Әз Наурыз

Ұлыс басы болған соң Наурыз дедік,
Форумды бастадық қой жалғыз келіп.
Арманым болмас еді бұдан басқа,
Форумға жауап жазса бал-қыз келіп

менің айтқан әрбір сөзім әдемі,ә...
Бөлшектеуге келмейтұғын фонема.
Махамбеттің барған жерін, білмесең,
"Я отправлю тебя на неба.........."
Фара бауыр, ұқпай жатсам кеш мені
Құм ішінде орыс көрмей өскенмін.
Ұқпай тұрмын жұмбағыңды орысша
Жөн болар еді қазақшалап шешкенің.

Оу, ақыным, жұмбағыңның кілтін аш
Білместігім көп-ау менің басым жас.
Махамбетті жіберетін "о" жаққа
Сенің атың емес пе екен "ЫҚЫЛЫС"

Нашар ақын арзан сөзді өреді
Өзіңе де, елге де жоқ берері.
Бұл бетіңмен шати берсең ағасы
Еркек деген атыңа сын келеді.
Ортаға сал тілдің "жырын", ел мұңын
Ақын болсаң өзық ойлы, өрелі.

Бұл балақай шатып-бұтып құрады өлең
Сендердей ақын емен, оны білем.
Білдірдім өз ойымды несі айып?
Даму деген сындардан тұрады екен.
Ағаның да болады білместігі
Білмесіңді кісіден,
болмаса
кішіден сұра деген.
Ақын боп топқа түстің Фара бауыр
Ал енді не сындарға шыда дер ем!

Біреуі өзің ашқан тақырыбың
Әз Наурыз? Ұқпадым, несі мұның?
Айтыста жаныр бар ма тап осындай?
Өзгертсең жөн болғандай оны бүгін.
Әркім кеп айтып жатқан бей-берекет
Атауы болу керек Еркін бұның!
Болмайын мен де саған күндес адам,
Сеніменен айтыспай күн кеше алам.
Махамбет жайлы сөз де айтыпсың-ау,
Біліп жүрсің дегендей білмес адам.
Бабамыздың сөзінен бәле іздеп,
Ықылыс күні-түн демей бүрге салған.
Қапысызда қармақты алдап салып,
Жабылып кеткен дейді бірнеше адам.
Бірақ та, Ықылас мен емеспін,
Айтыста болсам дағы күлмес ағаң.
Жарылып өлеңіңнен төгіп жібер,
Болысып отырайын бірге саған.
Болсын деп ініміздің жолы ылғи,
Болсын деп еліміздің іргесі аман.
Құдай-ау, не боп барад замана бұл?
Бұл жерде бала да жүр, дана да жүр.
Жабыла жармасардай балағына
Не болды арадағы ағаға бір?

Шетіңнен ағып тұрған ақын ба едің?
Қайда қалған дәстүрің, салтың сенің?
"Бас-басына би болған" өңшең қиқым
Арадағы ағаны "қатын"-дедің.
Бетпе-бет кездессеңдер бетіне оның
Тап солай айтар ма едің, қайтер едің???
Үлкеннің алдын кеспес бабам салған
Тозғаны ма қазақы дәстүрлерің?
Кәзір жастар көргенсіз деген сөздер
Сендерге қарап тұрсам, рас білемін.
Ақынбысың?
Ұлтыңның сөзін сөйле!
Ұлықта!
Тайсалмай айт кемшін жерін!
Бірақта дандайсыма артықпын деп
Түсірмеңдер қадірін жігіттердің!
Ұмытпаңдар қазақта "Болар елдің,
баласы бірін-бірін БАТЫР дерін"!!!


Қазақтың тұқияннан қай көші - бал?
Асығы елдің қашан бір тәйке тұрар.
Түрі де, тегі де жоқ, "Махамбетің"
Аға болмай шықса сен қайтесің ал?

Ах-о-о-о-о-о-оу, ай-ей-й-й-й!

Ол да кетті қатын деп,
Сен де кеттің қиқым деп,
Сенде қалды ақым көп,
Айтақтайтын итім көп!
Қалай бұлай айтасың,
Өзіңнің бір сиқың жоқ?
Мультфильмде баласың,
Келіп қапсың сыйқыр боп.
Жазбаған соң атыңды,
Көп ойлаймын, ұйқым жоқ.
Баласың-ау сен де бір,
Сөздеріңде шикің көп...
Беу, жігіттер жыртыспайық жағаны
Қадірлейік жасы үлкен ағаны!
Ағаларға көрсеткенің ертең-ақ
Сендердің де алдарыңнан шығады.
Соңымыздан еріп келер жас өркен
Біздердің де жағамыздан алады.
Оқып алып Массагетте жазғанды
Бұлардікі жөн екен деп ұғады.

Жөнді сөзге арсыз ғана таласар
Ақын жанға сөзге тоқтау жарасар.
Баласың деп, шаласың деп жүргендер
Құрдас екен бұрышынан қарасам.
Бір жас құрдас демеуші ме еді қазақта
Бала демей құрдас десек жарасар.

Біз баламыз Махамбеттің жанында
Арқалы ақын, қай кезде де бабында.
Танушы едім ол кісіні мен сырттай
Махамбеттің өрлігі бар қанында.
Виртуалды әлемдегі жандарды
Ардақ досым сол күйінде қабылда!

Ах-о-о-о-о-о-оу, ай-ей-й-й-й!

Мултиктегі баламын
Дей алмаймын данамын.
Еріп келер соңымнан
Кішіге қамқор ағамын.
Ата көрген ұл едім
Үлкенді силай аламын.
Қыз қызығар түрім жоқ
Фотомды қайтып саламын.
Қиып түсер қызыл тіл
Бес қаруым, жарағым.
Жалтақтамай тік сөйлер
Мінезім сондай баламын!
Отыр ғой ортамызға майдан түсіп,
Іні деп жүрген кезде, қайран, кішік.
Бәріміз көктем деумен жүрген кезде,
Аузымыз аққа жарып, айран ішіп.
Ата көрген ұл болсаң жөнмен сөйле,
Табылып бір-ақ жүрме айдан ұшып.
Майдан түсіп жүргенде майып болма,
Сондықтан ерте күннен сайлаң, күшік.
Суыртпақтап қайтесің, жөнге келсей..
Қымыз шықпас дегендей шайдан пісіп.
Құп алман мына жерде ұрыс салсаң
Соқтығып, ұсақ-түйек сөзге барсаң.
Жаңа жылда жаңа жыр жазбаймысың?
Көктем келіп аузыңды аққа малсаң?!
Суыртпақтап, жөнсіз сөз айтқаным жоқ
Қайтеді жазғанымды қайта шолсаң?!
Ендеше мен қояйын, сөзім шығын
Абайды күнде жеңген топтан болсаң! :!:
Болмай әсте тұрғанда қылық-тағы,
Ұмыт болсын дейінші, ұмыт бәрі.
Лайлап келіп, бәлені маған жауып,
Сөзді қозғап отырсам тұнықтағы.
Жарар енді, жақсы сөз айтайыншы,
Қамал алған адамдай қырықтағы.
Өздері үшін Абайды айдап салар,
Жаман екен жастардың қылықтары..
Күні кеше кіріп едім Массагетке,
Ойлап ем қызық болар жастар көпте.
Еш қызық көре алмай тұрғаным-ай,
Ұрыс пен жанжал көп-ақ осы бетте

Жақсы айтыс көре алмадым Массагеттен,
Тұрпайы еді мұнда жастар неткен?
Бүркіттей шүйілген бір қызыл көріп,
Таныспай-ақ алуда бәрі беттен.

Айтайын Фарабидей «нұр отанға»,
Тырнақшаның ішіндегі «братанға»
Коммунистпін, коммунисше айтысамын,
Шын айтыссаң қысылмай жүр ортаға!

Бәрің бір шеттеріңнен батылсың-ақ,
Бір шалды оқсаттық деп батырсынад.
Байыптап бар айтысты оқып шықтым.
Сөзде мән жоқ ылғи бір «ақынсымақ»

Әрине бұл айтылмас Мейіргүлге,
Тікенектің ортасында жүрген бейне,
Қаншама шақсаңыз да асыл гүлді,
Сындыра алмадыңдар оны мүлде.

Бұл форумда болмапты Айтыс беті,
Бастап оны ашыпты Махамбетің,
Қақпас шал деп оны да қуғандай боп,
Көрсетіпсің күтіп тұр деп айдың беті.

Сол Айға өзің барып көріп пе едің,
Андағылармен айтысып келіп пе едің?
Ұйқас болса болды деп, шумақ құрдың,
Ал мәніне сен көңіл бөліп пе едің?

Бет-жүзін көрмесем де Махамбеттің,
Білемін сыйлысы ол талай көптің,
Тырнағына да тұрмайтын сендейлердің,
Жіберген талай жырда ашып бетін.

Мына жерде шашылмасын текке «жырың»,
Айтысқың келсе «Мәссаған» деген бетке кіргін.
Сол жердің бетке ұстар ағасы ол,
Белсендісі сол « Ақындар мектебінің»

Ойламаңдар, ол жеңіліп қашты деп,
Түкке тұрғысыз балалардан састы деп,
Бостан-босқа сөзім шығын деген болар.
Боқмұрынмен қатырмайын басты деп.

Болса да сол Махамбет жерлес ақын,
Мен- Коммунист, өзімше –дербес ақын,
Жоғарыдағы бар жазғанды оқып шығып,
Болмады бір сын жазбай бермес қақым.

Ойлап-пішіп жазғаныңды қара деймін,
Мен –коммунист , менің ойым дара деймін,
Жарылсаң да бетіңе айтам тіке,
АҚТЫ АҚ , ҚАРАНЫ мен ҚАРА деймін...
Коммунис деген бүгін қуыс кепті...
Дұрыс көрер руымен у ішпекті.
Ұрысуға мен саған жарамаймын,
Айтысуға шақырғам ұлыс, көпті.
Танысайық дейтіндей қыз емеспін,
Жігіт болып жүрген соң жұмыс көп-ті.
Бәле қуған қып-қызыл жынды екенсің
Коммунистің қалмайтын туы іспетті...