Күнделік жазудың пайдасы мен зияны

Бәріміз де балалық шақтың тәтті дәмін татып көрдік, мектеп кемесіне мініп, білім теңізін кештік. Мектеп кезінде күнделік жазғансыз ба? Немесе қазір күнделік деген сырлас досыңыз бар ма? Күнделік жазған жұрыс деп ойлайсыз ба? Пайдасы мен зияны қандай? Осы орайда әңгіме өрбітейік! Күнделігіңізден үзінді жазып қойсаңыз тіптен керемет!

Өз өзіңмен сырласы. Бөлем жазады. Жалғыз өскендіктен болар, тұйық мінезді. Сырын көпшілікке айтпайтын. Барлығын күнделігіне түсіреді. Тіпті, не жегенін, не ішкенін айтады. Басында қызығып, мен де жазатынмын. Кіммен кездестім, не істедім, кімге не айттым деп. Бірақ, кейін ол қызығушылық жоғалды. Күнделік жазу дұрыс шығар. Білмеймін. Бейтараптылық :|
Жалпы, күнделік деген өте керемет дүние ғой. Алғаш рет күнделікті 6-сыныпты бітіріп, лагерьге барған кезімде жаздым. Сол кезде көрген қызықтарымды, әдемі жерлерден алған әсерлерімді қағаз бетіне түсірдім.. Бірақ үйге қайтып оралған соң, ол ұмыт болды, жақында шкафымның ішін ақтарып, бір нәрсе іздеп отырып, тауып алдым. Көрінбей бір түкпірінде қалыпты байғұс :( . Қолыма алып, ашып, оқыдым. Баяғы кезімдерім есіме түсті, бір түрлі қызық екен. Содан енді тағы да күнделік бастап, өз ойларымды, сезімдерімді жазып жүрмін. Әрине күнде емес, маңызды сәттерді.
Негізі күнделік дегеніміз естелік, адамның ең жақын досы деп ойлаймын. Мүмкіндік болса, оны жазып жүрген дұрыс. Ол өзімізге пайдалы болмаса, зиянды емес.
Айдана дұрыс айтады...күнделік адамды көп нәрсеге тәрбиелейді. Мысалы, бүгінгі жамандығынды ертең де жаза берсең жалығасын..сосын жақсы нәрсе жазу үшін, алдымен, жақсылық жасайсын. Солай емес пе?
Күнделіктерімді сақтаймын. Әсіресе, ғашық болғанда, күнделік айрылмас досым ))))) Осы күні қалып бара жатыр... Өмірге шынайы көзқараспен қарай бастаған секілдімін. )) Сондықтан көп қиялиланбауға тырысам ;)
Күнделігім бар еді 5-6 сыныпта, қазір қайда оны жазу... Уақыт жоқ. бірақ құптаймын, дұрыс жазған. Өзіңмен тілдесесің, өзіңді танисың...
Оны біреу оқып қойса одан жаман нәрсе жоқ!!!
Күнделікті 9-сыныпта жазуды бастағанмын, Қатты жақсы көретінмін сол күнделігімді, кейін тағы 1-2 күнделігім болды түрлі-түсті. Адам баласына айта алмайтын сырларымды соған жазатынмын, тілі жоқ! Кеңес бере алмайсың деп, лақтырып тастайтынмын да, қайта барып алатынмын. 1-2 ай болды жазбай кеттім:
Сіз Бақыт емессіз, түсінгем
Емессіз, әдемі мүсіннен
Барыңыз, кетіңіз келмеңіз!
...деп жатыр екенмін түсімде
Жақсыға жорыдым!
деп жазған екенмін соңғы рет
мен күнделікке ашуым қысқанда бар сөзімді төге саламын....кейінірек, таңғаламын..күнделік сені түсінетін сияқты
Айдана дұрыс айтады...күнделік адамды көп нәрсеге тәрбиелейді. Мысалы, бүгінгі жамандығынды ертең де жаза берсең жалығасын..сосын жақсы нәрсе жазу үшін, алдымен, жақсылық жасайсын. Солай емес пе?

дұрыс