ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Көктемде қажып кеттім, ауру таптым
келеді сондай кезде ауыл тартқым?

сырқаттанып жүргенде жазда келді
енді ауырмай бәрі жақсы болар бәлкім
Көкпар өтіп жатқандай тай жылқысыз,
сұрамаппын, сіз өзі қай жылғысыз
Көкпар өтіп жатқандай тай жылқысыз,
сұрамаппын, сіз өзі қай жылғысыз

Сұрасаңыз ер жігіт жасындамын,
Қайым айтыс мәні жоқ дос-құрбысыз.
Бұл сайтқа ағайын бүгін келдім
арынын көрсетпекке білімді ердің
Бұл сайтқа ағайын бүгін келдім
арынын көрсетпекке білімді ердің

бул сайтқа тағы ақын қосылды деп
танысқанға қуанып кулімдедім
Заман осы ойдағыдай болмайды ма?
Ақындар аз көңілің толмайды ма?
Заман осы ойдағыдай болмайды ма?
Ақындар аз көңілің толмайды ма?

Шүкір, заман ойдағыдай болып жатыр,
Ақындар да аз емес толып жатыр!
Массагет ақын іздеп шолып жатыр
Не дегенмен қыз ақындар солып жатыр
Массагет ақын іздеп шолып жатыр
Не дегенмен қыз ақындар солып жатыр

Көпке топырақ шашудың қажеті не?
Шын іздесең табылады бәрі де!
Тұз қосып тамаққа дәм беретін
Дұрыс сөз айт сөзіңе мән беретін