Әз Наурыз

Ұлыс басы болған соң Наурыз дедік,
Форумды бастадық қой жалғыз келіп.
Арманым болмас еді бұдан басқа,
Форумға жауап жазса бал-қыз келіп

Жоғарыда ұйқас жоқ деп көп жазасың,
Өзің де түсінбейсің сол арасын
«Дұрыс көрер руымен у ішпекті»-
Дегеніңді түсіндірші сен ағасы.

Не мағына, қандай ру, не сарнағың?
Ұйқас бар-ау, бірақ мән көре алмадым,
Бәле емес, шындық қуған қызылмын мен.
Бар ұйқасым осы, артық бере алмадым

Ақын болсаң танысқым келген дұрысында,
Қыз іздерлік отырғам жоқ танысу бұрышында
Не жазарыңды білмейсің бе, қайран достым,
Қазақ қазақпен танысқанның не бұрысы бар?
Шатып-бұтып отырмай бірді-бірге,
Айтысайық достықтың бірлігінде.
Наурыз күні айтысып, қалжыңдасып,
Қызық болған қазақтың тірлігінде.
Қазағым қалжыңқұмар халық еді,
Шек бар ма бүгінде ірілігінде.
Қалжың айтып бір сынап көріп едім,
Шамырқанып жібердің күнді күнге.
Жер де ортақ болғанда, ел де ортақ,
Өмір сүріп Азия кіндігінде.
Ел де ортақ болған соң, дос та ортақ,
Айдап салып қайтеміз кімді кімге.
қазақтың киелі бұл айтысының,
Жақсы сөздер қалсыншы түндігінде.

Ұрыстың аулақ деумен шырғалаңы,
Кеудеге Фараби кеп жыр қадады.
Айдан анық ақиқат айтылмаса,
Күннен сұлу қалайша күн толады.
Ал ендеше танысып отырайық,
Атыңыз бен затыңыз кім болады.
Міне-міне, енді айтыс келіседі,
Ойлап ем несіне жұрт керіседі,
Таныссақ танысайық, Фараби дос,
Шын атым әкем қойған -Мэлс еді,
Руымды сұрасаң-Кіші жүздің,
Жайық бойын қоныстанған Беріш еді.
Коммунис боп әкеміз талай жылдар,
Өлгенінше талайлармен керісіп еді.
Нағашым Адай болып тұрғандықтан,
Екі қан араласып шегіседі.
Ашуым қазір болса, қазір қайтар,
Қалжыңды түсінбейтін не кісі едім?
Ал енді айтысалық жөнге келіп,
Алуан тақырыпты өңгерелік.
Бір қазақ болғаннан соң ашу басып,
Айтыста бір-бірімізге тең келелік,
Өзің де бар жөніңді айта отыр,
Руың, туған жерің, қай жерден едік?
Басын шалған бүгінде дара күйдің,
Бір перзенті боламын балалы үйдің.
Тұмар мойын ат мініп, жауға шапқан,
Тұманбайдың шәкірті - Фарабимін.
Тұмар мойын ат мініп, жауға шапқан,
Тұманбайдың шәкірті - Фарабисің.
Балалық пен бойына тәлім еткен,
Қазақылық қант сіңген жиде исін.

Ауылдан аулақ өскен шала қазақ,
Қазақи құндылықты қайдан білсін.
Ана тілін білмейтін қазақтардың,
Жалғанда жақ ашпастай тілі күйсін.
Руыңды, тегіңді сұрап едім,
Айтып кеттің ұстазым деп Тұманбайды,
Мекеніңді білгім кеп қыстап едім,
Айтпадың ғой және де тумаң жайлы.

Шәкірттері атақты ақындардың
Көп шығар қазағымда өмірдегі,
Сұрамап ем оны мен, мақұлдағын
Талай ақын шәкіртімін өзімде бір.
Батыр емен қолында қылышы бар,
Хан да емен бір елге ұлысы бар.
Жиырмасыншы ғасырдың перзентімін,
Тәтпіштеп ой айтумен жұмысы бар.

Жеткізбес арманыма жылан-қайғы-ай...
Барғым келед ар жаққа кінәм қалмай.
Ата емес, адамның ұлы болған,
Ақын болғым келеді Тұманбайдай..
пах шіркін :!:
Арналады деуші еді бата көпке,
Өлеңді жазар еді жата кеп те.
Қыстың соңғы қарындай жоғалды ғой,
Айтысар Аватар мен Махамбет те....
Арналады деуші еді бата көпке,
Өлеңді жазар еді жата кеп те.
Қыстың соңғы қарындай жоғалды ғой,
Айтысар Аватар мен Махамбет те....


Барлық нәрсе қолында бір алланың,
Қыстың соңғы қарындай жоғалғанмын,
Жаңа өмір басталып көктем келді,
Енді жырға дауыл боп ораламын,
Қызулықпен жанып кетсе ашу-оттар,
Өшірер жауын болып доғарамын...