Мағжан Жұмабаевтың “Қойлыбайдың қобызы” поэмасы мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған. Аңыз бойынша Қойлыбай атты бақсы бір жиында атжарысқа өзінің қобызын қосады. Қобызы бәйгеден бірінші келіп, ел-жұрттты таң-тамаша қылады. Поэмадан халықтың бақсы-балгерлерге деген қарым-қатынасын байқауға болады. Ежелде қазақтар бұндай ерек жандарды ерекше құрметтеп артынан ғажайып аңыз әңгімелерді өрбітіп отырған. Бұл поэма арқылы Мағжан Жұмабаев бақсы-балгерлердің сол қоғамдағы рөлін көрсеткісі келген болуы мүмкін. Халық әрқашан мистикаға сеніп, осы бағытта түрлі аңыз әңгімелер таратып отырған. Бұл аңыздарға халық өздерінің арманын, мақсат-мұратын енгізіп, сол мұраны ұрпақтан ұрпаққа таратып отырды.
Қазақ поэзиясының шолпан жұлдызы- Мағжанның әдебиет майданына жаңа бағыт әкелген поэмасы- Қойлыбайдың қобызы» дастаны Шығарма мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған. Дастанда қобызды бәйгеге қосу көрінісі қалай баяндалады?
Адам бойындағы тылсым күштің бар екені аян. Ш.Уәлиханов: «Қойлыбай бар бақсылардың пірі, түп атасы, оқ тартса садағы іспетті»,- деп бақсыларды мойындап кеткен. Дастанда Найман ішіндегі зор аста Қойлыбай бақсының қобызын, Барақ батырдың қолқалауымен бәйгеге қосу көрінісі баяндалады. «Аруақ қалшылдатып, дірілдетті, Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп», - дейді. Бақсының күш жігерін, қайратын, қобызды қосудағы сарнауы оқырманды сендіріп, қорқыныш үрей сезімін ұялатады. Қазіргі таңда Алланың берген қасиетін басқа мақсатта пайдаланып жүрген бақсы- балгерлер де бар екені хақ. Оған күнделікті өмір ағымында болып жатқан небір таң қаларлық оқиғалар дәлел.
Бақсының бәйгеге қобызы қосылған сәттегі күйі қандай еді? Бақсы «Сары даланы күңірентіп, екпіндеп, долданып, жыны буып күбірлеп»,-дейді бақсының ақын жырлағандай күйі ауыр. Қалың құмды қара бұлтқа қосылуы, қызыл желдің құйындатып дүрілдеуі, сексеуілге байланған қобыз келе жатқандай елестетесің... Осы көріністен қазақ даласындағы шынымен бақсылардың мықты тылсым күштің иесі, екендігін дәлелдей түседі.Дауыл ортасынан бақсының сексеуілге байланған қобызының келуі дүйім жұртты тамашадан тас қып қатыру көрінісі тіптен сендіре түседі.
Дастанда қазақ халқының бақсылығын, қобыздың қасиетін суреттейді. Ақын: «Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан»,-деп жырласа бақсы болса, Қойлыбай мен Қорқыттай болсын деуі тегіннен емес. Дастанда қобыздың құдіретін жеткізе білетін қазақ халқы дана халық екендігін ақын дәлелдеп көрсетеді. Ал, қазіргі таңда қобызға қызығушылық бар ма? Жалпы алып қарасақ, жастар арасында қобызға деген қызығушылық жоқ емес, дамып келеді.
Ойымды түйіндей келе, ақын дастан арқылы алты алаштың дүбірлеген бәйгесін, бақсылық қасиетін, қобыздың үнімен ұштастыра отырып мойындатқан деп ойлаймын. Бұдан шығатын қорытынды адам баласына берілген асыл қасиетін, өнерін, әр нәрсенің орнын білсек , өнер де, халық та мәңгі жасамақ!
М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз.
Артына өшпес рухани мол мұра қалдырған қазақ поэзиясының шолпан жұлдыхдарының бірі, әрі бірегейі ол – Мағжан.Ақындық міндетті арына жүктеп,халыққа жеткізер ойдың ұшығын ашық та, айқын көре білген Мағжан өз бағытынан еш айныған емес.Құбылмалы өмір күйінен өз жолын таба білген ұлттың ақынына қуанышты көркейту,қайғыны жеңілдету ақындық мұраты болды.Ақын қазақ болашағына бұлдыраған сағым емес, орындалмас қияли арман ретінде қарамай,ұлтының ояна бастаған сана болмысына қарар,халық сенімі күшейтеді. Мағжан поэзиясының жастарға деген үміті – ояна бастаған ұлт санасынынң болашағы деп біледі.
Расында,Мағжан эпикалық жанрда да қарқынды еңбек еткен ақын. Оның қаламанан бірнеше поэмалар туған.Әр поэмасының тақырыптары мен көркемдік деңгейлері әркелкі болғанымен қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дүниелер.Соның бірі – «Қойлыбайдың қобызы» дастаны. Бұл поэма мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған.Поэмадан халықтың бақсы-балгерлерге деген қарым қатынасын байқауға болады.Мағжан Жұмабаев бақсы-балгерлердің сол қоғамдағы рөлін көрсеткісі келген болуы мүмкін.Халық әрқашан мистикаға сеніп,осы бағытты түрлі аңыз әңгімелер таратып отырған.Бұл аңыздарға халық өздерінің арманын,мақсат-мұратын енгізіп,сол мұраны ұрпақтан-ұрпаққа таратып отырды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Мағжан- ұлы ақын.Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов : «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін... Мағжан культурасы зор ақын... Сыртқа кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай...бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекте бой ұрып,артқы күнге аныққалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі» деп,оның ақындығына да,әдебиет тарихындағы орнын да басып айтқан.
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жаз.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді қапысыз айтқан қайран бабамның бар арманы – шамшырағы, маңдайына біткен жұлдызы қызының арын сақтап, намысын таптатпағанын көру десем артық айтпаған болар едім. Сол арманына жету үшін қызын қырық үйден тыйып, бауыр еті баласының бойына тәрбиенің асыл дәнін дарытып, көзінен таса қылмаған. Қызының болашақта намысшыл, кербез, келбетті, ұяң, қайсар, ақылды да ор рухты болуына бар күш жігерін салған. Себебі, қыз-ұлттың айнасы. Сондай ата-ананың тәрбиесін көрген қыздардың бірі ретінде Ақбілек келбеті – намысшыл, қайсар қазақ қызының келбетін көрсете ме?
Мен Ақбілекті сонау сум заманның, (патша үкіметінің озбыр саясатының азуының) надан халықтың құрбаны ретінде таныймын. Бірақ ол қанша қиындық көрсе де ешқашан салын суға кетірмеді. «Жаратқан иемнің маңдайыма жазғаны осы болса көнемін», - деп қолым қаусырып қарап отырмай қанша құласа да ұшуға талпынған балапандай жігерін құм қылмады.
Ол қара мұрттың күштеуімен оған тұрмысқа шығып, жүрегі қаламаса да ерім деп сылаған азаматтың құрсақтағы сәбимен өзін тастап кеткенінен кейін, қорған болар пана іздеп ата-анасын (барады) (қайын) өз жұртына барады. Ауыл адамдары оған саусақ шошайта күліп, артынан өсек таратқанын көріп, оларға налыйды. Менің жүрегіме батқаны: жұрт-жұрт қой, дәл осы кезде құлынының қыймналғанын көре тұра, өз баласын өзінен тепкен ата-ананың қылығын көрген Ақбілектің халі еді. Себебі қорғаным деп жүрген адамнан қолдау көрмеу – кеудеңдегі жүрекке шоқ басқанмен тең. Бұл дүниеде одан асқан ауыр азап бар ма? Ал Ақбілек өмірдің сондай соқпағына душар болды. Бірақ, ол өзінің бойындағы өр рухты өшірмеді, керісінше өсірген үстіне үстіне өсіре берді. Бұл өмірдің тұрғанымен сынақ екенің еш ұмытпады. Мен бұл жерде Ақбілектің қайсарлығын көре алдым. Қайсарлық қана емес – ау, намысшылдығы да таңба басқандай белгілі.
Ақбілектің бойында өшпей беріспей рух бар. Себебі ол – қазақ қызы. Менің ойымша оның өміріндегі қиындықтар мына бес күндік фәнидегі өз орныңды адаспай табуға апарар соқтықпалы жолы, баспалдағы секілді. Менің бұл сөзіме оның қалаға кетіп, білімсіздің күш қараңғы екенін түсініп оқу оқығаны, одан кейін жігерін жиып, жаңа ғұмырдың, кірпішін қалағаны дәлелі болмақ.
Қорытындылай келеАқбілек – қазақ қызына үлгі болар тұлға. Оның бойындағы қасиеттер әр қазаққа керек. Оның ғұмырымен танысқан адам мақсатқа біліммен жете алатынын, жасықтың, қорқақтың ғұмыры ешқашан жарық болмайтынын түсінеді.
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз
Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романы ХХ ғ.б. қоғамдық ахуал мен кезең көріністерін, өмір-уақыт шындықтарын,қыр көріністері мен ауыл суреттерін,жазушы еңбегі мен шығармашылық шеберлік сырларын, шабытты шақ пен талант қолтаңбасын айқындаумен қоса негізгі тұлғаның (Ақбілек ) адами әлемі мен бедерлі бейнесін, тағдыр-талайын, ауыл-елдің тұрмыс – дәстүрлерін,қарым-қатнасын, тәрбие тағлымдарын т.т. жан-жақты ашады.
Шығарма атын иемденген басты тұлға – Ақбілек аяулы әке мен қымбат ананың алдында ерке де әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ, бұл жарастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт «қалпағы бар, мылтығы бар, көк шекпенді, қақаңдаған,қоқиланған» төрт атты бұзған-ды. Олар бейбіт ауыл мен елдің апшысын қуырды. Үлкен – үй, дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсіріп, орны толмас өкінішке қалдырды. Оның бәйбішесін атып, «жас түлегі, жалғыз қызы- Ақбілекті»ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азап – тауқыметін ешкім де дұшпанына тілемес.Өмір шындығы-өнер өрнегі мен өрісіне айналар тұсы да осы сәт.
Бұл – бай қызының ес білгелі кезікпеген кедергісі, жат адамдардың түсі суық, жүрістері суыт әрекеттерімен де алғаш кезігуі еді.Үмітін үрей басып, көлеңкесінің өзі қорқыныш әкелгендей болатын. Ең болмаса, ол ортада Ақбілектің көңіл – күйімен, жағдайымен санасқан ешкім болмады.
Қосты айналып, қашуға әрекет жасамақшы да еді. Бірақ ,қырағы көз қалт жібермеді. Сұмдық сойқан, жантүршігерлік жәбірлеу, азап – қорлыққа толы өмір енді басталды. Бұрын еркек атаулыға қарсы келмек тұрмақ, тікелей қарамаған, он екіде бір гүлі ашылмаған — Ақбілек енді содырлы топтың ортасына түсті. «Ашу – дұшпан, ақыл – досты»да, айла – амалды да жүзеге асыру қиын – ақ. Жан сауғалап «одан қашқан, бұдан қашқан жетпіс шақты офицер, флоттар» Ақбілектің еркінен тыс әрекеттер жасады, асыл қазынасы – абыройынан айырды, Қарамұртқа ермек болды…
Феодалдық – патриархалдық сана мықтап қалыптасқан кезде Ақбілек басынан өткерген ауыр хал, жан азаптары, тағдыр талқысы өмірлік таңба болып басылды. Жан сауғалап қашқан ақтардың артында «бұралқы күшіктей қаңғырып Ақбілек» жалғыз қалды. Ақтардан тартқан жан азабынан соң да Ақбілектің жақын-жуықтан көрген қорлығы,күйзелістері көп –ақ.
Ақбілектің жандауысы, шерлі мұңы кеудесінде жаны, сезімі барға жеткендей – ақ. Бірақ, оған тіл қатып, үн қосқан ешкім болмады. Ең негізгісі, ол ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады, жақсы, қайырымды жандарға жолығармын деген үмітін де үзбеді. Осы мақсатпен көк пен жерге де, тау мен өзенге де сыр ашты, «күздің сарғыш жапырақтарына», «саялдық қара бұлттарға»мұң шақты. Көзі көріп, көңілі сенген, бастан өткерген көрініс – жайларды бөлісті. Іскендір дуанамен кездескеннен кейін жанын жегідей жеген азап пен қорлықтың салмағы бір мезет жеңілдеп, ұмытылғандай болып еді. Бірақ, нағыз азап, күйзелістер алдынан тағы шықты. Ел ішіндегі өсек – аяң, бұрынғы ғашығы Бекболаттың тояттаған соң сырт айналуы т.т Ақбілектің жан- жарасын одан сайын қоздырды. Бұған «көзі тікшиген, тымырайған» қатыгез мінезді өгей шешесі — Өріктің де кері әсері мол болды. Ес біліп, бой түзей бастағаннан тағдыр тауқыметін мол тартқан Ақбілекті араға бес жыл өткен соң көргендегі әсер өзгеше. Ағасы Төлегеннің артынан іздеп барып, оқуға түседі. Нағашысы Кәмиләмен кездесіп, өз өмірлері төңірегінде өрбіткен сыр – сұхбаттары, Ақбала,Балташ т.б қатынастар мезгіл әуенін аңғартумен қоса ,басты тұлғаның дүниетаным эволюциясын да танытады. Жас өмірін өксікпен өткізген Ақбілектің Балташ сынды азаматпен көңіл қосып, Іскендірмен қайта табысуы жан жарасын жазып, нұрлы өмірге батыл, сеніммен қадам жасатады. Роман тілімен айтсақ, Ақбілектің «жүрегін жуып тазартқан алтын леген – аяулы жаны, Қаратаудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді». Қысқасы, дүбірлі дәуірдегі қазақ қызының өмір, тағдыр жолы шындыққа сыйымды ,келісті көрініс тапқан. Демек, Ақбілек бейнесі – қазақ қызының тағдыр – талайын танытумен бірге бақытқа ұмтылған, жаңа өмірді, қызық – қуанышты алдан күткен күрделі әрі бедерлі бейне. Қаламгер мұраты – жеке адам, яки Ақбілек арқылы халық өмірін, тарихы мен тағдырын, тұрмыс – тіршілігін шындық оқиғалар, нақтылы көріністермен көрсету болса, бұл міндет күрделі жанр – роман арқылы ұлттық – эстетикалық деңгейге көтерілген, әрі Еуропалық үрдістегі туындылар табиғатына жазылу баяны,суреттеу мәнері тұрғысынан үндес, сәйкес келеді.
Сөз зергері, көрнекті жазушы Ғ. Мүсірепов романға «Чудесный нәрсе» деп ұтымды баға берген. Жазушы Р. Тоқтаров «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады деген екен. Ақбілектің көзі құралай, күлкісі атқан таңдай болып, бойы құба талындай суреттеледі. Оның кейінгі тағдыры орыстың қолына түскен әлдеқандай сорлының қара құманындай, қора астауындай, Жырық шөміштей мұңды, қайғылы. Алыс Алтайдың аруы, Марқакөлдің көркем сұлуы амалсыз уақыт дегеніне көнеді. Әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының қарапайым қыз өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, көп қиыншылықты басынан кешірсе де мойымады. Жас ару бүлінген тағдыры, күлі көккеұшқан арманы, аяққа тапталған ары үшін уайым жейді.
Ақбілек – теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы. «Ақ патшаның жендеттері жаппай қолға түсіп, тұтқындалып жатыр»деген хабар жеткен кезде Ақбілектің қасындағы орыс офицерлері бас сауғалап қашуға мәжбүр болады. Осы орайда Ақбілек ақылдылығының арқасында туған жерінде аман қалады. Сөйтіп, жападан-жалғыз бір өзі қалған кезде түнде қосқа қасқырлар келеді. Ақбілектің ұғымпаз жан екеніне сол жолы анық көз жеткіземіз.Өйткені, іңірде шай қайнатқан оттың қоламтасын үрлеп оған ошақ басындағы қураған шөпті салып үрлейді. Жалын лап ете қалғанда үстіне тезек салады. Сөйтіп, үлкендердің ісін, айтқандарын ескеріп жүретіндігінен хабардар боламыз. Қасқарларды отпен қорқытқаннан -ақ оның ұғымпаз, байқағыш жан екендігі көрініс береді. Ауылына келе жатқанда сұр жыланды көреді. «Жылан торғайды арбап жейді» дегенді бала кезінде естіген. Торғайды ажалдан аман алып қалады да, өзі қорғансыз күй кешеді. Анау өңшең серейген, жат киімді, жат түрлі орыстар оған жылан болып елестейді. Ақбілектің кездейсоқ адамдардың кесірінен басынан кешкен тағдыр тауқыметі «ұйытқып соққан ызылдақ жел» секілді екен. Өйткені, кейіпкердің нәзік жанын ұқпайтын жағдайлар өте көп еді. Ауылға келгеннен кейін де түрлі қиын ой толғаныстарын бастан кешеді. Анасын орыс әскерлерінің атып тастағанын білгенде, қатты қайғырады. 12 жасар інісі Қажыкен мен 7 жасар сіңлісі Сараға бас-көз болып, қамқорлық жасаудан аянбайды. Мамырбайдың немере інісі Әмірдің әйелі Ұрқиямен достасып, сыр бөліседі. Өкінішке орай, аяғы ауырлағаны елге білінген тұста сүйгені Бекболат тастап кетеді. Сөйтіп, орыс әскерінің ұлын дүниеге әкеледі. Әкесінің, өгей шешесінің қытымыр қабағына шыдай алмаған Ақбілек қалаға кетіп тынады. Осыдан кейін ақ Ақбілектің өмірге деген көзқарасы өзгереді. Аға-жеңгесінің айтуымен Семейдегі алты айлық курсты да, Орынбордағы оқуды да тәмамдайды, білім алады. Осыдан соң Ақбілектің тұрмысы да, оқуы да жөнделеді. Театрға, киноға барып, ойын-сауыққа қатысады. Өзіне тең оқыған жігіт Балташпен тағдырын қосады.
Ақбілек» әлемі – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Ел мұратын асқақтатқан,ұлт руханияты мен көркемдік танымды биік белеске көтерген даңқты туынды.Жазушы еңбегі мен шығармашылықтағы ізденіс арналарын,жанр жүйесі мен көркемдік мұратты,тілдік-стильдік құбылыстарды бейнелі бедерлеген айшықты қолтаңба жемісі.
Жүсіпбек Аймауытов «АҚБІЛЕК»
Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Жүсіпбек Аймауытов аз ғана ғұмырында әдебиеттің әртүрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның ақ қарасын парықтауға арналған.
Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы – прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды.
«ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасының тізіміне енген
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романын да оқып, талдау ұсынылған.
«Ақбілек» романы жайлы қысқаша өз ойымды айтып, талдау жасар болсам: «Ақбілек» романындағы оқиғалар өмірден алынған. Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Елінде де алуан қиындыққа жолығады. Кейін төңкерістен кейін қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.
Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылының өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейді. Роман кейіпкерлері заман өзгерістерімен ілеседі, қоғамадағы өз орындарын іздейді. Түптің түбінде дегендеріне жетеді. Ақбілек романы – бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген қазақ романдарының бірі. Сол кезеңдегі әлеуметтік әділетсіздік пен қазақ әйелінің трагедиялық тағдыры суреттелген роман.
Шығармадағы басты кейіпкер –аяулы әке мен ананың алдында ерке болып өскен Ақбілек өмірін түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт төрт адам бұзғанды. Атақты Мамырбай байдың шаңырағын осы төрт атты орыс солдаттары ортасына түсірді. Бәйбішесін өлтіріп, қызын алып кетті. Ұзатылғалы отырған бойжеткен Ақбілек тыйым көрмеген аш бөрілердің олжасына айналды. Толау-тонау, кісі өлімі, төгілген ар, өртенген ауыл... Бұдан кейінгі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығын ешкім де дұшпанына тілемес. Отбасынан алыстап, байлығын тонатып, жанын шүберекке түйген, тілі, діні бөлек орыс, ақ содаттары Ақбілекті жабылып қорламақ та болады. Осы кезде оны қара мұртты офицер құтқарып қалып, оны озінің әйелі етеді. Бірақ Ақбілек ертеңгі күнге деген сенімін жоғалтпады.
Біраз күннен соң Ақбілек тәні кірлеп, жаны жүдеп көшкен орыстың жұртында жалғыз қалады. Жалғыздығына өкінген жоқ. Орыстың оғынан өлгеннен де құлазыған тауда тентіреп өлгенін артық көрді. Орыстардың дыбысы өшкенше: «Құтқарғаның шын ба, жасаған?»дегендей қарасы өшкен соң: «Уһ», деп демін бір алып төңірегіне көз салды...
Ақбілек көрген қиындық мұнымен біткен жоқ. Бұдан соң біз Ақбілекті қосын қоршаған аш қасқырлардың қамауында қалғанын көреміз. Осы кезде Ақбілек тез ес жиып, деру от басындағы тезекті, шөпшекті тұтатып жағып жібереді. Ақбілек от тәңірге сиынып, таң атқанша маздатып от жағып жаны аман қалады.
Бірақ ауылына келген соң ел арасындағы өсек-аяң, әкесінің өзінен қашқақтап жүруі, бұрынғы ғашығы Бекболаттың сырт айналуы жан жарасын одан сайын қоздырады.
Ел көзіне көріне алмай күлкі болған Ақбілек қалаға барып, білім алып, адам қатарына қосылып, жар тапты, бақытты өмірге қадам басты. Міне «Ақбілек» романының бүкіл тақырыбы мен идеясы осындай.
Түйіндей айтқанда, Ақбілек романы – қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Оқырманның әдемі әлем, әсерлі ой құшағында қалары анық.
М.Даукен,
әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхана қызметкері
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ащудағы автор тəәсілін
талдап жазыңыз.
Ақбілек – қазақ əәдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман. «Ақбілек» романындағы еліміздің
шығыс өңіріндегі əәлемге аян Алтай өңіріндегі ауыл көріністері, Ертіс-Күршім сипаты, Марқакөлдің
мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар əәлемі, алуан түсті адам портреттері,
этнографиялық этюдтер, яғни қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар арасындағы
қатынастарды шебер бейнелеген. Бұл романда қазақ қызының тағдыры туралы əәңгімеленеді.
«Ақбілек» романыныдағы оқиғалар өмірден алынған. Ақбілек əәлемі, Қазақ төңкерісінен
кейінгіқазақ ауылының əәрекеті кеңінен көрініс береді. Маңыздысы жазушы жан əәлемін жаулап
алған, қазақ қызының тағдыры. Автор оқиға өміріне сай табиғат тамашаларын əәсерлі, шабытты
сөз етсе, енді бірде ала ат мінген жалғыз адам туралы, сосын жекеленген бейнелер. Ақбілек,
Бекболат,Офицер, Мұқаш сияқты кейіпкерлерді сөйлетеді. Жазушы Ақбілекті өмір – тағдыр
талқысына сала отырып, бір ауылдың өсек аяңынан арашалап, қара мұрттың əәлсіздігін де
сездірмей, қаладан бақытына жолықтыруы – кеңестік кезеңнің талабы. Қазал əәйелінің еркіндік алу
салтанаты жемісті сəәт. Сондай – ақ Төлегеннің үйінде қонақта болған зиялы қауым өкілдерінің
өзара əәңгіме – сұхбаттарынан қазақы қалжың, пəәтер, темекі төңірегінде өріс алған əәңгіме арнасы
– бай – кедей, тап мəәселесіне алып келеді.
Жүсіпбек Аймауытов роман оқиғасын тарата, көркем, келісті баяндайды. Шығарма
тақырыбы иемденген басты тұлға Ақбілек аяулы əәке мен қымбат анасының алдында ерке де əәсем
болып өсті. Ол құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа
майымаған, өмірінен тағылым – ғибрат алған, жан – жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет
қыр қызы. Бірақ бұлжарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс,жүрістері суыт,
төрт атты бұзғанды. Үлкен үй-дəәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бəәбішесін
атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін,
көрген зорлығы мен тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес. Ел көзіне көріне алмай, күлкі
болып ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам қатарына қосылып, жар тапты, бақытты
өмірге қадам басты. Міне «Ақбілек» романының бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.
Қорыта келе, «Ақбілек» романын ұлттың таным мен парасатты, ұлтық болмыс – бітімін
көрсететін тəәрбиеік мəәні зор салт – дəәстүр, əәдет ғұрыптар деуге болады. «Ақбілек» романы – бір
ғана қазақ қызының тағдырымен қатар, əәлеуметтік төңкеріс тұсындағы қазақ ауылының өзгерісін
суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Роман арқылы ұлтымыздың бүгінгі, ертеңі болашақ
ұрпағымызға ой салары анық.
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін
талдап жазыңыз.
Жүсіпек Аймаутыов “Ақбілек” романы Ақбілек-қазақ əәдебиетіндегі алғашқы
эпикалық роман “Ақбілек” романындағы еліміздің шығыс өңіріндегі əәлемге аян Алтай
өңіріндегі ақыл көріністері, Ертіс-Күріш сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның
айналасындағы аң-құс, жануарлар əәлемі, алуан түсті адам портреттері,
этнографиялық этюдтер, яғнм қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар
арасындағы қатынастарды шебер бейнеленген. Бұл романда қазақ қызының тағдыры
туралы əәңгімелейді.
“Ақбілек” əәлемі романындағы оқиғалар өмірден алынған Ақбілек əәлемі, Қазақ
төңкерісімен кейінгі қазақ ауылының əәрекеті кеңінен көрініс береді. Маңыздысы
жазушының жан əәлемін жаулап алған, қазақ қызының тағдыры. Автор оқиға өміріне
сай табиғат тамашаларын əәсерлі, шабатты сөз етсе, енді бірде ала ат мінген
жалғыз адам туралы, сосын жекелеген бейнелер Ақбілек, Бекболат, Офицер, Мұқаш
сияқты кейіпкерлерді сөйлетеді. Жазушы Ақбілекті өмір-тағдыр талқысына сала
отырып, ауылдың өсек аяңынан арашалап, қара мұрттың алдындағы əәлсіздігін де
сөздірмей, қаладан бақытына жалықтыруы – кеңестік кезеңнің талабы. Қазақ
əәйелінің еркіндік алу салтанаты жемісті сəәті. Сондай-ақ Төлегеннің үйінде қонақта
болған зиян қауым өкілдерінің өзара əәңгіме – сұхбаттарынан қазақы қалжың, пəәтер,
темекі төңірегінде өріс алған əәңгіме арнасы – бай – кедей, тап мəәселесіне алып
келеді.
Жүсіпбек Айтмаутов роман оқиғасын тарата, көркем, кемісті баяндайды. Шығарма
тақырыбы иемдеген басты тұлға Ақбілек аяулы əәке мен қыбат анасының алдында
ерке де əәсем бөліп өсті. Ол құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты
аңсаған, зорлыққа мойымыған, өмірінен тағылым – ғибрат алған, жан-жүрегі таза,
махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы. Бірақ бұл жарастық, жастық
салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт, төрт атты бұзғанды.
Үлкен үй дəәулетті Мамырбайдың шаңдырағын ортасына түсіреді. Бəәйбішісімен
атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі
Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес.
Ел көзіне көріне алмай, күлкі болып ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам
қатарына қосылып, жар тапты, бақытты өмірге қадам басты. Міне, “Ақбілек”
романынның бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.
Қорыта келе, “Ақбілек” романын ұлттық таным мен парасатты, ұлттық болмыс-
бітімін көрсететін тəәрбиелік мəәні зор салт-дəәстүр, əәдеп-ғұрыптар деуге болады.
Ақбілек романы – бір ғана қазақ қызының тағдырымен қатар, əәлеуметтік төңкеріс
тұсындағы қазақ ауылының өзгерісін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.
Роман арқылы ұлтымыздың бүгінгі, ертеңі болашақ ұрпағымызға ой салары анық.
С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі достықта кездесетін сатқындыққа сенерлік дос таңдай білмеген адам кінәлі ме, әлде адал досқа сатқындық жасаған адам кінәлі ме
Сыр сандық өлеңі 1926 жылы жазылған. Ақын өлеңін 1923 жылы Қызылжар
қаласында болған жағдайға байланысты туған. Сəәкенді бір сапарында вокзалдан
күткен досы Шəәріпжан Потаев аяғын сындырып алады. Бірақ кейінгі тағы бір
кездесуде Сəәкенді танымайды, шақыртқанына келмепті. Сонда көңілі қалған Сəәкен
ақын:"Үлкен шенділерге табынғыш, жаоамсақ. Былтыр күтіп, аяғын сындырған дос
сымағым ұлық болсам, шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?" дегенді ойлапты.
Жалған достар қолыңда жемің болса, сені шыр айналып қасыңнан кетпейді. Ал
қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса, ол жалт береді. Ол дос емес, жалған дос.
Нағыз достар сырын ақтарып, бірін-бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Ондай
достардың жан сарайы, жүрегі берік қойма тəәрізді. Оны ақтаруға кез келгеннің қолы
жете бермейді. Тек достың досы ғанаақтара алады. Сəәкен де сағына сырласатын
нағыз дос іздейді. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына, оның
қалың нулыорманы, мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Сол тауда биік
шың бар, онда қымбат жасау бар, сол асыл бұйым, ғажап перне, сен оның кілтін
тауып аш та, сым пернені басып қара, дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың.
Ақынның суреттеген қоймасы - досының жан дүниесі, жүрегі.
Қазақтың дəәстүрі əәдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. "Дос жылатып
айтады, дұшпан күлдіріп айтады", "Досы жақсының өзі де жақсы", - деген мақал-
мəәтелдер де жеткілікті. Достыққа қарама-қарсы ұғым - қастық пен күншілдік.
Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере
алмайды, дос дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу - өмірлік
мақсаттардың бірі. Егер қасыңда жақсы досың болса, сен өмірдегі бақытты
жанның бірісің. Жақсы дос сені ешқашан жарты, жолда қиыншылықта тастап
кетпейді. Ол сенімен бірге өмірдің ыстық-суығына төзіп, нағыз достықтың үлгісін
көрсете біледі. Ал қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық бұл өмірдегі
ешнəәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Достық
қатынасқа нəәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет
ететін нəәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тəәнімізбен
еңбектенуіміз қажет. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек.
Сенім мен жарқын көңіл - достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос
бола білген адамның достары да көп болады жəәне жер бетінде өзін жалғыз
сезінбейді.
С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз!
Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз.
Сәкен қайраткерлігіне бір арнадан қарап, бір жүйеде баға беру дұрыс болмайды. Қазақтың мақтанышына айналған азаматтың өр тұлғасынан талай өнер үлгілері тарамданады.
Коммунистік партия мен Кеңес өкіметіне сеніп, оның жолын әділдік, теңдік жолы деп ұққан Сәкен басшылық тарапынан саясатты бұрмалаушылық көрген тұста, өзінің ой сезімін іркіп қалмағандығына тарих тағылымы біздің көзімізді жеткізді. Ол әрқашан пікірін ашық білдіріп отырған.Ол «ұлттардың өзін-өзі билеуі» деген Ленин қағидасына құлай сенген. Қазақстанда ұлт өкілдерін «ұлтшылдықпен» айыптап, қорытқысы келгендерге ашық наразылық білдірген. Бұған дәлел-оның 1923 жылы Ярославскийге жазған хаты. Ол Қазақстан үкіметінің басшысы боп жүргенде қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп жариялау, мемлекеттік іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, қазақ тілінде кітаптар, газет журналдарды шығаруды ұлғайту мәселлерін көтерген. «Қырғыз» аталып келген ұлттың «қазақ» екенін дәлелдеген де – осы Сәкен Сейфуллин. Ол 1923 жылы «Қазақты қазақ дейік, қателікті түзетейік» деген мақала жазды . Мақаласында ол: «бүгінге шейін қазақты орыстар киргиз деп келеді,… киргиз дегенде бір түрлі менмендік қиянатпен, қорлаған мазақпен айтатын» -деп ашына жазады.
1923 жылы 9 маусымда «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек» деген атақты мақаласын жариялады. Айтып –айтпай не керек…осы күнгедейін өз тіліміз өзімізге бұйырмай келе жатқандығы бәріңізге аян.
Сәкен ең алдымен өзінің өмір сүрген дәуірін жырлап, оны қастерлеудің оңтайлы жолдарын таба білген жаңашыл ұлы тұлға. Құдай берген дарынын сәулелендіруге сазгерлігі едәуір демесін жасап, сал-серілігі ажарлай түскені тағы бар. Сәкеннің өзімен қатарлас қанаттас болған қоғам және мемлекет қайраткерлерінен бір ерекшелігі оның ұлы ақындығында. Ал ақындығының ең мәнді сыры жаңашыл реформаторлығында. Жаңашылдықтың ең негізігі арнасы өмір сүрген замананың образын жасауында. Ақын жазушылар қай-қайсысы болмасын өз заманының образын жасауға талпынады, бірақ ондай дүние кез-келгеннің маңдайына жазылмайтын бақыт.
Сәкеннің көңіл күйі лирикаларының ішінде «Сыр сандық» атты өлеңі көрнекті орын алады. Адамдар арасындағы адал достық пен сезім тазалығын шерткен бұл шығармада ақын адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына балайды. Екінің бірі сол құздың басына шығып, сыр сандықты аша алмайды. Оны жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алмақ. Сыр сандығын ашып, адам жанының сым пернесін басқанда ғана дос көңілі, сыры шертіледі.
өлеңді ойға құру, мазмұнды түрмен ашу сияқты ізденістерді дамыта келіп,
сылқым сылдыры ойнақы өрнегі бар «Сыр сандықты» дүниеге әкелді.
Сыр сандықты ашып қара, /8/
Ашып қара сырласым. /7/
Сым пернені басып қара, /8/
Басып қара жырласын. /7/
Өлеңді өрнектеуі де қазақ поэзиясы үшін тың жаңалық болумен қатар сөздердің сазы көңіл қошын тез тауып еріксіз би билеткендей.
«Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған.Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған.Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған.Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотоев аяғын сындырып алады.Бірақ кейінгі бір кездесуге Сәкенді жаңағы досы танымайды,шақыртқанына келмепті.Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш,жарамсақ.Былтыр күтіп,аяғын сындырған доссымағым ұлық болсам ғана шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты.Әрине,бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде (фил.ғыл.докторы С.Талжанов) осылай сақталғанымен, Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен.Өмір,достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза,ешкімге қиянаты жоқ.Адалдық пен арамдық,мансап пен ар-ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды.Дос көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға балайды.Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға,нулы шатқалға,мөлдір суға,қымбат жасауға ұқсатады.Жанама,жағымсыз достарды қаламайды.Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады.Сұлу пернелер-адам бойындағы жақсы,жағымды қасиеттер.Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлайды.
Өлеңде жаныңды түсіне білетін шынайы достарға «қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар» қарсы қойылған.
Сөйтіп, Сәкен лириканы тек сезімді жырлаумен шектемей, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытьш, жаңа мұмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының үздік үлгілерін тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысы болды.