Әз Наурыз

Ұлыс басы болған соң Наурыз дедік,
Форумды бастадық қой жалғыз келіп.
Арманым болмас еді бұдан басқа,
Форумға жауап жазса бал-қыз келіп

Қантардан бастап жыл басын,
Наурызым қалды шалғайда.
Төрде өгей мейрам тұрғасын,
Бақыттың құсы самғайма.
Өзге әуен салған бүлдіршін,
Үніңді ертең жалғай ма.
САНТАНЫ күткен жас өрен,
Аяқтан бір күн шалмай ма...?
Осының бәрін айтатын,
Дуалы ауыз шал қайда?

Ұйқыға белден батқан ай,
Қалайша жылды бастамақ?
Өзгенің жырын жақтамай,
Осыны ойлан жас талап...
Науырыз нағыз жыл басы,
Құйып ал мұны басқа нақ,
Тимесе ертең пайдасы,
Кетпейді досым бас қанап!!!
Қантардан бастап жыл басын,
Наурызым қалды шалғайда.
Төрде өгей мейрам тұрғасын,
Бақыттың құсы самғайма.
Өзге әуен салған бүлдіршін,
Үніңді ертең жалғай ма.
САНТАНЫ күткен жас өрен,
Аяқтан бір күн шалмай ма...?
Осының бәрін айтатын,
Дуалы ауыз шал қайда?

Ұйқыға белден батқан ай,
Қалайша жылды бастамақ?
Өзгенің жырын жақтамай,
Осыны ойлан жас талап...
Науырыз нағыз жыл басы,
Құйып ал мұны басқа нақ,
Тимесе ертең пайдасы,
Кетпейді досым бас қанап!!!


Қарияларға тілді інім тигізбегін,
Ірткі сап елдін ішін бүлдірмегін
Бес саусақ біле білсең бірдей емес
Алжыған деп, бәрін оның тілдемегін

Қазақша қазақ болып сөйлегенің
Талдандап танауыңды көтергенін
Шалдардың арқасы емеспе еді
Алде сен аспаннан түскенбедін


Қазанға сұр еттен асып салмадыма
Көріскенде қолыңды сенін алмадыма?
Бата бердеп жаңа жылда барғаныңда
Қаңтар да келдеп сені қайтардыма? агигагим агигагим ай
Оу,
Ақылбек не деп кеттің, ақын аға,
Ағын аға өлеңге жақын аға.
Баурында өскен адам кәрі шалдың
Қаусаған қартты даттап, аһ ұра ма?

Ақсақал жоқ па әлде алқабыңда?
Дуасыз сөздеріңнен қорқамын да...
Наурызды аңсап жүрген ақсақалдың
Қайсысы бата берген қаңтарыңда?!

Оу,
Айтысқа әкеліңдер көктем лебін,
Куә болсын есті үнге көк пен жерің.
Қазына қарттарымда нелерің бар?!
Осы ма уа халайық, жеткен жерің?
АҚЫЛБЕККЕ:
Жыр елінде қос ақын екті ортақ үн,
Менде өзіңдей ұлымын текті ортаның.
Андағы жауабыңа қарап тұрсам,
Сөз қадірін білмей ме деп қорқамын...

Жыр-көлінде қауқарсыз қайықтайсың,
Торқын берген соққыдан айықпайсың...
Жығылған ақиқаттан аттап өтіп,
Сен неге мені келіп айыптайсың?

Өтіріктің індеті шалған бүгін,
Ақиқаттан аз екен алған жүгің.
Жалаң сөздің қорабын арқаламай,
Сөзімнің дәлелдегін жалғандығын!

Жаралғанбыз мен де,сен сүйек-еттен,
(Жылқыға арман жерлерге түйе жеткен).
Көзіме шұқып тұрып көрсеткейсің,
Осы жайды кім тілге тиек еткен..?
Салмақты ой айтқын зарламай
Дүбірлі айтыста осындай.
Жыр құрар қалың халайық
Отырсың нағып қосылмай.
...Ақылбек қашса жауаптан,
Шөкенов Дарын екеуміз,
Жауаптасайық тосылмай...
Уа, Дарын ақын жасындай
Желкенді сайдың тасындай
Алды-артыңа қарамай,
Сөйлегін нағыз асылдай...
Бұл дәурен басымыздан ауысардай,
Дәрменнен әліп кетсе алыса алмай.
Мамырдың "мама" кезі келсе дағы,
Наурыздың әңгімесін тауыса алмай...
Менің бүгін жыр-түймем ағытылды,
Ақылбектің деп білем жағы тынды...
Айтысайық десе егер Ұшқын сұлу
Онда солай бұрайын бағытымды.

Қалың қалай бөлшегі "қабырғамның",
Мен де өзіңдей құрсақтан табылғамын.
Шындық іздеп сандалып, сайын кезіп,
Өтіріктің уымен шағылғанмын...
Сол дертімнің жарасын емдер жанды,
Кең өлкемнен іздеумен сабылғанмын.
Сан ортада ащы сөз айтамын деп,
Аузымның тістерінен қағылғам мың...
Өзге ұлт емес тебетін өз елімде,
Енді ойлан жалған деп жабылған кім..?
Сонда да өгейсімей елім деумен,
Шындық атты бұлақ боп ағылғанмын...

Қайда оқисың, бойжеткен, көрікті қыз,
(Сіздерден дәмелі біз бөріктіміз.)
Тез танысып, ертерек қамданайық
Үсітпесін десеңіз өрік күз.. ;)
Пайымға бармайды ғой балаң ақыл,
Қайда барып соғармыз, қара да тұр.
Мамырдың әні-міні соңы келді,
Наурыздың жыры бітпей бара жатыр.