ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Бір сұрақ қояйыншы салмағы бар,
Бұл күні кімнің қандай арманы бар?

Бар арманым ата-ана сүтін ақтап,
Болғым келед әулие адам, әруағы бар
Болмағансоң әділдік пен қорғаны
Алаш елі болашақтан қорқады
Болмағансоң әділдік пен қорғаны
Алаш елі болашақтан қорқады

Сол әділдік болған емес ешқашан
Біздер үшін өмір сүрмес ол тағы
Нөсерін төпелетіп көк те сынар,
Алматының біздерге өкпесі бар?
Нөсерін төпелетіп көк те сынар,
Алматының біздерге өкпесі бар?

Үлкен жара жасап жатқан адамдарға
Қарап тұрып, тіл қатпай көпке шыдар
Қирады-ау Алматының тас терегі
Соны ойласам көзіме жас келеді
Қирады-ау Алматының тас терегі
Соны ойласам көзіме жас келеді

Алатау - өкпелеген бай тоқалы
Сұлу боп айна алдында қас кереді
Келеді енді менің жылай түскім
Қыздары қайда кетті бұл айтыстың
Келеді енді менің жылай түскім
Қыздары қайда кетті бұл айтыстың

Шынымен-ақ көрінбейді батыр қыздар
Сәні кірмей, қызықсыз болып кетті айтыс тым
Сырдың қызы қайдасын сен,келсейші
Қайым айтыс жылдан жылға көркейші