Әз Наурыз

Ұлыс басы болған соң Наурыз дедік,
Форумды бастадық қой жалғыз келіп.
Арманым болмас еді бұдан басқа,
Форумға жауап жазса бал-қыз келіп

Махамбетке:

Бақыт силап талайға мерекем шын,
Ұрысуға кеп тұрсаң "ер" екенсің.
Қолына қамшы ұстап, сайтқа кірген,
Бүгінгінің көсесі сен екенсің?!
Махамбетке:

Көзі ашылмай бір сәтке халық тойдан,
Мен айнымай отырмын қалыпты ойдан.
Ақсақ қойдай маңырап түстен кейін,
Жалғыз сенсің ауылда қалып қойған.
Әуелі Барлық форум мүшелерін мына келген НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН құттықтаймын!!!

Фарабиге:

Ау, інім, соңғы кезде ағаңа көп тиісіп кеткен сияқты емессің бе?
Шынында да мына бөлімнің соңғы жазулары "Қайым айтыс" болып кеткенін көзің көрмей тұр ма?
Осы "Әз Наурыз" бөлімін өзің ашқан жоқ па едің?
Бірдеңе жазардың алдында әуелі ойланып алу керек. Қай жерде де ұрысты өзің бастайтының білінбей ме, інім...
Ай, ағасы не күтесін мына менен,
Ішімнен ағыл-тегіл шығады өлең.
Қалжыңдап отырмын ғой, сезбейсің-ау,
батыр болсаң бопсаға шыда деген.
Талай-талай көргенмін бопсаларды,
Талай ағаң жығып ед топта нарды,
Фараби енді жөнге келгендейсің,
Қалжыңды бұл ағаңыз хош алады,
Тек мында ескертіп ем бәріңізге,
Жөн болар Қайым сөзін қоспағаның

Жырлайық шаршы алаңда тілді, дінді,
Бүгінгі Науырыз той күнді енді,
Жырға қос жақсылықты елімдегі,
Айта отыр тірлігім мен бірлігімді,
Тек ақындар айта алар өткір тілмен,
Болса айт халқымдағы кемдігімді
Махамбет, қара сөзбен біраз шауып көріпсің. Біз де көрейік. Ескертіпсің, анау-мынау деп тағы айтыпсың. Енді айтшы: бірлігімді, кеңдігімді деген сөздер ұйқаса ма? Сенен басқаны сұрағам жоқ, осыған жауап берші.
КЕҢДІГІМДІ емес КЕМДІГІМДІ
АРДАҚҚА :

Мінші ме едің сен Ардақ, сыншы ма едің,
Айтысты түсінбейтін дүмше ме едің?
Қаттырақ жазуыма тура келді,
Бұл жерде қайта-қайта не қыршып едің.
Қатындардай әлде сен күндес пе едің,
Түсінбейтін мәнісін жыр-дестенің,
Өлеңге керек ұйқас пен бірге мазмұны да,
Шын керім болсаң соны сен білмес пе едің?
Өзіңнің қотырыңды қасый тұрып,
Басқалардың ұшығына күлмес едің.
Наурызға жаңа тақырып бастап едім,
Шын ақын болсаң ондайды бөлмес едің,
Жұртқа күлкі болғанды қойсаңшы енді.
Ақылым:
Жаза алмасаң бұл жерге келмеш дегім...
Бастап алып қайдағы құр сүреңді,
Мынау шалың тағы да бір шіренді,
Көрмес көз бе, қайдағы көре алмас па,
Түк ұқпайтын мақау ма ең, кімсің енді?

Мінші де емес, сыншы да болмағам мен,
Талай маған кінә артып, зарлағанмен,
Ел ағасы болатын жасқа кепсің,
Болмай шықтың, қайтейін, алдаған да өң...

Қатын депсің, ұйқасын сұрағанды,
Жауабын да бермепсің бірақ оңды,
Алмапсың ғой жарата жарты жырды,
Қайтесің тілді сонша бұрап енді?

Ұйқасым, мазмұным да сай, біле бер!
Отырмын оңалсын деп айтып өнер,
Қата бастың! Қылқынып қал осыдан,
Қатын да емессің ғой, қайтып өлер!

Қотырым – талғамымның деңгейі бек,
Көргенбіз күрек тілді сендейді көп,
Жұлдызбысың жарқ еткен массагетте,
Ойлап па едің жұлдызды сөнбейді деп?

«Бұл жерге келме» дейді, құтырды шал,
Құмалақтай кетірдің құтыңды бар
Жұртқа күлкі болыппын, айтуыңша!
Жөн ұқпайтын жұртыңа түкірдім, ал!
Өзіңнің қайта-қайта қара сөз жазғаның байқалмайды-ау, бала...

Қырсық бала,
Мында қара.
Түсінбейтін не еткенсің?
Қара сөзім,
Қайдан өзің
Көріп тұрған екенсің?

Айырмайтын қара сөз бен өлеңді,
Бұл балаға не айтайын мен енді

Жырды жалпы,
Топас қалпың
Ұқпайтын не пендесің,
Ұйқас сөзім,
Көрмес көзің.
Айтқың келед сенде сын.

Түзеп алғын өз-өзіңді дұрыстап,
Халық айтар: кім бұл жерде ұрысқақ.

Ұйқасың мықты,
«Ақын боп тіпті»,
Болсаң сен жазғын өлеңмен.
Бар өнеріңді,
Шын береріңді,
Сонда ғана көрер ем.

Мойындау дұрыс өзіңде болған қатеңді.
Іншегім, сосын айтпағын жұртқа «әттеңді»

Өз баста менен,
Сөз болған демен,
Мен емес бала ылайым,
Шығам деп жеке,
Болмағын теке,
Жыныңа сенің болайын!!!

Көндірте алмай ағасын дегеніне,
Шоттан бала таяқты жегені ме...