Тұрам ба өзім жылап, көзім күліп,
Кедергі болды неге көзілдірік?
Алланың берген сиқы сондай болар,
Тартып сөйле,шырағым, өзіңді ұқ!
Молда деп тағы айттың байқаусызда,
Сәждеге алып ба едің өзің жығып,
Үстімдегі киімді айырмайтын,
Неғылған топас едің, өзің жігіт?!.
Сынды айттым, мінді айттым, жігіттердің,
Соларға қолпаштау боп еріп пе едің? Қазақтың баласы мен Құлтайға айттым,
Енді саған айтуға ерік бердің.
Қыз деген, әпке деген Мейіргүлдің,
Көрсеттің міне сенен зеріккенін.
Қыз көңілі өзіңнен ақсап қалды,
Айта-айта әпкең сенен шаршап қалды
Қырсық шалған ініден шара болмай,
Шақыруда Қайыр, Ғани, Мақсаттарды.
Айтыс бұлай басталғанға кешір, Мейір,
Бәрі ұмытылсын, жазалық енді жақсылықтарды!
Жыр төгіліп айтыста
Көп әңгіме айтылды
Базынамды тағы бір
Ұмытыппын айтуды!
Айтқан әні әуезді,
Өрген жыры от болды
Еркебұлан төбесін
Бір көрсетіп, жоқ болды.
Жарасады шынымен
Өлең айтқан өзіңе
Еркебұлан, сен де енді
Ләм деп жібер сөзіме!
Жауап берсем берейін, сөз маржанын терейін.
Атымызға кір келтірмей, өзімді сынап көрейін.
Өлеңмен сөз өрейін, тіл мамандарына ерейін.
Жарысып айтыспасамда, Алаштың көтеріп мерейін.
Мына жерде жақсы айтыс болыпты, айнала жігітке толыпты.
Жалғыз қызды біреуі қолпаштап, ал біреуі арызбен торыпты.
Мейірлі гүлді, тікенекке де теңепті, інісі әпкесінің көңілін оңдырмай.
Фараби осы жерде ақын ең епті, көктемнің ызғары, қоймаған-ау тоңдырмай?
(асығыс жазылды, жазғырмаңыздар:))
Таңертең ерте тұрдым. Оу,Тамаша!
Көше аппақ сыртқа шығып қарасам,
Болмаған үсті-үстіне қар жауып тұр,
Ақ ұлпалар құлап жатыр таласа.
Алла нұры жапалақтап кеткені ме,
Атырауға бүгін келді көктем міне.
14-ші наурыз – Көрісу ғой,
Асыл мейрам бізге де жеткені ме,
Барлық үй қонақ күтіп, барын салып,
Жеңгелер жүр пісіріп бауырсағын
«Бір жасыңмен!», «Көп жаса, айналайын!»,-
Деген сөздер құлаққа жұғысар бір.
Бәрі ашық, әрбір үйдің есіктері,
Жиналмайды дастархан көптен бері.
Қуанып жаңа жылдың келгеніне,
Әжем де киген аппақ кимешегін.
Қыс та бітіп жер тірілді жаз болып,
Көп ұзамай көлге келер қаз қонып,
Қол алысып шүйіркелескен бір адам,
Балалар жүр тәттілерге мәз болып.
Өлеңім қылыш болсын қыршып салған,
Деп қоясың сен мені қырсық шалған.
"Топас" деп алжып қана отырсың-ау,
Қаусаған, кәрі жынды бір шықшы алдан.
Бата сұрап отырған мен де ақымақ,
Беріштен шыққан мынау қырсық шалдан.
Азаннан қойған атым Ардақ еді,
Асылық айтып, алысқа бармап едім,
Ныспымды жаттай алмай жүргендердің,
Өзгеше бір мүддешіл бар ма әлегі?
Әлдекімнің ермейтін жетегіне,
Біреуге асыл, біреуге арман едім...
Сөз ұқпасқа тағдырдың жолы бұрып,
Өткінші өкінішке қалды өренім,
Ақ бас шал ақыл айтып бата берер,
Бүгінде батылсыздау салды өнерін.
"Топас" деген батыстың былшылымен,
Былғауменен отыр ғой сәнді өлеңін,
Менің сөзім соңғы емес, солып қалар,
Исатайсыз Махамбет! Ал керегін!
Ренжітіп ап әпкесін
Ақталғанын қарашы.
Ойға қонар тұжырым
Таппағансың шамасы.
Өкпелеттің әпкеңді
Қисық сөзбен бұрын-ау.
Қою шәйің берер ем,
Лайық болсаң інім-ау!
Өзгеше өлең айтайық,
Айтыс деген шарпыста.
Сенен басқа бір жігіт
Жарамай ма айтысқа?
Жауабыңа жауабым
Осы сәтте дайын-ау.
Қалжыңыңмен өзгеше
Қайда жүрсің, Қайыр-ау?
Ұзын бойлы бір сері,
Өз ісіне бек бекем
Кейде алдап соғатын
Ғани қайда кетті екен?
Бәрің неден қорықтың?
Бұл айтысқа келмейсің...
Мақсат ақын, неліктен
Өлеңіңді өрмейсің?
Тіл еді ғой түйгенің,
Сөз еді ғой білгенің
Шықпай отыр масқара,
"Алаштықтар" үндерің!
Ұят болды мынауың,
Айтыс десе, дым демес
Массагеттің ерлері
Бәрі тегіс үндемес.
Тұяғындай тұлпардың
Қиығындай асылдың
Айтысуға мен міне,
Бар сабазды шақырдым!
Кедергі болды неге көзілдірік?
Алланың берген сиқы сондай болар,
Тартып сөйле,шырағым, өзіңді ұқ!
Молда деп тағы айттың байқаусызда,
Сәждеге алып ба едің өзің жығып,
Үстімдегі киімді айырмайтын,
Неғылған топас едің, өзің жігіт?!.
Сынды айттым, мінді айттым, жігіттердің,
Соларға қолпаштау боп еріп пе едің?
Қазақтың баласы мен Құлтайға айттым,
Енді саған айтуға ерік бердің.
Қыз деген, әпке деген Мейіргүлдің,
Көрсеттің міне сенен зеріккенін.
Қыз көңілі өзіңнен ақсап қалды,
Айта-айта әпкең сенен шаршап қалды
Қырсық шалған ініден шара болмай,
Шақыруда Қайыр, Ғани, Мақсаттарды.
Айтыс бұлай басталғанға кешір, Мейір,
Бәрі ұмытылсын, жазалық енді жақсылықтарды!
Көп әңгіме айтылды
Базынамды тағы бір
Ұмытыппын айтуды!
Айтқан әні әуезді,
Өрген жыры от болды
Еркебұлан төбесін
Бір көрсетіп, жоқ болды.
Жарасады шынымен
Өлең айтқан өзіңе
Еркебұлан, сен де енді
Ләм деп жібер сөзіме!
Жауап берсем берейін, сөз маржанын терейін.
Атымызға кір келтірмей, өзімді сынап көрейін.
Өлеңмен сөз өрейін, тіл мамандарына ерейін.
Жарысып айтыспасамда, Алаштың көтеріп мерейін.
Мына жерде жақсы айтыс болыпты, айнала жігітке толыпты.
Жалғыз қызды біреуі қолпаштап, ал біреуі арызбен торыпты.
Мейірлі гүлді, тікенекке де теңепті, інісі әпкесінің көңілін оңдырмай.
Фараби осы жерде ақын ең епті, көктемнің ызғары, қоймаған-ау тоңдырмай?
(асығыс жазылды, жазғырмаңыздар:))
Бұл ағама сеніппін.
Өлеңіңді арқырат,
Арлы ақыны Беріштің!
Ұлы күнде осындай,
Мейрам келіп қалыпты
Күн көзі де ашылды-ай
Жадыратып халықты.
Уа, Махамбет ағасы!
Жыр айтудан тынбайық
Жалпақ жатқан Ұлыстың
Ұлы күнін жырлайық...
Таңертең ерте тұрдым. Оу,Тамаша!
Көше аппақ сыртқа шығып қарасам,
Болмаған үсті-үстіне қар жауып тұр,
Ақ ұлпалар құлап жатыр таласа.
Алла нұры жапалақтап кеткені ме,
Атырауға бүгін келді көктем міне.
14-ші наурыз – Көрісу ғой,
Асыл мейрам бізге де жеткені ме,
Барлық үй қонақ күтіп, барын салып,
Жеңгелер жүр пісіріп бауырсағын
«Бір жасыңмен!», «Көп жаса, айналайын!»,-
Деген сөздер құлаққа жұғысар бір.
Бәрі ашық, әрбір үйдің есіктері,
Жиналмайды дастархан көптен бері.
Қуанып жаңа жылдың келгеніне,
Әжем де киген аппақ кимешегін.
Қыс та бітіп жер тірілді жаз болып,
Көп ұзамай көлге келер қаз қонып,
Қол алысып шүйіркелескен бір адам,
Балалар жүр тәттілерге мәз болып.
Өлеңім қылыш болсын қыршып салған,
Деп қоясың сен мені қырсық шалған.
"Топас" деп алжып қана отырсың-ау,
Қаусаған, кәрі жынды бір шықшы алдан.
Бата сұрап отырған мен де ақымақ,
Беріштен шыққан мынау қырсық шалдан.
Асылық айтып, алысқа бармап едім,
Ныспымды жаттай алмай жүргендердің,
Өзгеше бір мүддешіл бар ма әлегі?
Әлдекімнің ермейтін жетегіне,
Біреуге асыл, біреуге арман едім...
Сөз ұқпасқа тағдырдың жолы бұрып,
Өткінші өкінішке қалды өренім,
Ақ бас шал ақыл айтып бата берер,
Бүгінде батылсыздау салды өнерін.
"Топас" деген батыстың былшылымен,
Былғауменен отыр ғой сәнді өлеңін,
Менің сөзім соңғы емес, солып қалар,
Исатайсыз Махамбет! Ал керегін!
Үлкенге тіл тигізіп өкпектедің,
Бұл заманда өзгені сыйлау қалғаны ғой,
Ұрыс емес айтыс керек демеп пе едім...
Болды...
Жарар...
Бәрі ұмытылды, жазылып кеттіі жақсылықтар...