Күнделік жазудың пайдасы мен зияны

Бәріміз де балалық шақтың тәтті дәмін татып көрдік, мектеп кемесіне мініп, білім теңізін кештік. Мектеп кезінде күнделік жазғансыз ба? Немесе қазір күнделік деген сырлас досыңыз бар ма? Күнделік жазған жұрыс деп ойлайсыз ба? Пайдасы мен зияны қандай? Осы орайда әңгіме өрбітейік! Күнделігіңізден үзінді жазып қойсаңыз тіптен керемет!

мен де күнделік жазамын. Көбіне қатты сезімге, ашуға немесе мұңға батып, біреуге немесе өзіме ренжігенде жазамын. Бір апта немесе бір ай өтіп, өзіме келгенде оқысам мен де оқып таң қаламын, немесе күлемін. жалпы басқаша көзбен қараймын. Күнделік бұл біздің ішкі дүниеміз, сезіміміз. Оның пайдасы мен зияны жазған ойларыңа байланысты емес пе?!
Күнделік жазғанмын...бұрындары....әрине,қызықты сәттерді,қайда барғаныңды,кіммен сөйлестің,кімге ренжідің,кіммен дос болдың......солай кете береді.Обшым,күнделікке бәрін қалдырмай жазып жүрдім....қазір қол тимей кетті,арасында алып оқысам,өз-өзіме күлкім келеді....
Естелік, өткен күнге есеп... Бірақ үйдегілер немесе тағы да біреулер оқып қойса, оййййй жаман...