ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Ілия елді әлемге танытты, әні,
Көк туымыз Эксельде қалықтады
Ілияның бұл ғажап ерлігіне
бір серпіліп қалдығой халық дағы


қазақтың қоржынына түсті алтын
еңсеңді көтере бер енді халқым
Қазақтың қоржынына түсті алтын,
Еңсеңді көтере бер енді халқым.
Абыройың аспаннан аласармай,
Асқақтап аса берер мәңгі даңқың!

Қалмау үшін кей елдер көре алмай да,
Көз тимес үшін деп бір қола алмай ма? :)
Қалмау үшін кей елдер көре алмай да,
Көз тимес үшін деп бір қола алмай ма?
алса алар қоланы күмісті де,
қазақ үшін бастысы намыс жүлде

олимпиядаға түсіп жатқан өзге ұлттың нақ өзі
құрып қалды ма қазақтың қара көзі?
"салто салтош" олимпиядаға түсіп жатқан өзге ұлттың нақ өзі
құрып қалды ма қазақтың қара көзі?

Қазақ артқан сенімді ақтау үшін,
Атқа қонды әр ұлттың дарабозы.

Алтынын да, қоласын, күмісін де,
Сүйіншілеп жүрейік ел ішінде!
Алтынын да, қоласын, күмісін де,
Сүйіншілеп жүрейік ел ішінде!
Сүйіншіңді аяма, бер ағайын
Жеңіс деген қуаныш мен үшін де!

Әділбек пен шығады Серік дейді
Шаршы алаңға бір-біріне еріп дейді
Әділбек пен шығады Серік дейді
Шаршы алаңға бір-біріне еріп дейді
қазақтың осы екі жігіттері
алтыннан алқа тағып жеңсін мейлі

алтын алып жатқандар өзге ұлттар
қазақтың алмағанын кімдер құптар
алтын алып жатқандар өзге ұлттар
қазақтың алмағанын кімдер құптар

Алтын, күміс...
Вэл Баркердің алқасы бар!
Сейілді ғой көңілдегі ала бұлттар.

Әлемге мойындатты Қазақ жұртын,
Өзгертері сөзсіз енді қазақ құлқын...
Әлемге мойындатты Қазақ жұртын,
Өзгертері сөзсіз енді қазақ құлқын...
Лондондағы толағай жеңіспенен
майлайтын болды қазақ таза мұртын

Қазақтың жүріп едік тойын күтіп
Ішіміз пысып кетті ойын бітіп...
Қазақтың жүріп едік тойын күтіп
Ішіміз пысып кетті ойын бітіп...
Жеңістің рухы жетпей жүрген бізге,
Бұл Лондон жіберді ғой тойындыртып.

"Қазақстан алтын алды, қазақтар ше?"
осы ғой жанға батқан азап нәрсе....
"Қазақстан алтын алды, қазақтар ше?"
осы ғой жанға батқан азап нәрсе....