- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Аустралия – құмар...
Аустралия – құмар ойындарының елі
Достар, Әлемтану айдарының бүгінгі виртуалды саяхаты Аустралия жеріне жасалады. Дәл қазір сіздермен осы бір таңғажайып әрі әлемдегі ең үлкен арал немесе ең кіші құрлық жайында қызықты деректермен бөліспекпіз. Алдымен мына бір тамаша видеоны көріп алуға кеңес береміз:
Аустралия оңтүстік жарты шарда орналасқандықтан, еуропалық және азиялық тұрғындар қысқы суықтан мезі болғанда аустралиялықтар жазғы жағажайларда күнге қыздырынып жатады.
Аустралия – барлық аймағын бір ғана мемлекет алып жатқан жалғыз құрлық.
Аустралия – әлемдегі өмір сүру деңгейі жоғары 10 мемлекеттің қатарына кіреді.
Аустралия – Жер ғаламшарындағы ең құрғақ жер. Оның үштен бір бөлігін шөлді аймақ алып жатыр. Солай бола тұрғанымен құрлықта Қарлы таулар бар. Бұл атау тауға швейцарлық Альпі тауларынан әлдеқайда көп қар түсетіндіктен берілген екен.
Барлық құрлықтармен салыстырғанда Аустралияда бірде-бір жанартау жоқ.
Жер бетіндегі ең улы жыландар Аустралияны мекен етеді (10-ның 6 түрі). Және әлемдегі ең қауіпті жылан – аустралиялық қатыгез жылан. Әсіресе, тайпан жыланының уынан бір мезгілде 100 адам өліп кете алады.
Ұзындығы бойынша, әлемдегі ең үлкен маржан рифі – Үлкен Барьер Рифі Аустралия жағалауында орналасқан. Рифтің ұзындығы – 2600 шақырым. Осы жерде пошта қызметі жұмыс істейді. Оған жеткен адам туған-туыстарына риф пішініндегі ашық хаттарды жолдай алады.
Аустралияны 40 000 жылдан бері адамдар мекен етіп келеді. Елдің аборигендері 300-ден астам тілде сөйлеген.
Аустралиялықтар – әлемдегі ең қызба (азартный) адамдар. Халықтың 80%-ы құмар ойындармен әуестенеді.
Аустралиядағы Налларбор шөліне әлемдегі ең ұзын тік жол салынған (ешбір бұрылыс жоқ). Оның ұзындығы – 146 шақырым.
Аустралия 6 штатқа бөлінген. Соның ішіндегі Тасмания штатындағы ауа ең таза болып есептеледі.
Ұлы Қытай қорғаны туралы әрбіріміз білеміз, алайда, аустралиялық Динго қақпасы туралы білетіндер қатары аз. Бұл қақпаның ұзындығы – 8500 шақырым. Ол Аустралияның бау-бақшалы аймағын қойлардан, қояндардан, динголардан (жабайы ит) сақтандыру үшін тұрығызылған екен.
Аустралияда сайлау мәселесіне қатты назар аударылады. Халықтық дауыс беру рәсіміне қатыспаған адам ақшалай түрде айыппұл төлейді.
Егер, аустралиялық ақша (пластиктен) жыртылып қалатын болса, оны пайдалана беруге болады. Мысалы, 10 доллар ақша жыртылса, әрбір бөлігін 5 доллардан қажетіңізге жарата аласыз.
Аустралия үйлері суық маусымға сай етіп ойластырылмаған. Қыс айларында, яғни, ауа температурасы +15 градусқа жеткенде, үй іші салқындай бастайды. Біздер қыстыгүні тастамайтын «угги» етіктер өз бастауын Аустралиядан алады. Олар мұны үй ішінде киеді екен.
Канберра Сидней және Мельбурн қалалары арасындағы қақтығыс нәтижесінде астана лауазымына ие болды. Бастапқыда халық соңғы аталған екі қаланың қайсысын таңдарын білмей әбігерге түседі. Нәтижесінде, екі қаланың қақ ортасындағы қала Канберра таңдалады.
Аустралиялықтар кенгуру етін өте жақсы жейді. Етті кез келген дүкеннен, мейрамханалардан ұшырастыра аласыздар. Бұл жерде кенгуру еті қой немесе сиыр етінен артық қойылады. Себебі, оның құрамындағы май 1-2 пайыздан аспайды екен.
Басқа елдермен салыстырғанда Аустралияда эмигранттар саны басым. Елдегі әрбір төртінші адам өзге елде туылған екен.
Тарихтағы ең үлкен футбол жеңісі Аустарлия құрамасына тиесілі. 2001 жылы құрама америкалық Самоаны 31:00 есебімен ойсырата жеңеді.
Аустарлияда халықтың орналасу тығыздығы өте төмен. Халықтың 60%-ы Аделаида, Брисбен, Сидней, Мельбурн, Перт қалаларында өмір сүреді.
Оңтүстік Аустралия аймағында Anna Creek Cattle Station деп аталатын үлкен ферма бар. Оның ұзындығы Бельгияның өзінен асып түседі.
Аустралиядағы адамдардан кейінгі ең көп жаратылыс – кенгуру. Ондағы кенгурулар кешкісін көшелерге, көлік астына түсіп қалып жатады. Мемлекетте олардың 100-ден астам түрі бар екен. Ал қойлар адамдардан екі есе, қояндар 16 есе көп.
Аустралия – КСРО мен АҚШ-тан кейінгі өзіндік ғарыштық серігін ұшырған үшінші мемлекет.
Аустралияда солжақтық қозғалыс қалыптасқан. Ондағы темекі бағасы – 10 AUD (8 USD). Барлық жерде темекі шегуге тиым салынған.
Аустралияда шарттық әскер жинақталған. Олар Ұлыбритания қатысқан барлық соғысқа қатысады.
Аустарлиялықтардың ұлттық ойыны крикет деп аталады. Ойын 10 мың адамдық стадиондарда ұйымдастырылады және кейде 4-5 күнге созылады.
Аустарлияда білім алғысы келетін студенттер назарына: мемлекетте оқу жеңілдіктері, шәкіртақылар жақсы қарастырылған және жоғарғы дәрежедегі тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Аустралия аймағының басым бөлігін ауылдық жерлер алып жатыр.
Аустралиядағы апталық орташа жалақы көлемі – 500 AUD. Олар оқығанды ұнатпайды. Көпшілігі құрылыс жұмыстарын құп көреді және мұндай жұмыс үшін аз ақша төленбейді.
Аустралияға келетін туристердің басым бөлігі Жапониядан екен. Барлық туристік ақпараттар жапон тіліне аударылған.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com, kiev.ko.slando.ua, gdegde.kz, loveopium.ru
Оқи отырыңыз: