Дулат Бабатайұлы шығармашылығының даралық, суреткерлік шеберлік қырларын сөз еткенде, оның тіл көркемдігін, сөз кестесін нысанаға аламыз. Сол арқылы ақынның алғыр ойын, жүйрік қиялын, талғампаздығы мен шешендігін қатар танытатын тіл көрнекілігін толық түсінеміз. Ақынның сөз қолданысындағы шеберлік қыры, тілдегі бар сөзді орынды пайдаланумен ғана емес, оларды бейнелік құрал ретінде алмастырып, ауыстырып жаңа, тың образдар тудыруынан айқын көрінеді.
Дулат Бабатайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «өсиетнама» 1880 жылы Қазан қаласында жарық көрген. Тәуелсіздік тұсында ғана Дулат Бабатайұлының шығармашылығы толық жинақталып, ақынның 200 жыл толуы қарсаңында бірнеше еңбектері жарыққа шыққан Дулат – жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Олай дейтін себебіміз өлең сөз арқылы насихат, дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам жалпы философиялық қозғалысты қозғаса, ал ақындық мектепте поэзиядағы нақтылық,сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге тоқталған. Көркем сөзді халыққа қызмет ететін қару деп ұғынған ақын өз шығармаларында заманының көкейкесті мәселелерін қозғайды. Ол өмір, тіршілік, тұрмыс, қоршаған орта, әлем жөнінде, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, алдамшы, жалған дүние турасында толық тебіренеді.
Дулат шығармаларының ішіндегі ең күрделісі «Еспембет» поэмасы. Оның әлеуметтік лирика, дидактикалық поэзияға ғана емес, сюжеттік шығармаларға да шебер екендігі көрсетеді. «Еспембет» - сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның көркемдік қасиеті де осы шағындығында. Көп сөзге салынбай, поэмада суреттелетін көп оқиғаны аз жолға сыйғызып көрсеткен. Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде «Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды. Поэманың сюжеті: жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың үйінде тәрбиеленеді.
Есейген соң нағашысының елінде жүруе арланып, ол өзінің туған жеріне кетуге рұқсат сұрайды.
Нағашысы Қосайдың ұсынған сыйлықтарынан бас тартып, тек Ақбөрте тайды беруін сұрайды.
Нағашы атасы Ер Қосай ақ батасын береді.
Атасының батасын алып, өзінің туған жеріне келгесін, ағайындары ұнатпай, онша елемейді.
Арада 3-4 жыл өткеннен кейін, тай Ақбөрте бесті болады. Сол елде болғаннан кейін әйгеге қосады.
Сол бәйгеден жалғыз өзі озып келеді де, оның бәйгесіне тігілген жүз тайлақты бес Сыбанның ұлына
Еспембет бөліп беріп,
Шақырып алып Еспембет
Ақтамберді қолбасын
Бес Сыбанның ұлына
Ортаға салды олжасын.
Жүз тайлақты есептеп
Біреуін де алмады.
Осы жолдардан-ақ өзінің ірілігін, мырзалығын көреміз. Осы оқиғадан кейін көзге түсіп, ауызға ілігеді.
Қаракерей Қабанбай, Байжігіт, Ақтамберді батырлар қалмаққа қарсы жасақ құрып, қол жиғанда, жас жігіт Еспембет те бірге аттанады. Қалмақпен шайқасқан жерде, ұрысқа алты жүз рет кіріп, талайды тұралатқан, тап сол күні жекпе-жекте қазақтан сегіз батырды бір өзі өлтірген қалмақтың батырына Еспембет жалғыз өзі қарсы шығып
Жетіп келіп Еспембет:
- Ақтамберді ер, - деді, -
Мен барамын сіз үшін,
Кезегіңді бер, - деді.
Жас санама, бас сана,
Қайратымды көр, - деді.
Ақтамберді қарт батыр
Қол жайып бата берген.
Тотан шығып жөнелді
Найзаға таққан шоқтай боп,
Ақбөрте кетті құнтиып
Садақтан тартқан оқтай боп,
Қанға сусап қалмақ тұр
Обатұғын оптай боп.
Еспембет келе сөйледі,
Ерлікке сай қайраты,
Қаруға сай амалы:
«Сен – қалмақтың қабаны.
Қарсыңа қалай жіберді
Қазақ саған баланы?
Қазақ сені қорлады,
Баладан төмен санады
Жігерің болса, қайраттан,
Баланы саған балады.
Ағаштан жұлып алмадай
Басыңды бала алады»[1;102],- деп қалмақтың намысан тиіп, ащы тілімен мұқата білді. Осы сөзден кейін Еспембетке жігерленіп, қалмақты қалайда жеңу керектігін ойластырды. Сол кезде қалмақтың батыры ашуланып, тістеніп, екі ұртына қан толып, шыдай алмай Еспембетпен қылыштасады. Қылыштары жарқ-жұрқ етіп, денелері қанға боялып, екі батырдың жекпе-жектегі ерлігін Қабанбай, Ақтамберді сынды бытырлар жандарын шүберекке түйіп, ел үшін туған ерім деп Еспембетті қолдайды. Иә, күрес үстінде жеңіліс пен жеңіс бар. Біреуі озып шығатыны шындық. Қазақтар мен қалмақтардың арасындағы күресте Еспембет өзінің батырлық ерлігін көрсетіп, қалмақ батырын өлтіріп, атын олжа етеді. Осыдан кейін рухтанған қазақ қолы жөпелдемеде шабуыл жасап, қалмақтарды жеңіп, еліне қайтады. Жасынан-ақ халқының жауына қару жасап қызмет етсем деген тілегі орындалады.
Бет бұрып тізгін тартқан жоқ
Жаудың мың мен санынан.
өле-өлгенше ел болды
Еспембеттің арманы.
өзімен бірге жасады
Астындағы тарланы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Еспембеттей ер қайда?
Еспембеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда? [1;103], -деп
Еспембеттің «батыр» деген даңққа жетуімен поэма аяқталады. Қай халықтың болсын адамның адамдық қасиетін көрсететін мінез - өз жері, өз елін сүю. Келешекте халқына тұлға боларлық батыр Еспембет те жастығына қарамастан аталық сөздер айтып, ақыл, парасатының жоғарылығын аңғартады. Эпостарда батырлыққа тән және бір шарт - өзіне серік боларлық атты өзі танып, тақымына басуы. Еспембет бұл сыннан да өтеді. Ақбөртені ол құлын кезінен танып, көзінен таса қылмаған.
Жігіттің батырлығын айқындайтын – оның ерлігі. Ерлік әр жерде емес, тар жерде көрінеді. «Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» жағдайларда, көпшілік үшін басын бәйгеге тігіп, өліміне бел байлап, қалың қолға жол ашады, жауды жеңуге мұрындық болады.
«Еспембет» поэмасы қалмақ батырының басын алуымен аяқталады. Бұл шығарма арқылы қазақтар мен қалмақтар арасындағы күресті байқаймыз.
Дулат Бабатайұлының екінші бір дастаны «Шаштараз». «Шаштараз» дастанның этикалық- философиялық мән-маңызы, ғибратты тәлімі, өнегелік қырлары ұланғайыр.
«Шаштараз» дастанында: дүниені уысынада ұстаған патшаның басында қос мүйіз болады. Оны жан баласы сезіп қойса, бақыты таяды екен. Патша тәжісін басынан ешқашан түсірмейді. Шашы өсіп, патшаның сиқын кетіреді. Сонда шаһардағы ең епті шаштаразды шақырып алып, сырын ашып айтады. Не сұрасаң бәрін беремін, қолдан келетін көмегін аямайтынын ашық айтады. Үй де, ділда да, жиһаз да, қызметшілеп де, саят құруға құс та, құралайды көзге ататын мерген де, құшағыңа сұлу қыз да беремін деп уәде етеді.
Дүнияда не қажет,
Керегіңнің бәрін ал –
Қызметкер – күң мен құл,
өлі жиһаз, тірі мал.
Алғыр құс, атқыш мерген бар,
Саясаттап сайран сал.
Ұнатып елден сұлу сүй,
Лебізі тәтті, шәрбәт – бал.
Бірақ саған үш түрлі
Қоятұғын шартым бар»[2;93],- деп былай дейді.
Біріншіден, басымдағы қос мүйізімінің барлығын құпия ұстайсың, екіншіден, басқаның шашын қимайсың, үшіншіден, аузыңнан шыққан сөзге ие боласың дейді. Шаштараз міндетін атқарады. Мүйізді көрген соң, есінен танады, іштей булығып айтқыс келеді. Бірде таң алдында, алакөбеде шаһардан шығып, ен далада етбетінен жатып, көрген-білгенін шыдай алмай ақыры қара жере сыбырлап қояды.
«Кеше күндіз патшаның
Шашын алып берді, - деп,
Қасиетті басынан
Қос мүйізін көрдім», - деп,
Жерге төсеп ауызын,
өзінен-өзі күбірлеп,
Мақтан тойын тойлайды
Кеудесінде дүбірлеп.
Мың қайтара айтқанда
Ортайды куде толғаны.
Сілесі қатып ұйықтады,
Естіген адам болмады»[2;95],-.
Ішіндегі бар сырын жерге айтып, жеңілдеп қалғанын сезеді. Бірақ, аузынан шыққан сөзі, топыраққа сіңеді, топыраққа сіңген сөзі жеті жыл жерде сақталып, шаштараз ішіндегі сөзін айтқаннан кейін сауық-сайран салып, айтқан сөзінің жерге сңіп кеткенін де білмейді. Күндер, айлар, жылдар өтеді. ол байлыққа кеңеліп, молшылықта өмір сүре бастайды. Патшаның ұсынған мол байлығына кеңеліп, өзіне лайықты жар таңдап бақытты ғұмыр кешіп жатады. Күндердің-күнінде өзен тасып, сырын төккен ойпаң жерге құрақ өсіп, шаштараздың лебізін құрақ судырлап, жел жыбырлап, жалпақ әлемге жайып жібереді. Осы бір мезетте жырау былайша баяндайды
...Көк құрақ басын иеді,
Жылы леп пен жылмақ жел
Бұраңдатып сүйеді,
Сылдырлатып ән салды..
Дүниеге хабар таралды,
Жел айтқанды ел айтып,
Патшаға хабар барады.
Қамыс айтты, жел айтты,
Ел айтқанда, шын айтты[2;97].
Серт пен сырға осалдық танытқаны үшін, шаштараздың басы алынады. «Ешкімді жамандама, қара жер де жеткізіп қояр» деген аталы сөздің мағынасы мен тағылымына жете түсінбегендігі ақыры түбіне жетеді. Екі елі аузыңа, төр елі қаққа сал деген қазақ мақалы бекерден-бекер айтылмаса керек. Дулат Бабатайұлының шығармалары қанық та айқын бояумен, өзгеше өрімдерімен, сан құбылған сөз сиқырларымен ерекшеленіп тұрады. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясында Дулат Бабатайұлы тұңғыш рет патша өкіметінің орталық езгі саясатының астарын ашып айтып, оның ел ішіндегі «жексұрыны, қанды ауыз ұлық болған, қазақтан шыққан кәпірдің» образын ашық суреттей білген.
Дулат – кестелі тілді, шешен ақын ғана емес, ХІХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясына жаңа форма, соны мазмұн әкелген жаңашыл қаламгер. Ол жазып та, айтып та шығарған.
Жалпы, Дулат Бабатайұлының ақындық мұрасы негізінен осы алуандас жанды, бейнелі образдық жүйесімен, нақышты, кестелі тілімен, терең мағыналылығымен, сыңғыр қаққан келісімімен ерекшеленеді.
Дулат шығармаларының ішіндегі ең күрделісі «Еспембет» поэмасы. Оның әлеуметтік лирика, дидактикалық поэзияға ғана емес, сюжеттік шығармаларға да шебер екендігі кӛрсетеді. «Еспембет» - сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның көркемдік қасиеті де осы шағындығында. Кӛп сӛзге салынбай, поэмада суреттелетін кӛп оқиғаны аз жолға сыйғызып кӛрсеткен. Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде «Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды. Поэманың сюжеті: жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың үйінде тәрбиеленеді. Есейген соң нағашысының елінде жүруе арланып, ол ӛзінің туған жеріне кетуге рұқсат сұрайды. Нағашысы Қосайдың ұсынған сыйлықтарынан бас тартып, тек Ақбӛрте тайды беруін сұрайды. Нағашы атасы Ер Қосай ақ батасын береді. Атасының батасын алып, ӛзінің туған жеріне келгесін, ағайындары ұнатпай, онша елемейді. Арада 3-4 жыл ӛткеннен кейін, тай Ақбӛрте бесті болады. Сол елде болғаннан кейін бәйгеге қосады. Сол бәйгеден жалғыз ӛзі озып келеді де, оның бәйгесіне тігілген жүз тайлақты бес Сыбанның ұлына Еспембет бөліп беріп,
Шақырып алып Еспембет
Ақтамберді қолбасын
Бес Сыбанның ұлына
Ортаға салды олжасын.
Жүз тайлақты есептеп
Біреуін де алмады.
Осы жолдардан-ақ өзінің ірілігін, мырзалығын көреміз. Осы оқиғадан кейін көзге түсіп, ауызға ілігеді. Қаракерей Қабанбай, Байжігіт, Ақтамберді батырлар қалмаққа қарсы жасақ құрып, қол жиғанда, жас жігіт Еспембет те бірге аттанады. Қалмақпен шайқасқан жерде, ұрысқа алты жүз рет кіріп, талайды тұралатқан, тап сол күні жекпе-жекте қазақтан сегіз батырды бір өзі өлтірген қалмақтың батырына Еспембет жалғыз ӛзі қарсы шығып
Жетіп келіп Еспембет:
- Ақтамберді ер, - деді,
- Мен барамын сіз үшін,
Кезегіңді бер, - деді.
Жас санама, бас сана,
Қайратымды көр, - деді.
Ақтамберді қарт батыр
Қол жайып бата берген.
Тотан шығып жөнелді
Найзаға таққан шоқтай боп,
Ақбөрте кетті құнтиып
Садақтан тартқан оқтай боп,
Қанға сусап қалмақ тұр
Обатұғын оптай боп.
Еспембет келе сөйледі,
Ерлікке сай қайраты,
Қаруға сай амалы:
«Сен – қалмақтың қабаны.
Қарсыңа қалай жіберді
Қазақ саған баланы?
Қазақ сені қорлады,
Баладан тӛмен санады
Жігерің болса, қайраттан,
Баланы саған балады.
Ағаштан жұлып алмадай
Басыңды бала алады»,-
деп қалмақтың намысан тиіп, ащы тілімен мұқата білді. Осы сөзден кейін Еспембетке жігерленіп, қалмақты қалайда жеңу керектігін ойластырды. Сол кезде қалмақтың батыры ашуланып, тістеніп, екі ұртына қан толып, шыдай алмай Еспембетпен қылыштасады. Қылыштары жарқ-жұрқ етіп, денелері қанға боялып, екі батырдың жекпе-жектегі ерлігін Қабанбай, Ақтамберді сынды бытырлар жандарын шүберекке түйіп, ел үшін туған ерім деп Еспембетті қолдайды. Иә, күрес үстінде жеңіліс пен жеңіс бар. Біреуі озып шығатыны шындық. Қазақтар мен қалмақтардың арасындағы күресте Еспембет ӛзінің батырлық ерлігін кӛрсетіп, қалмақ батырын ӛлтіріп, атын олжа етеді. Осыдан кейін рухтанған қазақ қолы жӛпелдемеде шабуыл жасап, қалмақтарды жеңіп, еліне қайтады. Жасынан-ақ халқының жауына қару жасап қызмет етсем деген тілегі орындалады.
Бет бұрып тізгін тартқан жоқ
Жаудың мың мен санынан.
Өле-өлгенше ел болды
Еспембеттің арманы.
Өзімен бірге жасады
Астындағы тарланы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Еспембеттей ер қайда?
Еспембеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда?,
-деп Еспембеттің «батыр» деген даңққа жетуімен поэма аяқталады. Қай халықтың болсын адамның адамдық қасиетін кӛрсететін мінез - өз жері, өз елін сүю. Келешекте халқына тұлға боларлық батыр Еспембет те жастығына қарамастан аталық сӛздер айтып, ақыл, парасатының жоғарылығын аңғартады. Эпостарда батырлыққа тән және бір шарт - өзіне серік боларлық атты өзі танып, тақымына басуы. Еспембет бұл сыннан да өтеді. Ақбөртені ол құлын кезінен танып, көзінен таса қылмаған. Жігіттің батырлығын айқындайтын – оның ерлігі. Ерлік әр жерде емес, тар жерде көрінеді. «Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» жағдайларда, кӛпшілік үшін басын бәйгеге тігіп, ӛліміне бел байлап, қалың қолға жол ашады, жауды жеңуге мұрындық болады. «Еспембет» поэмасы қалмақ батырының басын алуымен аяқталады. Бұл шығарма арқылы қазақтар мен қалмақтар арасындағы күресті байқаймыз.
№3 «Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың:
...Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды.
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дəәлелдеп жазыңыз.
«Ақындардың ақыны,
Айдын көлдей ақылы»,- деп Жамбыл айтқандай Сүйінбай Аронұлы
қазақтың аса көрнекті ақын жырауы.
Қаршадайынан қолына домбыра алып, өлеңді серік еткен жырау Сүйінбай Аронұлы
зорлық-зомбылыққа, əәділетсіздікке ұшыраған қара халықтың жақшысы болды.Би мен
бектің, атқа мінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырларымен естен
кетпестей етіп бетіне басып, абыройын жер жастандырған.Ел бірлігін оның тəәуелсіздігін,
сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлаған ақын.
ХІХ ғасырдың қазақ айтысыныі орталығы Жетісуға ауады.Осы уақытта айтыскер
ақындардың арасында Сүйінбайдың айтыскерлік қабілеті ерекше орынға ие
болады.Ұлыжазушы,ғұлама ғалым Мұхтар ƏӘуезов оны «айтыс өнерінің алтын дінгегі» деп
аса жоғары бағалады.
ХІХ ғасырдың орта шегінде қырғыз бен көрші қазақ үлкен аста бас қосады. Осы
үлкен жиында қазақ пен қырғыздың игі жақсыларынан атақты ақындары Сүйінбай мен
Қатағанды айтыстырады.Алдымен айтыста сөз бастаған Қатаған жыр нөсеріне төпелеп,
Сүйінбайды əәлсіретіп тастағандай əәсер қалдырады.Қатаған Сүйінбайға «Құдай
аңдап,қолыма өзің келіп түстің,менің қасымда сені ақын деп кім айтады?»-деп, айтыста өз
байлығын, ру – тайпаларын мақтап,мадақтап кетеді. «Қазақ» деп ол қапелімде іргелес
Жетісу елін ғана елестетіп қалған сияқты көрінеді.Бірақ тыңдаған Сүйінбай адуында
сөздерін паш етеді:
Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,-
дейді көңілді серпілісімен.Осы бес жол өлеңде айтыстың тағдырын шешкен нəәрсе анық та
образды түрде айтылған Қатаған көптігі мен байлығын айтам деп,сөзбен керілген
қақпанды басып, арандап қалады.Сөйтіп, аламан бəәйгелі,дүбірлі айтыста айқын
басымдылықпен Сүйінбай жеңеді.
Қорыта айтқанда, «Мақтаншақ бар ақылын мақтанумен тауысады»,-дегендей жетімнің
көзінше ата-ана жайлы,кедейдің жанында байлық жайлы,науқастың қасында денсаулық
жайлы сөз қозғама.
Сүйінбай Аронұлы белгілі қазақ ақындарының бірі. Ол 1822 жылы шілде айында Алматы облысы, Жамбыл ауданы Майтөбе жайлауында дүниеге келген. Ол кедей отбасынан шыққан. Сондықтан да балалық шағы жоқтық азабында өтеді. Шешесі ерте дүниеден өтеді.
Болашақ талант иесі өз бетімен ізденді. Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін түгел аралайды. Өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен,кейбірімен айтысқан.
Жетісу елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз санаған. Заманымыздың алып ақыны Жамбыл оны ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген. Сүйінбай қайтыс болғанда Үмбетәлі және бір топ ақын жоқтау өлеңдерін шығарған. Ақынның қолда бар шығармалары негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар. Бірінші саласына ақынның жиырма шақты толғау жырлары жатады. Бұларда қазақ батырларының ерліктерін жырлау, өмір сырлары, дүние әлем, бақ дәулет, талап талғам өзгерістерін талғау. Ақын ерлікті, жауға мейітімсіздікті әр тұста жырлап, жастарды батырлар үлгісінде тәрбиелейді. Ақын адам өмірінің әрбір кезеңдерін көрегендікпен бейнелейді. Сүйінбайдың айтыстары мен арнау өлеңдерінде сын, сықақ ретінде келетін мысқыл басым. Бірде Жалайыр елінде Бақтыбай деген халық қамын ойлаған ақын болады. Сүйінбай бір ұлан – асыр жиында өзіне өлеңмен сәлем беріп ізет көрсеткен Бақтыбайға кездеседі. Екеуінің көңіл көкжиегі астарлас келеді. Сондықтан Бақтабай Сүйінбайды сонша сыйлап, асқақ ақындығын бағалап, онымен айтыспайды. Осы екі ақын туралы Ш. Уәлиханов былай депті: «Мен Ұлы жүзде халықтың құрметіне бөленген екі ақынды білемін. Жиын – тойларда көп блатын олар көрінген қазақты мақтай бермейді. Халыққа қадірлі таңдамаларын ғана мақтайды. Ешкімге де құлдық ұрмайды. Қалтаның да қамын ойламайды. Жиындардағы айтыстарында ақындығымен, тапқырлығымен көзге түседі де, халықтың махаббатына бөленеді». Осы кездесуде Бақтыбай Сүйінбайды ардақ тұтып, оған тәнтілік сырын шертеді:
Салысып бай мен бекті мақтағаннан,
Айтысқан екі ақынға өнгені не?
Ел қамын, ердің қамын ойлайтұғын,
Бұл сөзім үлгі болысн зерделіге.
Шындығы Лұқпанша бір жасады,
Өзіңдей әз ағаны көргеніме – десе, Сүйінбай Бақтыбайды өзімен жаратылыс заты бір, толғанар мұңы бірн ақын деп қошеметтейді.
Албан, Суан, Дулат пен
Шапырашты, Жаныштар
Ақын дейді мені де.
Кем демейді Жалайыр
Бақтыбай ақын сені де…
Көн тартылса барады,
Қалыбына баяғы.
Әр нәрсенің заты бар,
Тартпай қоймас тегіне – деп Бақтыбай да өзі сияқты кедей жұртының ақыны екенін тұспалдап бағалайды. «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп М. Әуезов ардақтаған Сүйінбай халық қамын ойлаған демократ, шыншыл әрі сыршыл ақын блып танылады. Сондықтан Жамбылмен айтысқан байшыл ақын Құлмамбет «Болмаса аты шыққан Сүйінбайдың, басқаны қою керек жылы жауып» деп, Сүйінбайдан сескенетінін де сездіреді. Ал Жамбыл ақын болса:
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай – деп өзінің қадірменді ұстазын шәкірттік пейілмен мақтан етеді. Сүйінбай көп жерді аралаған, өмірді көп көрген парасатты ақын, Бақтыбаймен сырласуында:
Баспаған тағы жерім жоқ,
Мен бармаған елім жоқ.
Қазақ пенен қырғыздың
Бәрінің дәмін таттым-ай – деген.
Сүйінбайдың қырғыздың арқалы ақыны Қатағанмен айтысы – исі қазақтың мәртебесін көтерген шын мәніндегі патриоттық сезімінен туған шығарма. Бұл айтыс 1852 жылы қырғыздың Алыбай деген манабына берілген аста өтеді. Айтысар алдында Сүйібай «Екі елдің әруағын жарысқа сап, түспесін ортасына шңырақтары» деп ескерту жасайды. Себебі Кенесарыға байланысты оқиғаның болып өткеніне небары төрт – бес жыл өткен еді. Қатаған қырғыз елін көп деп мақтағанынан ұсталады. Есесіне Сүйінбай қазақтың үш жүзге бөлінетін бүкіл елін, оның ерлігін, байлығын мадақтап мақтан етеді. Ал қатаған мақтаған қара Бәйетіктің патшадан алған медалін Сүйінбай түкке тұрғысыз етеді.
Бәйтіктің шенін қоймады,
Несін мақтан етесің.
Аңға шыққан тазыға
Оған да қарғы байлайды
— дейді.
Сүйінбай тоқтағанда батыр Жантай: «Сүйінбай, ботам, сен жеңдің. Қатаған көппін деп мақтанды. Аттың жүгіндей қазақтан қырғыз қашан көп болып еді. Бірақ қазақ – алауыз ел, күншіл халық. Әттең, сен соны айтпадың, Қатаған» — деп ашуланады.
Елдің айтысын басқарып отырған төрағасы Қара Бәйтік «Қандай жүлде таңдайсың» дейді. Көп сый тартады. Оның ең бастысы – «Ыстықкөлдің ақ көбігінен жаратылған асқан сұлу Мейіз атты қыз» екен. Сол шоң манат Бәйтік алғаш көргенде «Мына бадана көз сұлу жігіт Сүйінбай ақын» емес пе деп сұраған екен. Сонысына қарай оған сыйлаған Мейіз қыз да сұлу болуға тиіс қой.
Кейбір материалда Сүйінбай елге қайтып біраз жүрген соң Мейізге рұқсат беріп, қырғыз елінде туған қарындасымдай бол деп, маңдайынан бір сүйіп, қызды ауылына қарай шығарып салған делінеді.
Айтыс саласында Сүйінбай халық атынан сөйлеген, ел-жұрттың қамын жеп, оның бірлігін, елдігін, ел қорғаған ерлерін елжірей толғаған ақын, сондықтан да ол көбіне жеңіске жетіп отырады.
Сүйінбай ел ішіндегі кедлеңсіз жайларды сынап, сықақ етеді. Әсіресе төре, сұлтан, би-болыстарды аяусыз мінеп, олардың мінез-құлқын, жағымсыз қылықтарын әшкерелейді. Сондай ретте арнау өлеңдер тудырады. Мысалы, «Тезекке тепсіну», «Төрелерге», «Болыстарға баға», «Батырбек датқа айтқаны», «Үмбетәліге» деген арнауларында аталған дәрежелі адамдардың адамгершілік сипаты кеміс екенін батыл да батыр сүреттейді. Ал, «Сұраншыға» деген өлеңінде үш жүз жылқысы бар Итен байдың аяқ – лау етуге бір тайдың майын бермеген сараңдығын айтып шағынады.
Түспей не қып тұр екен жер мен аспан,
Бос отырып кедейлер өле ме аштан?
Жылап жүрген нашарға көз салмайды,
Байдан бейіл, батырдан рахым қашқан – дегеніне қарағанда, жалпы ел ішінде қайырымсыздық сияқты қолайсыз әдеттің орын алғанын сынайды.
Сүйінбай өмірі туралы, жақсы мен жаман адамның қасиеттерін салыстырып, шебер, ұлағатты пікір толғайды. Ақын ұзақ жасап, құзырға шалдыққан кезінде туысы Жұмық дегенге хат білетін төрт кісі әкеліп, менің өлеңдерімді жаздырып ал, сөзім қалсын депті.
Ал Жұмық ақылсыздық жасап, Сүйінбайдың тілегін орындамайды. Сонда ақын «Жұмыққа» деген арнауын толғайды.
үйінбай – сыншыл, мін таққыш өткір тілді өжет ақын. Оның шығармалары сатираның тамаша үлгісін таныта алады. Ащы мысқылы салмақты сарказммен ұласады. Сүйінбайдың поэтикалық тілге, шешендік өнерге жетіктігі, өткір кекесін сынға да лайық тіл тапқырлығы тамаша. Ол осылайша, халқына адал қызмет етіп өткен азамат ақын болды. Ел – жұрты үшін бар күш – қуатын жұмсады. Өзі сүйген халқымен оның пікірлері әр тұста да үндесіп, табысып жатты.
Кезінде Жамбылға ұстаз болған Сүйінбай ақындығы — өз бедері, өз сипатымен оқшау тұрған мәнді шығарма. Ол біз үшін алатаудай асқақ, сарқырама өзендей екпінді, нәрлі, саялы салқын, жанға жайлы, мәнді рухани азық.
3.«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен əәдемі
əәсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дəәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
«Сүйінбай мен Қатаған айтысы» өнер өлкесіндегі саф алтын қазына болып саналады.
Қазақтың бар баласы айтылатын бұл айтыстың мақсаты – елімізді, жұртымызды бірлікке
шақыру. Өткір сынның үстінде тұрған Сүйінбай өрттей өршіген Қатағанға қалайша бейнелі
сөздер мен əәсірелеулерді қолданып, өршелене өрлеп, жалтақсыз жауап қайырды? Мен осы сауалға
өз көзқарасымды білдіргім келеді.
Сүйінбай озық ойлы, өткір тілді, сөзді астарлы оймен көркем жеткізетін айтыскер ақын.
Өйткені, дəәлел ретінде «...Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған жүйрікпін, Судан шыққан
сүйрікпін, Бəәйгеден озған дүлділмін... Шығарма Қатаған үніңді!»-деп, Сүйінбай бірден Қатағанның
мысын басып, қанатын қайырады. Міне, бұдан ақынның шалқар шабытын, теңеулерді ұтымды
пайдаланғанын байқадым. Бірден қарсылысының бетін қайтарды. Еңсесін тіктеуге мұршасын
келтірмеді. Тұтқиылдан тұқыртуға ынталы екенін танытты. Міне, нағыз ақынға тəән қасиет.
Қатаған бір сөзінде өзін алмас болат қылышқа баласа, Сүйінбай өзін жай алмас құрыш қылыш
емес, сабы алтыннан соққанын айтады. Бұл жерде, меніңше, Сүйінбай өз деңгейін биіктете,
айбынын асыра түсті. «Қарсы шапқан қырғиға, Ажалы жеткен торғайсың...,», «Ажалы жеткен
қарғасың, Бүркітпенен ойнадың...», «Жауған қардай борайын, алды-артыңды орайын...» - деп, өнері
шоқ болып қызып тұрған Сүйінбай қазақ елінің мəәртебесін көтеру əәрқашан абырой екенін
танытты, шапшыған, шабытты Қатағанның аптығын басты. Ақын басынан бұлт аса алмас шың
секілді көрінді. Осыған орай, менің ойымша, қазіргі заман айтыскерлерінде өткір тіл бар, бетке
айту жоқ, жалтақтап, шенділерден қорқып, халық көкейінде жүрген мəәселелерді айналшықтап
өтеді. Сірəә, жүрегі «Отан» деп соққан от тілді, орақ ауызды бүгінгі айтыскер ақындар
Сүйінбайдан үлгі алса, игі үстіне игі болар еді.
Сонымен қоса, əәсірелеу тəәсілін де шабытпен кəәдеге жаратады. «...Қабағын шытса Сүйінбай,
Тарту қылып тартарсың, Қойныңдағы жарыңды. Айдап алып берерсің, Алдыңдағы малыңды,
Малың түгіл барыңды!...» -деп, қарсылас ақынның намысына тиіп, ту сыртынан пышақ сұққандай
əәсер берді. Өзінің намысын таптатпау үшін осы үдетулер сынды көркем де, мəәнді сөздер үлкен
басымдылыққа ие. Бұл айтыста маған Сүйінбай ұстанған бағыт қатты ұнады. Өз күшіңе сеніп,
сөз қадірін түсініп, намысты қолдан бермеуге жетеледі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдірсем, сөздердің өткірлігі, қызулығы, көркемдік
бейнелі сөздердің молдығы Сүйінбай айтысының бойында тұнып тұр. «...Қазақ деген батыр ел,
Ешкімге намыс бермеген...» деп өзі айтқандай, Сүйінбай қазақ халқының беделін арттырды.
Сүйінбай мен Қатаған айтысында Сүйінбайдың:
Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды, деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.
Сүйінбай Аронұлы- айтыс өнерінің алтын діңгегі.Сүйінбайдың айтыстары мен өлең толғауларын жинау,жариялау ісі XX ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. Сүйінбай-айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілі, озық ойымен танылған ақын.Көптеген айтыстарының ішінде қырғыз ақыны Қатағанмен айтысы ерекше орын алады.Қанда тулап жатқан өнердің төбесінде тұрған Сүйінбай мен Қатаған айтысы өнер өлкесіндегі саф алтын.
1848жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді.Бұл жиынға аралас- құралас отырған Тезек төре,Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қалыптасады.Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге аты жайылып,таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге бөлтірік шешенің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп: -Ана отырған Сүйінбай аөындарың емес пе?-деп сұрайды.
Бөлтірік «Ия»деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп,заулатып бастап кетеді.Екеуі әртүрлі тақырыптарды қозғап,айтысады.Ең үлкені сол өз жұртын, өз елдерін мақтап-мадақтау. Айтысып келе жатып, Қатаған сөзін аяқтап тоқтағаны да,Қатағанның екпінінен жасынған Тезек төре Сүйінбайға жалтақ-жалтақ қарай береді.А дегенде Сүйінбай булығып қалады. Сол кезде Бөлтірік батыр Тезек төреге: «Ей,төрем, көтер басыңды, қаныңды қашырма, Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе?! Булығып отыр. Сүйінжан шығар даусыңды»-дегенде, Сүйінбай бастап кетеді.Сондағы айтқаны:
Қашырма төре,қаныңды
Кіргізейін жаныңды,
Қатағаннан жеңілсем,
Талап алғын малымы!
Іздегенім осы еді,
Іздегенім табылды
Қатаған сөзден жаңылып
Өз-өзінен жаңылды
Қызып тұрған темірге,
Өзі келіп қарылды!
Сөйтіп Сүйінбай үш жүзді бастан аяқ,батыр-бабаларымызды айтып,оның қазақ ақындарымен салыстыруға келмейтінің айтады. Сонда көппін деп мақтанған Қатаған өзінің жеңілгенің мойындап, құр алақан жібермейміз деп,сыйлыққа Мейіз атты сұлу қызды,алты қанат ақ орда,бүркіт,екі тазы ит сыйлайды.Асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында Сүйінбай жеңіске жетеді.
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
20 ғасырдың орта тұсында, әсіресе екінші жартысында, байтақ даламда орыс отаршылдығы барынша күшейген уақыты.Ел өміріне еніп түрлі әлеуметтік-саяси өзгерістер халқымның санғасырлық дәстүрлі өмір салтының,ынтымақ-бірлігінің бұзылуына себепші болғаны жанымды тебірентеді.Шортанбайдың азаматтық, ақындық ғұмыры елімнің тарихындағы осындай отаршылдық әбден өршіген қилы замнмен тұспа-тұс келген-ді.Шортанбай өзі,көзі көріп куә болған,көңілі түңілген шындықты «зар заман» атап,шынайы суреттегеніне тәнтімін.Отаршылдық байқам еліме еріксіз таңылған ұнамсыз өзгерістерді өзі жиреніп, халықты да жирендіре жырлағаның жаныммен сезіндім. «Зар заман» өлеңі сол дәуірдің шындығын бейнеледі.Заманымның кері кетуін,халқымның жақсы қасиетін жоғалта астауын жүрегңмен сезіп жырлады.Бұл өлеңді оқып отырып,ақын өзі өмір сүрген заманды өткен күнмен салыстырып,адамдардың мінез-құлықтарының өзгеруін, қайыры жоқ байлардың шығуын, ақшаның мал орнына жүргенің,заманының зарлығын, тарлығын өлеңіне өрнек еткеніне куә болдым.Сосың бәрінен түңілген ақын:
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген,
Мұның өзі — зар заман-деп, жанын түршіктірген дүниелерді санамалап атайды.Заманының бұзылғанына наразы болған ақын «әуелгі заманның»енді қайта келмейтіндігіне, «құдасы жоқ құлдық, қонысы жоқ байлық» озатынына,байдың тілін жарлы алмай,ханның тілін қара алмай,өздері де алмайтынына қыжылыс білдіргенін сездім.Елде ұрлық пен парақорлықтығ көбейіп, ұлы атасын сыйлаған,әлеуметтік құбылыстың себебін ақын патша өкіметінің отарлау саясатынан іздеді.Заманның әкелген жаңалығын «ақырзаман» белгісі деп қабылдағанын түсіндім.Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының»жойылуы деп ұқпайды.Оның ойынша ақырзаман:
Бір - бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі — тар заман.
Тарлығының белгісі:
Мұсылманнан хал кетті.
Тәуір болғай делінген.
Қорыта айтқанда, Мұхтар Әуезов айтқандай «Зар заман» өлеңдер топтамасы-заман сипатынан түңілген,халық жайын ойлап, жаны күйген қайраткердің, азамат ақынның ақиқат сыры, толғанысы екендігіне сенімдімін сондықтан да,бұл өлеңдер дәуір айнасы бола білді.
Зар Заман – қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе «Зар Заман ақындары» деп атайды.
Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған.
Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген орыс зерттеушісі Радлов. «Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат Берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы Радлов та айтады.
Шортанбай әуелі бұрынан көп айтылып келе жатқан заманға қай заман екенін атап, ат қояды.
Мынау ақыр заманда
Алуан, алуан Жан шықты
Арам, араз хан шықты
Қайыры жоқ бай шықты
Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен. Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады.
Заманның жаман белгісі «Зар заман» ішінде көп айтылады
Мұның өзі зар заман
Зарлығының белгісі
Ұл сыйламас атасын….
Қазы, болыс, хан қойды
Некесіз туған шатасын…
Сол заманның кезінде
Қыз сыйламас шешесін
Ер жеттім деп шаштасып…
Бұның бәрі-заман бұзылғанның белгілері. Енді осы заманды бұзған кім? Бұған да ақын жауап береді.
Заман қайтіп оңалсын…
Байлар ұрлық қылады
Көзіне малы көрінбей
Билер жейді Параны
Сақтап қойған сүрідей
Сол себепті:
Заманның түрі бұзылды
Текеметтің түріндей
Заманның зарын айтқан, ел келешегіне назаланған Шортанбай Қанайұлының еңбектерінің тақырыбы мен идеясы өз заманының қайғы, мұңы еді.
№4 Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар
таласын өз көзқарасыңызбен дəәлелдеп жазыңыз
Қашаған елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, тойымсыз бай мен бидің, қанағатсыз
болыстың іс-əәрекеттерін сынға алып, бетпердесін ашқан ақын. Қашағанның ұлттық
құндылықтары мен салт-дəәстүрлерді дəәріптейтін шығармалары бір биік болса, елде болған
болыстар мен молдалардың орынсыз қылықтарын əәшкере еткен өлеңдері ел арасында ұлы
туындылар ретінде сақтап қалған. Сол жанрдағы өлеңдерінің бірі «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі
қаншама жыл өтсе де өз құндылығын жоймаған.
. «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңінде қара халықты аяусыз қинаған байлар мен
болыстар, надан, дінбұзар молдаларды өз жырына арқау еткен. Аталған кездесу былай болған:
Қашаған ақын мен Құрманғазы күйші қыстың бір суық күнінде Каспий теңізінің маңындағы
ауылға түседі. Қашағанның ақын екенін билеушілер оны əәдейі Есқали сұпының үйіне əәшкерелеу
мақсатында қонуға жібереді. Үйге кіргізбей, есік алдындағы қарға жыққан сопы келінін ақын
былай деп тоқтатады:
Ал, сендеұяттажоқ,ибадажоқ,
Шамасыұялтатынимандажоқ,
Жәнедеәдеттежоқ,ақылдажоқ,
Өзіңжаманболған соң жақын да жоқ.
Қонақты ренжітпей сыйла деген,
Үйреткен ата –енеінен нақыл да жоқ,-‐
деп қонақ қабылдамау ұятсыздық, əәдепсіздік екенін айтып, қатты айыптайды. Ақын сөзін
естіген Есқали сопы қонуға рұқсат бергенмен, жақтырмағанын білдіре, амандаспай намазға
кіріседі. Онымен қоймай, домбыраның дыңылын ести салысымен Есқали сопы «шайтанның қу
ағашы бұл үйге қайдан келді?»- деп жекіреді. Сопының надандығына ызаланған Қащаған:
Келе сала, сұпеке,
Домбырамды боқтадың.
Домбырамды боқтасаң,
Өзімды басқа соққаның.
Сұпылығың қай жақта,
Шын тентекке ұқсадың.
деп келе сала домбыраның ағаштан жасалғанын айта келе ағашының пайдаға асар тұстарын,
оның ішінде діни саладағы қызметтерін тілге тиек етіп «Өзіңді халық сұпы дейді. Боқтағаның
қай ағаш»,-деп Есқали сұпыға өз пікірін айтады
Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап отыр бұл ағаш.
Қолымдағы ағашым
-‐
Алып жүрген домбыра,
Тартқан сайын даңғыра.
Домбыра күнә деген сөз,
Тек бір айтқан дабыра,-‐
Деп ағашты дəәріптеу арқылы домбыраны кие тұтатын ел ұғымын паш етеді. Есқали сұпының əән
– күйді «Шайтанның ісі» дегеніне тойтарыс беріп, домбыра өнерін қорған шығады.
Ақынның «Есқали сүпыға айтқаны» өлеңі əәдебиетіміздің бір биік шоқтығы болып
табылады. Онда ақын ағашты мадақтай отырып, домбыраны қастерлейтін халық мінезін
жанамалап айтуды шебер қолданған.
Қашаған елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, тойымсыз бай мен бидің, қанағатсыз болыстың іс-әрекеттерін сынға алып, бетпердесін ашқан ақын. Қашағанның ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерді дәріптейтін шығармалары бір биік болса, елде болған болыстар мен молдалардың орынсыз қылықтарын әшкере еткен өлеңдері ел арасында ұлы туындылар ретінде сақтап қалған. Сол жанрдағы өлеңдерінің бірі «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі қаншама жыл өтсе де өз құндылығын жоймаған.
. «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңінде қара халықты аяусыз қинаған байлар мен болыстар, надан, дінбұзар молдаларды өз жырына арқау еткен. Аталған кездесу былай болған: Қашаған ақын мен Құрманғазы күйші қыстың бір суық күнінде Каспий теңізінің маңындағы ауылға түседі. Қашағанның ақын екенін билеушілер оны әдейі Есқали сұпының үйіне әшкерелеу мақсатында қонуға жібереді. Үйге кіргізбей, есік алдындағы қарға жыққан сопы келінін ақын былай деп тоқтатады: Ал, сенде ұят та жоқ, иба да жоқ,
Шамасы ұялтатын иман да жоқ,
Және де әдет те жоқ, ақыл да жоқ,
Өзің жаман болған соң жақын да жоқ.
Қонақты ренжітпей сыйла деген,
Үйреткен ата – енеінен нақыл да жоқ,-
деп қонақ қабылдамау ұятсыздық, әдепсіздік екенін айтып, қатты айыптайды. Ақын сөзін естіген Есқали сопы қонуға рұқсат бергенмен, жақтырмағанын білдіре, амандаспай намазға кіріседі. Онымен қоймай, домбыраның дыңылын ести салысымен Есқали сопы «шайтанның қу ағашы бұл үйге қайдан келді?»- деп жекіреді. Сопының надандығына ызаланған Қащаған:
Келе сала, сұпеке,
Домбырамды боқтадың.
Домбырамды боқтасаң,
Өзімды басқа соққаның.
Сұпылығың қай жақта,
Шын тентекке ұқсадың.
деп келе сала домбыраның ағаштан жасалғанын айта келе ағашының пайдаға асар тұстарын, оның ішінде діни саладағы қызметтерін тілге тиек етіп «Өзіңді халық сұпы дейді. Боқтағаның қай ағаш»,-деп Есқали сұпыға өз пікірін айтады Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап отыр бұл ағаш.
Қолымдағы ағашым -
Алып жүрген домбыра,
Тартқан сайын даңғыра.
Домбыра күнә деген сөз,
Тек бір айтқан дабыра,-
Деп ағашты дәріптеу арқылы домбыраны кие тұтатын ел ұғымын паш етеді. Есқали сұпының ән – күйді «Шайтанның ісі» дегеніне тойтарыс беріп, домбыра өнерін қорған шығады.
Ақынның «Есқали сүпыға айтқаны» өлеңі әдебиетіміздің бір биік шоқтығы болып табылады. Онда ақын ағашты мадақтай отырып, домбыраны қастерлейтін халық мінезін жанамалап айтуды шебер қолданған.
Дулат Бабатайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «өсиетнама» 1880 жылы Қазан қаласында жарық көрген. Тәуелсіздік тұсында ғана Дулат Бабатайұлының шығармашылығы толық жинақталып, ақынның 200 жыл толуы қарсаңында бірнеше еңбектері жарыққа шыққан Дулат – жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Олай дейтін себебіміз өлең сөз арқылы насихат, дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам жалпы философиялық қозғалысты қозғаса, ал ақындық мектепте поэзиядағы нақтылық,сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге тоқталған. Көркем сөзді халыққа қызмет ететін қару деп ұғынған ақын өз шығармаларында заманының көкейкесті мәселелерін қозғайды. Ол өмір, тіршілік, тұрмыс, қоршаған орта, әлем жөнінде, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, алдамшы, жалған дүние турасында толық тебіренеді.
Дулат шығармаларының ішіндегі ең күрделісі «Еспембет» поэмасы. Оның әлеуметтік лирика, дидактикалық поэзияға ғана емес, сюжеттік шығармаларға да шебер екендігі көрсетеді. «Еспембет» - сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның көркемдік қасиеті де осы шағындығында. Көп сөзге салынбай, поэмада суреттелетін көп оқиғаны аз жолға сыйғызып көрсеткен. Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде «Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды. Поэманың сюжеті: жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың үйінде тәрбиеленеді.
Есейген соң нағашысының елінде жүруе арланып, ол өзінің туған жеріне кетуге рұқсат сұрайды.
Нағашысы Қосайдың ұсынған сыйлықтарынан бас тартып, тек Ақбөрте тайды беруін сұрайды.
Нағашы атасы Ер Қосай ақ батасын береді.
Атасының батасын алып, өзінің туған жеріне келгесін, ағайындары ұнатпай, онша елемейді.
Арада 3-4 жыл өткеннен кейін, тай Ақбөрте бесті болады. Сол елде болғаннан кейін әйгеге қосады.
Сол бәйгеден жалғыз өзі озып келеді де, оның бәйгесіне тігілген жүз тайлақты бес Сыбанның ұлына
Еспембет бөліп беріп,
Шақырып алып Еспембет
Ақтамберді қолбасын
Бес Сыбанның ұлына
Ортаға салды олжасын.
Жүз тайлақты есептеп
Біреуін де алмады.
Осы жолдардан-ақ өзінің ірілігін, мырзалығын көреміз. Осы оқиғадан кейін көзге түсіп, ауызға ілігеді.
Қаракерей Қабанбай, Байжігіт, Ақтамберді батырлар қалмаққа қарсы жасақ құрып, қол жиғанда, жас жігіт Еспембет те бірге аттанады. Қалмақпен шайқасқан жерде, ұрысқа алты жүз рет кіріп, талайды тұралатқан, тап сол күні жекпе-жекте қазақтан сегіз батырды бір өзі өлтірген қалмақтың батырына Еспембет жалғыз өзі қарсы шығып
Жетіп келіп Еспембет:
- Ақтамберді ер, - деді, -
Мен барамын сіз үшін,
Кезегіңді бер, - деді.
Жас санама, бас сана,
Қайратымды көр, - деді.
Ақтамберді қарт батыр
Қол жайып бата берген.
Тотан шығып жөнелді
Найзаға таққан шоқтай боп,
Ақбөрте кетті құнтиып
Садақтан тартқан оқтай боп,
Қанға сусап қалмақ тұр
Обатұғын оптай боп.
Еспембет келе сөйледі,
Ерлікке сай қайраты,
Қаруға сай амалы:
«Сен – қалмақтың қабаны.
Қарсыңа қалай жіберді
Қазақ саған баланы?
Қазақ сені қорлады,
Баладан төмен санады
Жігерің болса, қайраттан,
Баланы саған балады.
Ағаштан жұлып алмадай
Басыңды бала алады»[1;102],- деп қалмақтың намысан тиіп, ащы тілімен мұқата білді. Осы сөзден кейін Еспембетке жігерленіп, қалмақты қалайда жеңу керектігін ойластырды. Сол кезде қалмақтың батыры ашуланып, тістеніп, екі ұртына қан толып, шыдай алмай Еспембетпен қылыштасады. Қылыштары жарқ-жұрқ етіп, денелері қанға боялып, екі батырдың жекпе-жектегі ерлігін Қабанбай, Ақтамберді сынды бытырлар жандарын шүберекке түйіп, ел үшін туған ерім деп Еспембетті қолдайды. Иә, күрес үстінде жеңіліс пен жеңіс бар. Біреуі озып шығатыны шындық. Қазақтар мен қалмақтардың арасындағы күресте Еспембет өзінің батырлық ерлігін көрсетіп, қалмақ батырын өлтіріп, атын олжа етеді. Осыдан кейін рухтанған қазақ қолы жөпелдемеде шабуыл жасап, қалмақтарды жеңіп, еліне қайтады. Жасынан-ақ халқының жауына қару жасап қызмет етсем деген тілегі орындалады.
Бет бұрып тізгін тартқан жоқ
Жаудың мың мен санынан.
өле-өлгенше ел болды
Еспембеттің арманы.
өзімен бірге жасады
Астындағы тарланы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Еспембеттей ер қайда?
Еспембеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда? [1;103], -деп
Еспембеттің «батыр» деген даңққа жетуімен поэма аяқталады. Қай халықтың болсын адамның адамдық қасиетін көрсететін мінез - өз жері, өз елін сүю. Келешекте халқына тұлға боларлық батыр Еспембет те жастығына қарамастан аталық сөздер айтып, ақыл, парасатының жоғарылығын аңғартады. Эпостарда батырлыққа тән және бір шарт - өзіне серік боларлық атты өзі танып, тақымына басуы. Еспембет бұл сыннан да өтеді. Ақбөртені ол құлын кезінен танып, көзінен таса қылмаған.
Жігіттің батырлығын айқындайтын – оның ерлігі. Ерлік әр жерде емес, тар жерде көрінеді. «Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» жағдайларда, көпшілік үшін басын бәйгеге тігіп, өліміне бел байлап, қалың қолға жол ашады, жауды жеңуге мұрындық болады.
«Еспембет» поэмасы қалмақ батырының басын алуымен аяқталады. Бұл шығарма арқылы қазақтар мен қалмақтар арасындағы күресті байқаймыз.
Дулат Бабатайұлының екінші бір дастаны «Шаштараз». «Шаштараз» дастанның этикалық- философиялық мән-маңызы, ғибратты тәлімі, өнегелік қырлары ұланғайыр.
«Шаштараз» дастанында: дүниені уысынада ұстаған патшаның басында қос мүйіз болады. Оны жан баласы сезіп қойса, бақыты таяды екен. Патша тәжісін басынан ешқашан түсірмейді. Шашы өсіп, патшаның сиқын кетіреді. Сонда шаһардағы ең епті шаштаразды шақырып алып, сырын ашып айтады. Не сұрасаң бәрін беремін, қолдан келетін көмегін аямайтынын ашық айтады. Үй де, ділда да, жиһаз да, қызметшілеп де, саят құруға құс та, құралайды көзге ататын мерген де, құшағыңа сұлу қыз да беремін деп уәде етеді.
Дүнияда не қажет,
Керегіңнің бәрін ал –
Қызметкер – күң мен құл,
өлі жиһаз, тірі мал.
Алғыр құс, атқыш мерген бар,
Саясаттап сайран сал.
Ұнатып елден сұлу сүй,
Лебізі тәтті, шәрбәт – бал.
Бірақ саған үш түрлі
Қоятұғын шартым бар»[2;93],- деп былай дейді.
Біріншіден, басымдағы қос мүйізімінің барлығын құпия ұстайсың, екіншіден, басқаның шашын қимайсың, үшіншіден, аузыңнан шыққан сөзге ие боласың дейді. Шаштараз міндетін атқарады. Мүйізді көрген соң, есінен танады, іштей булығып айтқыс келеді. Бірде таң алдында, алакөбеде шаһардан шығып, ен далада етбетінен жатып, көрген-білгенін шыдай алмай ақыры қара жере сыбырлап қояды.
«Кеше күндіз патшаның
Шашын алып берді, - деп,
Қасиетті басынан
Қос мүйізін көрдім», - деп,
Жерге төсеп ауызын,
өзінен-өзі күбірлеп,
Мақтан тойын тойлайды
Кеудесінде дүбірлеп.
Мың қайтара айтқанда
Ортайды куде толғаны.
Сілесі қатып ұйықтады,
Естіген адам болмады»[2;95],-.
Ішіндегі бар сырын жерге айтып, жеңілдеп қалғанын сезеді. Бірақ, аузынан шыққан сөзі, топыраққа сіңеді, топыраққа сіңген сөзі жеті жыл жерде сақталып, шаштараз ішіндегі сөзін айтқаннан кейін сауық-сайран салып, айтқан сөзінің жерге сңіп кеткенін де білмейді. Күндер, айлар, жылдар өтеді. ол байлыққа кеңеліп, молшылықта өмір сүре бастайды. Патшаның ұсынған мол байлығына кеңеліп, өзіне лайықты жар таңдап бақытты ғұмыр кешіп жатады. Күндердің-күнінде өзен тасып, сырын төккен ойпаң жерге құрақ өсіп, шаштараздың лебізін құрақ судырлап, жел жыбырлап, жалпақ әлемге жайып жібереді. Осы бір мезетте жырау былайша баяндайды
...Көк құрақ басын иеді,
Жылы леп пен жылмақ жел
Бұраңдатып сүйеді,
Сылдырлатып ән салды..
Дүниеге хабар таралды,
Жел айтқанды ел айтып,
Патшаға хабар барады.
Қамыс айтты, жел айтты,
Ел айтқанда, шын айтты[2;97].
Серт пен сырға осалдық танытқаны үшін, шаштараздың басы алынады. «Ешкімді жамандама, қара жер де жеткізіп қояр» деген аталы сөздің мағынасы мен тағылымына жете түсінбегендігі ақыры түбіне жетеді. Екі елі аузыңа, төр елі қаққа сал деген қазақ мақалы бекерден-бекер айтылмаса керек. Дулат Бабатайұлының шығармалары қанық та айқын бояумен, өзгеше өрімдерімен, сан құбылған сөз сиқырларымен ерекшеленіп тұрады. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясында Дулат Бабатайұлы тұңғыш рет патша өкіметінің орталық езгі саясатының астарын ашып айтып, оның ел ішіндегі «жексұрыны, қанды ауыз ұлық болған, қазақтан шыққан кәпірдің» образын ашық суреттей білген.
Дулат – кестелі тілді, шешен ақын ғана емес, ХІХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясына жаңа форма, соны мазмұн әкелген жаңашыл қаламгер. Ол жазып та, айтып та шығарған.
Жалпы, Дулат Бабатайұлының ақындық мұрасы негізінен осы алуандас жанды, бейнелі образдық жүйесімен, нақышты, кестелі тілімен, терең мағыналылығымен, сыңғыр қаққан келісімімен ерекшеленеді.
Шақырып алып Еспембет
Ақтамберді қолбасын
Бес Сыбанның ұлына
Ортаға салды олжасын.
Жүз тайлақты есептеп
Біреуін де алмады.
Осы жолдардан-ақ өзінің ірілігін, мырзалығын көреміз. Осы оқиғадан кейін көзге түсіп, ауызға ілігеді. Қаракерей Қабанбай, Байжігіт, Ақтамберді батырлар қалмаққа қарсы жасақ құрып, қол жиғанда, жас жігіт Еспембет те бірге аттанады. Қалмақпен шайқасқан жерде, ұрысқа алты жүз рет кіріп, талайды тұралатқан, тап сол күні жекпе-жекте қазақтан сегіз батырды бір өзі өлтірген қалмақтың батырына Еспембет жалғыз ӛзі қарсы шығып
Жетіп келіп Еспембет:
- Ақтамберді ер, - деді,
- Мен барамын сіз үшін,
Кезегіңді бер, - деді.
Жас санама, бас сана,
Қайратымды көр, - деді.
Ақтамберді қарт батыр
Қол жайып бата берген.
Тотан шығып жөнелді
Найзаға таққан шоқтай боп,
Ақбөрте кетті құнтиып
Садақтан тартқан оқтай боп,
Қанға сусап қалмақ тұр
Обатұғын оптай боп.
Еспембет келе сөйледі,
Ерлікке сай қайраты,
Қаруға сай амалы:
«Сен – қалмақтың қабаны.
Қарсыңа қалай жіберді
Қазақ саған баланы?
Қазақ сені қорлады,
Баладан тӛмен санады
Жігерің болса, қайраттан,
Баланы саған балады.
Ағаштан жұлып алмадай
Басыңды бала алады»,-
деп қалмақтың намысан тиіп, ащы тілімен мұқата білді. Осы сөзден кейін Еспембетке жігерленіп, қалмақты қалайда жеңу керектігін ойластырды. Сол кезде қалмақтың батыры ашуланып, тістеніп, екі ұртына қан толып, шыдай алмай Еспембетпен қылыштасады. Қылыштары жарқ-жұрқ етіп, денелері қанға боялып, екі батырдың жекпе-жектегі ерлігін Қабанбай, Ақтамберді сынды бытырлар жандарын шүберекке түйіп, ел үшін туған ерім деп Еспембетті қолдайды. Иә, күрес үстінде жеңіліс пен жеңіс бар. Біреуі озып шығатыны шындық. Қазақтар мен қалмақтардың арасындағы күресте Еспембет ӛзінің батырлық ерлігін кӛрсетіп, қалмақ батырын ӛлтіріп, атын олжа етеді. Осыдан кейін рухтанған қазақ қолы жӛпелдемеде шабуыл жасап, қалмақтарды жеңіп, еліне қайтады. Жасынан-ақ халқының жауына қару жасап қызмет етсем деген тілегі орындалады.
Бет бұрып тізгін тартқан жоқ
Жаудың мың мен санынан.
Өле-өлгенше ел болды
Еспембеттің арманы.
Өзімен бірге жасады
Астындағы тарланы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Еспембеттей ер қайда?
Еспембеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда?,
-деп Еспембеттің «батыр» деген даңққа жетуімен поэма аяқталады. Қай халықтың болсын адамның адамдық қасиетін кӛрсететін мінез - өз жері, өз елін сүю. Келешекте халқына тұлға боларлық батыр Еспембет те жастығына қарамастан аталық сӛздер айтып, ақыл, парасатының жоғарылығын аңғартады. Эпостарда батырлыққа тән және бір шарт - өзіне серік боларлық атты өзі танып, тақымына басуы. Еспембет бұл сыннан да өтеді. Ақбөртені ол құлын кезінен танып, көзінен таса қылмаған. Жігіттің батырлығын айқындайтын – оның ерлігі. Ерлік әр жерде емес, тар жерде көрінеді. «Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» жағдайларда, кӛпшілік үшін басын бәйгеге тігіп, ӛліміне бел байлап, қалың қолға жол ашады, жауды жеңуге мұрындық болады. «Еспембет» поэмасы қалмақ батырының басын алуымен аяқталады. Бұл шығарма арқылы қазақтар мен қалмақтар арасындағы күресті байқаймыз.
http://ksu.edu.kz/