Әз Наурыз

Ұлыс басы болған соң Наурыз дедік,
Форумды бастадық қой жалғыз келіп.
Арманым болмас еді бұдан басқа,
Форумға жауап жазса бал-қыз келіп

Өлең сөзге болмайын ат үсті мен,
Біздерге Наурыз ұлттық нақыш, білем.
Қашанда бақытты боп жүрсін деумен,
Мерекемен құттықтайм батысты мен.
Өлеңмен бөлеп жүрсің күнде алапты,
Бұл жігіт жүрегіне жыр қалапты.
Қалайша үнсіз ғана тұра алайын,
Айтыссаң,береміз ғой бір жауапты.
Бұл көктем дей алмаймын ерте келді,
Батыс дейтін білемін тентек елді.
Құттықтап бүгін, міне, Мейрамгүлді,
Және де Қайра менен Ерке-лерді....
Сөз қадірін білетін батырмысың,
Ақын, әлде ақынға жақынбысың
Бөліп-жарып айттың ғой Батыстарды,
Көрісумен құттықтап отырмысың?

Өлкеге аттаныпсың Өлең деген,
Азаматсың елім деп елеңдеген,
Атымнан қателесіп "Мейрам" депсің,
Шаршаған секілдісің дегенменен.
Ашайын ішімдегі жан сарайды,
Қозғап бүгін отырсың қанша жайды.
Жігіт көрсе қыздар бәле іздейді,
Қыз көрсе жігіттер шаршамайды...

Отырсың қылып әсте сыйға міндет,
Бойыма талай нәрсе жиғанмын деп.
Мейіргүл деп айтқанмен мейірім жоқ,
Мейрам күні айтайын Мейрамгүл деп.
Фарабиге:

Айтам ба деп қорқамын артық ауыз
Бара алмай бір қалардай парқыңа біз,
кеше ғана бала едің...
Ал бүгін ше...
Алды даңғыл ақынсың, артың аңыз...

Килікті деп сөкпесін мұндағылар,
Киіктей боп қас сағым жырға құлар,
Қыз емес, ағаң келіп отыр екен,
Абай болғың, абай бол, сын тағылар!
Айтыста тапқыр жауап тапқан жақсы,
Сүлейдей сөз сойылын соққан жақсы
Бәрібір айыбың бар мойыныңда,
Әркімді өз атымен айтқан жақсы.
Оу,
Сейілтіп көңілдегі күдіктерді,
Сө айтайық жандырып үміттерді.
Массагеттің марғасқа ұрпақтары
Жырлайын массагеттік жігіттерді.

Мына біздің Фараны "аңыз!" деген
Кеудеден жыр, жүректен ән үзбеген
Келіп те қалыпты ғой Ардақ Құлтай
Жалпақ жұрттың бәрінен бәле іздеген!
Ардаққа:

Сөзін сөйлеп отырсыз білімдінің,
Білімдінің және де ілімдінің.
Ағасы сіздей болса бар қазақтың,
Інісі біздей болар бүгінгінің.

Көріп тұрсыз бүгінде отым басым,
Керек болса талайлар от ұрласын.
Менсінбей бала ғой деп отырғанда,
Баладан бәле шығып отырмасын.
Мейіргүлге:

Ой-хой-ой, сүйексіз ғой ауыз деген!
Айтыс емес, шықты ғой, жауыз өлең,
Сен айтқандай бәле емес, біле білсең,
Мен әркімнен әр күні ар іздегем!


Мен өзімнің ІНІМДІ аңыз көрем,
Ал сен сияқты жандардан шаң үзген ем,
Жала жабу – ҚР-ның кодексі ғой,
Енді сөйтсең үстіңнен арыз берем!