Әз Наурыз

Ұлыс басы болған соң Наурыз дедік,
Форумды бастадық қой жалғыз келіп.
Арманым болмас еді бұдан басқа,
Форумға жауап жазса бал-қыз келіп

Фараға отырсың ба ақыл айтып,
Бұл қыз да қоймады ғой атын айтып.
Бәріне көнер едім, бірақ-тағы,
Бір қатені айтайын бақырайтып.

Өлең десе бойыма бітеді ар,
Бұл жігіттің сізден де күтері бар.
Мейірімді бір гүлді көрген жоқпын,
Гүлдердің бәрінің де тікені бар.
Еркебұланға:

Жаңа бүршік атқан бір қауыз деп ем,
Сен де батыр екенсің жау іздеген,
Буынсыз шумақтарың әлсіздеу ме?
Келілеп берейін бе қарызға өлең?

Судьясы өлеңнің халық деген,
Бұл қыздың екінші аты халық па екен?
Қалып қалма жалғыз боп, Еркебұлан,
«Халқыңды» артыма ертіп алып кетем!
Бұл Фараби інішек,
Қалай-қалай сөйлейді?
Қыз - гүл деудің орнына,
Тікенекке теңейді.

Сөз қадірін білетін
Інішегім деуші едім.
Ішімдегі дертімді
Бөлісемін деуші едім.

Үздік десем, інімнің
Ой өрісі тар екен.
Менің емес, тіліңнің
Тікенегі бар екен...
Жиналып қапты Филфак балалары,
Қосылмай басқа ақындар даладағы.
Әлде, үйінен шығармай отыр ма екен,
"Шабыт" атты кермінез Аналары.
Тыныш, тыныш, сабыр бол, Құлтай ақын,
Не бопты сонша қызға бұртиятын,
Арамызда жалғыз өзі Нәзік гүл ғой,
Солдырмай болмас па қайта су құятын,
Жігіттер, ұсақтанып кеткенің бе?
Арыз жазып не бопты, бар ма ұятың?

Шарбаққа еніп кірді Әз-Науырыз,
Үлкен мәз, кіші де мәз, мәз бауырымыз,
Жамандықты ысырып тастап қыстан келген,
Жылылық кіріп, тірілгендей бар ауылымыз
Құтты болсын,достарым, Бір жасыңмен!
Саулық болсын, қыспен кетсін бар ауруыңыз!
Махамбет ол белгілі батыр алып,
Сөзің келмей тұрғаны атыңа нық,
Сөйтіп алып сайрайсың «сабыр бол» деп,
Жазасың-ау өлеңді қатып алып...
Махамбет ол белгілі батыр алып,
Сөзің келмей тұрғаны атыңа нық,
Сөйтіп алып сайрайсың «сабыр бол» деп,
Жазасың-ау өлеңді қатып алып...


Оқыдым, жазған мына шумағыңды,
Түсінбедім не айтып тұрғаныңды,
Ұйқасы келді екен деп, мән-жосықсыз,
Жазбасаңшы, көкем-ау, жырларыңды
Түсініксіз ұйқасың « қатып алып»
Алып едің оны қайдан сатып?
(Алдап сені бір ақынсымақ сатқан шығар,
Артынан күлген шығар жатып алып)
Мейіргүлге:

Қызықтар басымыздан өтер неше,
Қарыздар әзілменен өтелмесе...
Әпке болып қалайша жүр деймін-ау,
Інісінің әзілін көтермесе.

Тарихтан келтірейін әзірге мен,
Інілер әпкесіне әзілдеген.
Әпкесі де қалжыңнан аяқ тартпай,
Қою шайын ініге әзірлеген.
Сол салт бүгін ұмыт қалып барад,
Әпкелер түсінбейді қазір деген.
Түсінетін бір әпке бар деп жүрсем,
Ішіне қылық пенен наз үрлеген.
Тіліңде тікен бар деп ұрсып берді,
Түсіне алмайм бұл сөзді әзірге мен.
Әпкеме бір еркелеп қалғым кеп ед,
Әпкемде аз боп шықты қажыр деген.
Дәстүрдің жақсы еді болғаны бұл,
Өткен жоқтаймын ғой сазымменен.
Бір қыз-ақ бәрін аяқ-асты қылды,
Ұлтыма осы болар жазым деген.

Әпкелер де осындай болад екен,
Қарап тұрсам дүние шолақ екен.
Інілер әпкесіне еркелейді,
Әпкелер інісіне олақ екен.
Махамбетке:

Ішіңе отыр екен төзім кіріп,
Өзің жылап отырсың, өзің күліп.
"Сабыр, сабыр" -деп бізге қоясың-ау,
Монтиған молда құсап, көзің күліп.
Үстіндегі шапан да әдемі екен,
Шапанды алып па едің өзің біліп.
Бастай салып, бір жұмбақ жасырам деп,
Бастай салған жоқсың ба, өзің бүлік?!
Сен сияқты молданы талай көргем,
Танытқан талай жерде сөз үлгілік.
Бүгінгінің молдасы сен екенсің,
Көзіне тағып алған көзілдірік.
Махамбетке:

Ішіңе отыр екен төзім кіріп,
Өзің жылап отырсың, өзің күліп.
"Сабыр, сабыр" -деп бізге қоясың-ау,
Монтиған молда құсап, көзің күліп.
Үстіндегі шапан да әдемі екен,
Шапанды алып па едің өзің біліп.
Бастай салып, бір жұмбақ жасырам деп,
Бастай салған жоқсың ба, өзің бүлік?!
Сен сияқты молданы талай көргем,
Танытқан талай жерде сөз үлгілік.
Бүгінгінің молдасы сен екенсің,
Көзіне тағып алған көзілдірік.