ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Қызды ғой айтыс форумда
Түгенделіп бар-жоғым да
Ақтарып менде отырмын,
Ішіме тұнған сырымды.

Аманатап айтайық,
Келер күнге келелі
Аманатап айтайық,
Келер күнге келелі
Бәрі түбі болар деп,
Оған кәміл сенемін.

Қазақшыланса бар бақша, мектеп-үйіміз,
Сонда ғана түзелер дейміз күйіміз
Қазақшыланса бар бақша, мектеп-үйіміз,
Сонда ғана түзелер дейміз күйіміз
Қазақ тілін бойтұмардай сақтасақ,
Осы болар елге берер сыйымыз :)

Дүйсенбінің дөңгелегі айналды
Жүрегіме тәтті естелік байланды :)
Дүйсенбінің дөңгелегі айналды
Жүрегіме тәтті естелік байланды
Байланғаны дұрыс ақ, сәтті сағым,
Өмір деген алдамшы білсең жаным.

Тәтті елесті қоялық есті алған,
Елдің жайын ойланар есі бар жан.
Дүйсенбінің дөңгелегі айналды
Жүрегіме тәтті естелік байланды
Байланғаны дұрыс ақ, сәтті сағым,
Өмір деген алдамшы білсең жаным.

Тәтті елесті қоялық есті алған,
Елдің жайын ойланар есі бар жан.

сіздей жаннан айналдым мұндай шақта
ұмытпастан ел жайын есіне алған

қуамын деп сергелдең сезімдерді
елді ұмытқан жандарды көзім көрді
Қуамын деп сергелдең сезімдерді
Елді ұмытқан жандарды көзім көрді
Елді ойлап неғылсын, патшағарлар,
Қалта толса болды ғой өзінде енді.

Халықтың арқасында жүр екенін,,
Білмей ме, байлық қолдың кірі екенін
Халықтың арқасында жүр екенін,,
Білмей ме, байлық қолдың кірі екенін
Білмейді ғой залымдар елдің мұңын,
Қастер тұтып жүр қазір қолдың кірін.

Бұл тірлікте есепші Ары ғана,
О дүниеде есепші жалғыз Алла .
Бұл тірлікте есепші Ары ғана,
О дүниеде есепші жалғыз Алла .
Алланың құлымыз ғой бәріміз де,
Қанағат болу керек барына да

Жақсылық жасап кетсе бәрі шындап,
Атағы қалар еді-ау тарихымда
Жақсылық жасап кетсе бәрі шындап,
Атағы қалар еді-ау тарихымда
Жақсының аты өлмес қайыр қылса,
Ізгілікте қайырлы іс ниет болса.

Құдайына қайырсыз байдың бәрі,
теріс ағып барады өмір заңы.
Құдайына қайырсыз байдың бәрі,
теріс ағып барады өмір заңы.
"қашанғы таусылмасын байдың наны"
деп маған өмір ылғи көп ұрсады.


арнамыздан артық асып тасытпай
өмір бәрін үйретуде асықпай