Португалия – күлуді жақсы көретіндердің елі

Португалия – күлуді жақсы көретіндердің елі

Португалия – Пиреней жартылай аралының батысында орналасқан мемлекет. Ел абыр-сабыр адамдардан бір сәт алыстауға мүмкіндік беретін жағалаулық сызықтарымен және туризмнің ыстық нүктесіне айналған қалаларымен мақтана алады. Астанасы – Лиссабон. Оңтүстігінде және батысында Атлант мұхитымен шайылып жатыр, шығысында, солтүстігінде Испаниямен шектеседі. Халықтың 99 пайызын португалдықтар құрайды. Көп тілді мемлекет болғанымен, ресми тіл – португал тілі. Халық саны – 10,6 млн. Ресми валюта – еуро.

Виртуалды саяхат аясында Португалия және оның халқы туралы ең қызықты деректер легін оқи отырыңыз:

1. Португалия – Еуропаның ең батыс елі.

2. Халықтың жартысынан астамы екі ғана қалаға шоғырланған: бірі – Лиссабон, екіншісі – Порту.

3. Лиссабон – астана ғана емес, Португалияның ең алып қаласы. Қаладағы халық саны – 550 мың адам. Қала бүгінде әлем бойынша таңдаулы тұрмысқа жайлы қалалардың 25-қатарында тұр. Лиссабон Лондоннан, Парижден, тіпті Римнен де кәрі екен.

4. Португал тілінде әлем бойынша 232  миллион адам сөйлейді екен. Бұл тілі тағы басқа 9 елде ресми тіл саналады.

5. Қазіргі Еурокомиссияның президенті Жозе Мануэль Дуран Португалияның азаматы.

6. "Португалия" сөзі ең алғаш рет 868 жылдары айтылады. Бұл уақытта Пиреней аралынан маврларды босату үшін қызу соғыс жүріп жатқан болатын. Мемлекет Порту қаласының маңында құрылғандықтан, осындай атау берілді.

7. Білесіз бе, 1761 жылы Португалия әлемде тұңғыш болып құлдықтан бас тартқан екен. Бұл уақытта Испания да, Франция да, Ұлыбритания да, АҚШ-та ондай шешімді қабылдмаған.

8. Васко да Гамма аты берілген Еуропадағы ең ұзын көпір Португалия жерінде орналасқан. Ұзындығы – 17 185 метр.

9. Португалия 1986 жылдан бері Еуропалық Одақтың құрамында келеді.

10. 1290 жылы құрылған Коимбра Университеті Еуропадағы ең ескі оқу орындарының бірі.

11. Португаль саяхатшысы Фердинанд Магеллан тұңғыш рет жер шарына саяхат жасады.

12. Мемлекетте коррида кезінде бұқаны өлтіру қылмыс саналады.

13. Португалияда Еуропадағы ең көне шай компаниясы бар. Ол 1883 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Ал ең ескі кітап дүкені 1732 жылы ашылған.

14. Португалия шекарасы 1139 жылдан бері өзгертілмеген. Мұндай көрсеткіш Еуропада кездеспейді.

15. Португалиялықтардың өзіндік музыка стилі бар. Ол – Фаду. Португальдық гитарада орындалатын әуен адамды құлдырататын жоғарғы эмоциясымен, романтикалығымен ерекшеленеді.

Тыңдап көріңіз:

 

16. Елдегі ең танымал спорт түрі – футбол.

17. Ересек тұрғындар арасындағы сауаттылық 99%-ға жетіп отыр.

18. Португалдықтардың орташа өмір сүру жасы – 79,5 жас.

19. Португалдық отбасыларда матриархат патшалық құрған.

20. Еркектері өте қызба, күйгелек келеді және әйелдердің кемшіліктері мен артықшылықтары туралы әңгіме айтқанды ұнатады.

21. Португалдықтар өте шыдамды және биязы. Бірақ, не ойлайтынын бетке айтады. Және күлуді өте қатты жақсы көреді.

22. Португалияда тәрбиелілік пен жақсы этикет жоғары бағаланады. Жаман әдеттеріңіз болса сізбен ешкімнің араласпай қоюы мүмкін.

23. "Лента жағу" – ХІХ ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүр. Студенттер оқу бітірісімен басты алаңға барып ұзын ленталарды жағады. Бұл рәсімнің маңыздылығы соншылықты газеттердің басты беттеріне жазылады.

24. Португалдықтар достыққа келгенде өте талғампаз келеді, бірақ өте ашық, жайдарлы халық.

25. Португалдықтар бірінші сорпа, сонан кейін ет, күріш, теңіз өнімдерін жейді. Айтпақшы, елге жолыңыз түссе ас шаяндар мен балықты басымен жейтін адамдарды көріп таңғалмаңыз.

26. Білім сапасы аса жоғары емес. Базалық білім 6-15 жас аралығында беріледі. Мектептегі сабақ уақыты 9-17.00 аралығына белгіленген.

27. Әскерде қызмет ету міндетті емес. Алайда, барлығы да ұлттық қорғаныс туралы дәрістерді тыңдау керек.

28. Жол жүру ережесі өте қатал. Барлық жолаушылар қауіпсіздік белбеуін қолданады және 12 жастан кіші балаларын арнайы орындыққа отырғызады. Медициналық қызмет өте жоғарғы деңгейде дамыған.

29. Қылмыс деңгейі аса жоғары емес. Адам өлтіру аз болғанымен, ұрлық-қарлық кең етек алған.

30. Ең көрікті жерлері: Лиссабондағы Жеронимуш ғибадатханасы, Алмфама, Белен мұнарасы, Портудағы Клеригуш мұнарасы Серралвеш мұражайы, Каса да мусика, Дору өзенінің алқабы және т.б.

Оқи отырыңыз:

Испания

Германия

Америка

Канада

Египет

Корея

Жапония

Дания

Бразилия 

Қытай

Жаңа Зеландия

Вьетнам – 1

Вьетнам – 2

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com