[] Отырмай мен жайымда, Шақырамын Қайымға Екі жолға екі жол, Ұйқас жауап дайында Екі жол жазып өзің де, Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)
Қаларсың байқап мені сол бір жақтан
Жаңа ғана іздеп сені жатыр едік,
Көп іздемей, болыпсың ғой атыңды тапқан
Қай ауылдан келген сен қонақ едің,
Біздерде Аты-жөнсіз болмап еді?
Ал сөйле Шахмұратым Айтбайұлы
Сөйлесін Шахмұратың айтбай ұлы,
Мен едім жаратқанның сүйген құлы.
Көлденең көк аттыдай құтсыз келдің,
Айтысқа сұлу ертпей жұпсыз келдің!
Айтысқа сұлу ертпей жұпсыз келдің!
Бұл жерге жұптың қандай қажеті бар,
Шабытым екеуге тұрар түпсіз еді.
Ю Геондай кәрістің суретімен,
Өзіңнің де жасырынып жүретінің не?
Өзіңнің де жасырынып жүретінің не?
Жасырынып жүрмедім жат жанардан,
Жай ғана ұнаған соң қойғаным бар.
КОММУНИСТ екендігін рас болса,
Менің саған қоятын сауалым бар.
Менің саған қоятын сауалым бар.
Ал қане қойғын, шырақ, сауалыңды,
Барынша берейін мен жауабымды
Қандай сұрақ мазалайды өзіңді,
Ұялмай-ақ айта бергін сөзіңді
Ұялмай-ақ айта бергін сөзіңді
Сан сауалдар мазалайды өзімді,
Олай болса тыңдағайсың сөзімді.
Егемен еліміздің хаттамасы,
Ата заң неге аяққа тапталады?
Ата заң неге аяққа тапталады?
Заңды сақтар билік те жоқтың қасы,
Олар ойламаса ол қалай сақталады?
Заңымыз тек қағаздың ғана жүзінде,
Тұрмайды билік ешқашан нық сөзінде
Тұрмайды билік ешқашан нық сөзінде
Тұрмасада өр билік өз сөзінде,
Кіріссін жалпы халық өз ісіне.
Қоғамды түрлентетін халық ғана,
білесің біздің қазақ тұнған дана!
білесің біздің қазақ тұнған дана!
Сол халықтың өзінде ешбір билік,
Отыр ғой осы күі болмай ғана
Бағы заманды біз жамандаймыз,
Ол кезде аздап тәуір болғандаймыз
Ол кезде аздап тәуір болғандаймыз
Түрленетін қашанда қоғам ғана,
Түрлентетін қоғамды адам ғана.
Іріп-шіріп барамыз күннен күнге,
Жүруге жүрек бармас айлы түнде.