ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Қандай атау береміз бұл қоғамға,
Бұғауы алынбаған құл-қоғам ба?!
құл-қоғамда үлесті қосайық біз
аз болса да бұлақ боп жыр-тоғанға

талайлар тар тұсаудан айықты мың
Құлдықтан шыға алмасақ айыпты кім?
талайлар тар тұсаудан айықты мың
Құлдықтан шыға алмасақ айыпты кім?
халық дер ем, себебі тағдыры әркез,
теңіздің еркінде ғой қайықтының...!

өткенде орын алып жағымсыз фактор,
еске түсіп сол бүгін жаным сыздап тұр!
өткенде орын алып жағымсыз фактор,
еске түсіп сол бүгін жаным сыздап тұр!
Шөкенов шөгіп кеткен бүгіндері,
Дарын деген бұл жігіт жалынсыз қап тұр.

Талай қыз бүгін сені әнім десе,
Жалынсыз болып дарын кеше...
Талай қыз бүгін сені әнім десе,
Жалынсыз болып дарын кеше...
Cөзіңнің шынымды айтсам түсінбедім,
Қайталай оқысам да мәнін неше!

айтар сөзді санаңда сараптаптап алғын,
түсірместен алдымен параққа малғұн!
айтар сөзді санаңда сараптаптап алғын,
түсірместен алдымен параққа малғұн!
"сараптаптап" алғанмын сенсіз де мен,
Құлы болмай шықтын ғой жаратқан ардың

"Малғұн" деп айтқанмен мен төзімді...,
"Малмың" десең болады енді өзіңді...
"Малғұн" деп айтқанмен мен төзімді...,
"Малмың" десең болады енді өзіңді...
Мен ерік бермес едім мұндай іске
Дұрыстап саптағанда сен сөзіңді.

Жарайды артық кетсем айып қылма,
Іреніш бұйырмайды байыпты ұлға!
Жарайды артық кетсем айып қылма,
Іреніш бұйырмайды байыпты ұлға!
Абайсызда орынсыз айтып аға
Дөрекілік мінезден айықты ма?

Жүрейікші ағамыз да, ініміз
тиіспей-ақ бірімізге біріміз
Жүрейікші ағамыз да, ініміз
тиіспей-ақ бірімізге біріміз
адам жанын қуанышқа бөледі,
келісімге бұл шақырған түріңіз.

Естіліп Сарыарқаның думанды үні,
Болып жатыр Астана туған күні!
Естіліп Сарыарқаның думанды үні,
Болып жатыр Астана туған күні
Еуразияның төсінде шалқып жатқан,
Елбасының танытқан сындарлығы...

Қазақтың тәй-тәй басқан Астанасы,
Жастардың болып кетті бас қаласы...
Қазақтың тәй-тәй басқан Астанасы,
Жастардың болып кетті бас қаласы...
Жастарым барған кезде саған сеніп,
Көңілін бала-жырдың жасқамашы.

Қамы үшін қара қазан, сары баланың,
Төсінде жатқан бүгін сар даланың