[] Отырмай мен жайымда, Шақырамын Қайымға Екі жолға екі жол, Ұйқас жауап дайында Екі жол жазып өзің де, Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)
Алматының қыздары қайың емес...
неге олай ойлайсыз, дегендей ғой
Барлық көше қалада Сайын емес
Осы сұрақ бермей тұр жанға тыным:
қай ағаш сонда қыздары АЛМАТЫНЫҢ?
қай ағаш сонда қыздары АЛМАТЫНЫҢ?
Алматының қыздары сәмбі талдай,
ұрттап алып тұратын арғы ақылың.
Көшеде жүреді ғой бәрі қалмай....
Көшеде жүреді ғой бәрі қалмай....
мұныңыз дұрыс енді, демексіз ғой:
Үйде отырса қалардай бағы жанбай
Дегендей барлық ағаш далада өсед
Үйде отырып сыртқа олар қарап өсед
Үйде отырып сыртқа олар қарап өсед
Бір жақсысы ауылға қарағанда,
Бұғып қалар бір жерде қалада өсек.
Жаздан да бір ай өтті. екі ай қалды
Дүние алма-кезек екі айналды...
Дүние алма-кезек екі айналды...
ертеңнің еншісі боп өткен күндер
енді қанша қуса да, жете алмайды.
Көл жасай алдыңыз ба көп түкіріп,
Сіз де ертең кетесіз төрт бітіріп...
Сіз де ертең кетесіз төрт бітіріп...
Төрт бітіріп кетсем де ертең мен де,
Артымда қалады ғой көп түкірік...
Қыздары қалады ғой общаганың,
Осы болар шабыттан ақсағаным...
Осы болар шабыттан ақсағаным...
ал мен болсам тағы да бір жыл оқып
Перваштарды тағы да қарсы аламын
Артымызда қол бұлғап неше күздер,
"балмұздақ" боп жүруші кеше біздер
"балмұздақ" боп жүруші-ек кеше біздер.
Арпа ішіндегі бір бидай болып алып,
қыздармен бірге жүрдік өсек іздер..
Біздің қыздар шетінен бірбеткей-ді,
бірбеткейге, айтыңдарш, кім беттейді?!
бірбеткейге, айтыңдарш, кім беттейді?!
мінезін байқатпастан қағып алар
бірбеткейге тек батыл ұл беттейді
мен мін таға алмаспын дүниеде
филфактың ұлдарынының біріне де