[] Отырмай мен жайымда, Шақырамын Қайымға Екі жолға екі жол, Ұйқас жауап дайында Екі жол жазып өзің де, Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)
степаның орыны тым болек кой
өмірді түбегейлі шешпесе де,
көңілді көтеруге бір көмек қой
Бермейтіні екен ғой жанға тыным...
Бермейтіні екен ғой жанға тыным...
Табатыным белгілі одан бақыт,
Қалатыны жүректе арда атының...
Оу, Алматы өзіңе ғашық екем,
Арман қала аты зор, заты бекем
Арман қала аты зор, заты бекем
Алла егер бұйыртса, Алматыда
Бақытыма белшемнен батып өтем
Бүгін мен ұйықтамай күтем үйде
олимпиада шыққанша тікелейге
олимпиада шыққанша тікелейге.
Еліміз аттандырған саңлақтарды,
жеңімпаз болады деп үкілейді ме...
Жүретіндей болдық қой ылғи аңыз,
Атақты аспандатты Зульфия қыз
Атақты аспандатты Зульфия қыз
Күн сайын алтын алып үйретті ғой
Бүгін де дәмеленіп қылқиямыз
Отырайық ерке қыз қайымдасып
Отырайық ерке қыз қайымдасып
Алла бүгін жол берсе үйге кетем
Келейінші ауылдың сайын басып
Өңірімде құлпырған гүл екем ғой
Түлкібасым сағынып жүр екен ғой
Түлкібасым сағынып жүр екен ғой
Туған жердің таңы да қымбат маған
Түні де тұнып тұрған жыр екен ғой.
Жаңа ғана тіркелген жайымды айттым,
Жайымды басқада емес ҚАЙЫМда айттым.
Жайымды басқада емес Қайымда айттым.
Көптен бері қызығып жүрген едім
Ғаламторда бар екеніне "ұлттық сайттың".
Массагетке кіргелі ойым бөлек,
Оқыдым талай қызық,керек дерек.