ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

арнамыздан артық асып тасытпай
өмір бәрін үйретуде асықпай
Оның бәрін үйреніп біз болғанша,
Елімізде байлық қалмас қасықтай

Билігің ештеңеден қаймықпайды,
Тауысып болды елдегі байлықтарды
Билігің ештеңеден қаймықпайды,
Тауысып болды елдегі байлықтарды
Қара халық жетіспей айлықтары,
Байлардың шашылып жүр шайлықтары.

Біреуге өлім болса,
біреуге ойын...
Көремін қазағымның қашан тойын?
Біреуге өлім болса,
біреуге ойын...
Көремін қазағымның қашан тойын?

Сол баяғы құрғақ сөз, солғын үндер...
Дей алмаспын биліктің түзер бойын.

Айқайлап, даурығамыз өзек жарып,
Тыңдайтын билік жоқ қой құлақ салып.
Айқайлап, даурығамыз өзек жарып,
Тыңдайтын билік жоқ қой құлақ салып.
Ол рас тыңдары жоқ құлақ салып,
Баралық сол билікке сауын айтып.

Жүрегім ауырады маза қашып,
Мәселені айтайық анық ашып.
Жүрегім ауырады маза қашып,
Мәселені айтайық анық ашып.
Мәселені жаз мейлі, жазба мейлі,
Бәрібір жүргенім бар қарным ашып.

Басынан шіріп кеткен балықтарды,
Ауыстырмай түзелмес халық қамы
Басынан шіріп кеткен балықтарды,
Ауыстырмай түзелмес халық қамы
Барлық бәле балықтың басындама,
Сасыған сол балыққа жақындама...
Балықтың бар қорқары халық ғана,
Халықты балық аулар ауға сана...
Балықтың бар қорқары халық ғана,
Халықты балық аулар ауға сана...
Сол аудың жыртық болып әрбір жері,
Жамауға келмей тұр-ау қасақана.

Жыртық торға түсе ме үлкен балық,
Көлдің жақсы жерлерін қалған алып
Жыртық торға түсе ме үлкен балық,
Көлдің жақсы жерлерін қалған алып.
Асықпасаң түседі жайын, лақа...
Азірге тұтқын торға бақа ғана.

Ауыңда әудем жардай қайыр болса,
Акулада түседі кеп ауыңа....
Уа, жаппар Алла!
Ауыңда әудем жардай қайыр болса,
Акулада түседі кеп ауыңа....
Уа, жаппар Алла!
Мына жерден бір ұйқас тауып берші,
Өлеңді түсінетін жайың болса :roll:

Массагеттің қайымшыл халқы қайда?
Қайымды дүркіретер салты қайда?
Массагеттің қайымшыл халқы қайда?
Қайымды дүркіретер салты қайда?[/quote]

ең басы ірі болып басталғанмен
болып кетіп жүрмесін арты майда


көңіл-күйім тамаша қазір менің
біраз коментарийде әзілдедім :D