысы – еркек. Олар әйелдерімен ақылдаса отырып шешім қабылдайды.

Шри-Ланкада бір піл 100 000 доллар тұрады. Шамамен үлкен бір үйдің бағасы десе де болады. Пілді тек сатып аласыз, бұрындары, оларды аулауға болатын. Қазір мұндай жолмен тек мысық пен күшік асырауға рұқсат беріледі.

Шри-Ланка адамдарының түстері суық болғанымен, өте мейірімді келеді. Және барлығы да жұмыс істегенді жақсы көреді. Олар ерте ұйықтайды, ерте тұрады. Таңғы сағат алтының өзінде ел шулап жатады екен. Сөйлескенді, қарым-қатынас жасағанды қатты ұнатады.

Халық әрбір жексенбі сайын жағалауға шығып, шаттанып, қуанысып ойындар ойнайды. Алайда, жергілікті әйелдер мұхитқа шомылмайды екен. Себебі, олар өздерінің денелерін көрсетуге дайын емес. Мұхитқа шомылғысы келсе, ешкім жоқ жерге барып, киіммен шомылады.

Адамдар бір-бірімен сөйлескенде үнемі бастарын изеп жатады. Бұл қимыл «иә» немесе «жоқ» дегенді білдірмейді.

Шри-Ланка тұрғындары ащы тағамдарды ұнатады және қызанақтарды мүлде жемейді. Бірақ, банандар өте көп өседі.

Қауіпсіздік шаралары: жуылмаған жемістерді жемеу, оларды қайнаған сумен және сабынмен жуу, суды краннан ішпеу, өзенге шомылмау.

Шри-Ланкада барлық нәрседен мангоның иісі шығады. Сусабыннан да, сабыннан да, жамылғылардан да, тіпті, мұхиттан да  манго иісі мүңкіп жатыр...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: 45stran.ru, life-in-travels.ru

Оқи отырыңыз:

Куба

Испания

Германия

Америка

Канада

Египет

Корея

Жапония

Дания

Бразилия 

Қытай

Жаңа Зеландия

Вьетнам – 1

Вьетнам – 2

Португалия

Грузия

Аустралия