Күнделік жазудың пайдасы мен зияны
Бәріміз де балалық шақтың тәтті дәмін татып көрдік, мектеп кемесіне мініп, білім теңізін кештік. Мектеп кезінде күнделік жазғансыз ба? Немесе қазір күнделік деген сырлас досыңыз бар ма? Күнделік жазған жұрыс деп ойлайсыз ба? Пайдасы мен зияны қандай? Осы орайда әңгіме өрбітейік! Күнделігіңізден үзінді жазып қойсаңыз тіптен керемет!
таңданам күнделікті үзбей жазатындарға, менің шыдамым жетпей ме...
иә, оған кейде уақыт та болмай кетеді ғой
Баяғыда әкем шаруашылық мақсатта күнделік жазатын. Соған қарап мен де жазатынмын.
Кейін студент болғанда "Мади, Құдайым ай, ақшаны дұрыстап жұмса" деп өз-өзіме жазып қойғанмын ғой. Соны менен үлкен бір жиенім көріп қойып қарқылдап күлген. Содан кейін күнделік дегенді жазбайтын болдым.