Эссе жазу

11 сынып ҰБТ дайындалу тақырыптары бойынша жазылған эсселер керек, көмектесіп жібересіздер ме?

Шын хакім, сөзін асыл - баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес - деп Алаш көсемі Мағжан Жұмабаев Абай есімі, Абай үні мәңгі қазақ жүрегінде ерекше орын алмақ. Абай шығармаларының ішіндегі, менің ойымша, ең құндысы ол - қара сөздері. Неге десеңіз, бұл шығармаларында Абай көпщілік оқушы, тыңдаушысыменен әңгімелеседі. Және сол үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шыңдықты сүйгіштік, ғылымға құштарлық сияқты жайларды айтады.
Мәселен, 19 сөзін алайық, бұл қара сөзінде Абай естілік пен білімділікке ден қойған. "Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады..." Шынымен де, Абайдың ұлы ақын болуы ең алдымен оның туа біткен дарынына байланысты болса, содан соң оның өскен ортасына, бала кезден алған тәрбиесі мен оқып-тоқығанына байланысты. Ес біліп, тілі шыққан кезден бастап ол қазақ әні мен өлеңін, не бір аталы да шұрайлы сөзін естіп, көпті көрген дана әжесі Зере мен тұқымына шешендік, ақындық өнерпаздық дарыған шешесі Ұлжанның тәрбиесін алып, кестелі сөздерін құлағына құйса, топ алдында жаңылмай сөйлейтін Құнанбай мен басқа да ру басшыларының даулы да билік сөздеріне ден қойса, аулына келген қонақтар мен жолаушылардың әңгімелерін, естеліктерін зор ынта қойып тыңдады, бойыңа сіңірді. Естілік пен білімділікті Абай өз ортасынан ғана емес,шығыс жұлдыздары, Байрон, Гете сияқты батыс ақындары, оларға жалғас орыс қаламгерлері - сонау Крыловтан бастап, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Салтыков - Щедриндердің қазақтың жалғыз классигі солардың барлығына шәкірт болып шығады.
Қорыта айтқанда, адам баласына есті, білімді болу үшін бар жағдай бар оны жанынан іздей ме, әлде білім кенін қаза ма оны адам өзі шешеді. Алайда, адам оны біліп түсінуге тұшынбаса онда бар қақпа жабылады.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады.

Мұндай сөзді есіткенде жай­қақтап, шалғырттанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?
Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы мен жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып»деуінде үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді.Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылдықты сақтайтын ұят-намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек-адамның ішкі сезімі деген ұғымды қолданған.

Абай халықтың жоғын жастанып,кемел жолға бастар жолды іздеді.Сол жолда аянбай тер төгіп,өз заманының сипатын,халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнелейді.Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.

Расында да, Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне , логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп, көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара- сөздеріндегі гуманистик, ағартушылық,әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды.Мен он төртінші қара сөзіне тоқталсам:Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады.Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап,шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса,не сол жерде сөздің расына көз жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол туралы сөз болады.

Қорыта келгенде,Абайдың қара сөздері-оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.Қарасөздің бағасы-бай заманындағы жағдайды,тарихи шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып берді.
Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.

Абайдың өлеңдері пен дастандары туралы кейін айтармыз. Абайдың жазған шығармаларының ішінегі аса құндысы қара сөздері.Өзінің алғашқы қара сөзін бастаған тұста ғұлама орта жасқа келгенде не істемек керек? Қайтсем елге пайдам тимек деп ойланады. Сөйтіп, елді , малды да, ғылымды да, дінді де, баланы да баға алмайтынын айтып, ең оңтайлы жолын қарайды. Өзінің ішіндегі ойын, білімін қағазға түсірмекке бекінеді. Кейінгілер керегін алар деген оймен.
Абайдың он тоғызыншы қара сөзінде білімділікке қандай адамның жететінінін және сол алған білімін қалай жүзеге асыру керектігі туралы жазылады. «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады». Яғни білімділікке жету үшін еңбектену керек. білімді болу үшін адам көп білу керек, көп білу үшін көп оқу қажет. Көпті көру қажет, көпті көру үшін естілермен араласу керек. Және осы оқып білгеніңмен, естіп көргеніңді сұрыптап, саралап пайдалану керек. Бүгін естіп ертең ұмытып немесе естігеніңді қағыс түсіну білімділікке әкелмейді.
Енді осының бәрін бір адамның өмірлік дерегі арқылы түсіндірсек. Мысал ретінде дәл осы ғұлама Абайдың өзін алайық. Абай көп оқыды. Ол шығыс ғұлама ойшылдары, шайырларын жатқа білді. Және ол орыс ақын-жазушыларын да оқыды. Соның ішінен өзіне ұнағандарын сүзіп алды. Жаққсы дегендерін қазақ тіліне аударды. Ал естігендерін айтсақ. Алдымен Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжанға тоқталу керек. Әжесінің «ерте, ерте, ерте де» деп бастаған ертегілеріне сусып өсті. Кей кездері анасы да ертегі айтып беретін болған. Сосын екі шешесі аса қонақжай болғандықтан олардың үйіне сал-серілер, ертегішілер көп түсетін болған. Міне, Абай соларды тыңдап, қазақтың қисса-дастандарына сусып өсті. Кейін араласқан адамдары да аса білімді болған. Мәселен, Михалиспен Абайдың таныстығы да оған үлкен өзгерістер әкелді. Ол Михаилис арқылы орыс халқының саяси, әлеуметтік, мәдени өмірімен танысты. Әртүрлі орыс ойшылдарын қарады. Және соның бәрін бойына дұрыс сіңірді. Нәтижесінде өзі де ғұлама ойшылға айналды.
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің əәлсіздігін талдап
жазыңыз
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы Ескендір қандай адам? Ақылдылығымен,
айласымен, көрегендігімен, талапшылдығымен, мақсат қойғыштығымен атағы жер жарған,
ешікімді өзіне бағындырмай қоймаған даңқты тұлға. Керемет! Осыншама ұлы қасиеттерге ие
атақты патшаның бойында міні бар ма, əәлсіздігі бар ма?!
Иəә, бар! Жəәне ол əәлсіздіктері аз да емес! Ғұлама Абай оның жауабын поэманың өзінде бізге
ұғындырып та берді. Ақын патша ұлылығын көрсете отырып, сол «ұлылықтың» астарында
əәлсіздіктің жасырынып жатқандығын дəәлелдей жазады. Македониядағы бала күнінен «ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ» бала. ƏӘкесі өмірден кеткен соң жиырма жасқа əәлі толмаған жігіт
билеуші болды. Өзін алып билеуші санаған Ескендірге оның мемлекеті өте кішкентай болып
көрінді: «өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алатып қарады оңды-солды». Осылайша, дайын
билікке оп-оңай қол жеткізген Ескендірдің бойындағы көрсеқызарлық оты тұтанды.
Ескендір неғұрлым көп жерді жаулап алған сайын оның ашкөздігі мен қатыгездігі өрши
түсті. Бұл-заңды құбылыс. «Алтын көрсе, періште жолдан таяр»,- деп халық та айтқан емес пе?!
Ешқашан қылышы майырылмаған Ескендір енді үсті-үстіне масаттана береді. Жолында не
кезіксе, соның барлығы ұлы жеңімпаз Ескендірге тиесілі болуы тиіс! Тіпті, кішкентай бұлақ та
оның ашкөздігін тоқтатпады:
«...Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,
Талқан қылып шаһарын алыңыздар!». Көрдіңіз бе, жойқын билеушінінің екпінін ешкім де
тоқтатпайтын сияқты!
Тойымсыздық, ашкөздік, қанағатсыздық, қатыгездік, өзінен басқаны көрмеу, өзгені
мойындамау, қырып-жою ұлылық па? Жоқ, бұл барып тұрған қасиетсіздік, осалдық, патшаның өзі
байқамаған сорақы əәлсіздігі! Поэманың ақырына қарай:
«...Тоя ма адам көзі мың-мың санға...
...Қанша тірі жүрсе де өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен...» деген жолдарда Ескендірге ақылшысының сынай айтқаны
патшаға терең ой салады. Ешкімге құлақ аспаған даңқты билеуші дана Аристотельдің əәрекеті мен
ақыл сөзінің алдында осылайша алғаш рет мойұнсынды.
Қорыта келе, Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында ақын зұлымдық пен мейірімсіздікті
ақылға жеңдіреді. Поэмадан ұлылық пен даңқ иесі болу-ашкөздік, қанағатсыздық, жауыздық,
менмендіктен жасалмайтындығы жайлы дана ой түюге болады.
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.
Бүгінгі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында өткізілгелі отырған ашық сабағымыздың тақырыбы – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. «Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.
Абай ең алдымен оқырманынан Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып,оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Бұл Абайдың жұртқа олар білетін, халық ара-сында ауыз әдебиеті үлгілері арқылы “Қос мүйізді Зұлқарнайын” деген атаумен кең тараған Ескендірден басқа кейіпкер жайын жыр ететінін аңғарту үшін ұстанған әдісі болса керек. Абай заманындағы туындаған шығарманың оқырманынан тыңдарманы көп болғаны белгілі. Сол себепті кейіпкерінің атын сол кездегі тыңдаушы құлағына ауырлау тиетін Александр деп алғаннан гөрі құлақ естіп, ауыз айтып үйренген Ескендір деп таңдауы да түсінікті жағдай. Абай таланты әбден толысып, ақындық кемелділікке жеткен шағында ауыз әдебиетінде кең тараған аңыз-әпсаналармен қатар тарихи шындық деректерді негіз етіп, өзінің ақындық ой-өрнегінен өткізіп Ескендір бейнесінің еш боямасыз, шынайы бет-әлпетін жасады. Абай жырлаған Ескендір, Александр Македонский–тарихи тұлға. Ол–бос әсірелей жырлаудан ада, тарихи шындық шеңбері аясында сомдалған бірегей бейне.Абай мұраларының қазақ, Шығыс, Батыс мәдениетімен табиғи түрде ұштасқандығының кезекті бір елеулі мы­салы деуге тұрарлық сүйекті шығармасы «Ескендірдің» қысқаша тағдыры осындай. Осы поэма арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік, тұжырым қалыптастырды, өзгенің жеріне, байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді. Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға қадам жасады.
«...дəәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім
ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнəәлі болармын деп
қорқамын» дегенЫ. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» əәңгімесіндегі
Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?
ƏӘңгіменың тақырыбына қарап «жомарт» - адамға тəән қасиет Атымтай –
адамный есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі
халық фольклорында кездесіп , əәрдайым жағымды образ ретінде
сипатталатын кейіпкер. Ал жомарт сөзі парсы тілінен аударғанда «жуван» -
жас, жігіт, «мард» - адам деген мағына береді екен. ƏӘңгімеде автор
Атымтайдың жомарттығын барынша көрсетуге тырысқан. Атымтай Жомарт
қолы ашық, кең пейіл ғана емес, рухани дүниесі мен де жомарт екендігін
жоғарыдағы сөздерінде байқауға болады.
Атымтай Жомарт əәңгіме барысындағы қарапайымдылығамен
корінеді.Мəәтіндегі сөздерге назар аударайықшы, «Өзі есепсіз бай бола тұрып,
күн сайын бір мезгіл үстіне ескі – құсқы киім киіп отын, шөп тасып жұмыс
қылады екен», - дейді автор. Бүның өзі жомарт мінезбен өзін-өзі тəәрбиелеу
деп білеміз. Адам өзіне саналықпен есеп беріп отырмаса, өзін басқалардан
жоғары санап, менмендің пайда болуы мүмкін екенін Атымтай Жомарт
түсінеді.Ол сондықтан сол кеселге бой алдырып кетуден қорқады.
Тəәкаппарлық – тез жұғатын əәдет.
«Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам , мұның кемшілік емес екенін біліп,
кейінгілері əәбірет алсын деймін»,- деген сөздерге назар салсақ алдыға кінге
деген қорқынышын көруге болады. Өзің жұмыс істемей, һзшелерге əәмір
берумен шектелсем, кейінгі ұрпағыма берем үміт қандай болмақ? Ендеше
Атымтай Жомарттың қорқынышы орынды деп білемін. Адам шын мəәнінде
сол бақ-дəәулетті сыйлар отырған құдайын ұмытса тəәубаға келуде
қалады.Адамның келбеті кен айырылары анық. Адамның жақсы нірсеге бой
алдыруы мансапқор болуы бір өттік құбылыс екенін анық. Оны тіпті бірінші
заманда анық байқауғада да болады .Атымтай Жомарттай бақ-дəәулеті тасқан
пенделер аз емес. Дегенмен солардығ бəәрі «Атымтай Жомарт» па?!
Солардың əәрбірінде, тіпті адамның бəәріңе деосы əәңгіме кейіпкерінің «əәдемі
ат, асыл киім, асқан дəәулетті əәдет етсең, көңілге жел кіргізеді; сол желіккен
көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшалардан жиреніп, көз салмай, кем-
кетікке жірдем беруді ұмытармын» деген қорқынышы болса артыө болмас
еді деген ой келеді.
Қорыта келсе, əәңгіме кейіпкерінің əәр сөзі,əәрі ісі оқырманға үлгі екендігін
баса айтқым келеді. Үлгі бола қана қоймай адам тұлғасында қалуына ой
салар тұрткі екені даусыз.
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі
арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды
дəәлелдеңіз.
Аристотель – əәлемнің алғашқы ұстазы. Парасаттылыңымен көпке танылған
ол Хакім Абайдың «Ескендір» поэмасында ұлы патша ақылшысы болады.ƏӘр
ойды тұспалды,астарлы ойдың ашығын жеткізетін ұстақ сөзі əәрқашан
орынды
Ашкөз, бар əәлемді өз қарамағына алғысыкелген озбыр патша сол бір
шаһарға келгенде мысы басылып, беті қайтты. Себебі не деп ойлар едіңіз?
Иəә, өзінің тойымсыздығы.Өз һзінекөзделген қарудыі өзі ұстап тұрғанын ол
сол күйі білмей кетуші еді. Тек əәміршінің оң-солын танытқан оның
ақылшысы Аристотелль ғана өз тұжырмымен жеткізбесе.. Бар ойпатты
қанмен толтырған Ескендір Зұлқарнайынның көзі де қанға толы еді.Сол
қанды көз көрмеген ұстаз анық көріп, анық шешімін айтты.
Өркөкірек Ескендір патша өзіне сыйлық алдым деп қуанғанында шыққан
бас сүйеу оның өз қателігін айқын етті. Мəәнін білмей дөл тұрғанда,
Аристотель таразыны əәкелдіруін сұратты. Бір басына сол бас сүйекті
қойды.Екінші жағына бар алтынын,бар қару-жарағын қойса да, салмағы еш
түспеген «өз сыйлығына» қатты ашуланған корольді өзіне келтірген
Аристотель жалғыз қимылы,жалғыз ауыз сөзі еді. Бір уыс топырақты бас
жатқан таразы бөлігіне қойғанда ғана ол салмағына келген-ді.
Мұның мəәнін түсінбеген тойымсыз əәскербасы өз ақылгөйінен бар мəән-
жайды сұрады.Шешімін Аристотель былай жеткізді:
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр,көзіне құм құйылғанда...
Сый сұрадың,бергені – бір қу сүйек,
Мұны көріп, алыңыщ сіз де ғибрат!
Осылайынан мақтаншақ патша өз қателігін түсінді.Бар абырой – дүние-
мүлік,жиған-терген емес, адамгершілік пен қанағат,ұят пен сабыр екенін
ұғынып кері шегінді.
Осы ойдың қорытындысысына келсек,жалған қу өмірде жалғыз жолдас –
адамдық.Бақ пен дəәулетін,ықпалың уақытша. Тойымсыздалып,байлық
іздеп,өз жолының ада
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір
мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз.
Сондаған ғасырлар бойы батыс пен шығыстың талай елінде Ескендірдің
жорық жолын дəәріптеген көптеген туындылар дүниеге келді.Фирдоуси
«Шахнамасында»,Низами «Ескендірнама» атты дастанында,Жəәми
«Ескендірдің даналық кітабында» жазып,оның образын
данышпан,ақылды,батыр деп ардақтап аөрсеткен,Александр Македонский
туралы тағы да тарихи еңбектер де,фольклорлық туындылар да,əәдеби
шығармалар да аз емес.
Абай Құнанбаев жазған «Ескендір» поэмасындағы басты кейіпкер-
Ескендір.Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен
тараса,Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған,белгілі
қолбасшы жайлы аңыздар негізіне,жырларға кейіпкер болған патша.Абай
«Ескендір» поэмасының композициясын,сюжеттік əәкелесін өзіне дейінгі
жырлардың ешқайсысына ұқсатпай,Ескендір Зұлқарнайын образын
озбыр,соғысқұмар,даңққұмар,дүниеқор,менмен,қатал,яғни жолында тұрған
кез-келген тосқауылды қатыгездікпен жойған.Оған дəәлел ретінде:
Көп елді күтінбеген қырды,жойды,
Ханды өлтіріп қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бəәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты,- деген жолдарданкөре
аламыз.
Ескендір Зұлқарнайын туралы тағы да бір əәлемге тараған туынды ал «қос
мүйізді Ескендір».Бұл əәңгімеде Ескендір қос мүйізді болып
бейнеленгендіктен оны «Зұлқарнайын деп атап кеткен екен.Содан кейін,оған
ерекше күш,айбын,тіпті ежелгі Египеттегі жануар басты құдайлар мен
патшаларға тəән қасиет танылады.Себебі шығыс халықтарынынң ерте
заманғы түсінігі бойынша,адамға біткен мүйіздер екшелеп батылдықтың,аса
бір ерекшеліктің белгісі екен.
Белгілі ғалым Е.Э Бертельстің дəәлелдеуінше,Ескендір туралы алғашқы
аңыздар мен əәңгімелер оның өз сарбаздарының арасында туған.Ол
əәңгімелерді көпшілікке таратқан да – осы сарбаздары. Ал басқа деректерге
сүйенсек оның бейнесінің бүгінге дейін жаңғырып,жаңарып жетуіне
қолбасшының өзі көп күш салған.Ол əәрбір жорыққа өзінің ерлігін хатқа
түсіріп отырған жылнамашы-жазушыларды ертіп жүрген.Сондай
жазушының бірі – Каллисфен.Александр батырлығы мен айбындылығын
əәсірелей сипаттайтын «Александр жайлы роман»жазып қалдырған.
Міне,жер жаһанға əәйгілі Ескендір Зұлқарнайынның бүгінгі бізге жеткен
бейнесі – батыр, білімді қолбасшы,əәлемді аузына қаратқан ұлы патша екеніне
көзіміз əәкетіп отыр.Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы арқылы қалың қазақ
өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша
түсінік,тұжырым қалыптастырды,өзгенің жеріне,байлығына көз тігудің
əәділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді.Ресей отаршылығының қасіретін
тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға өадам жасады.
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз

«Ескендір» поэмасы - Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Поэма Шығыста «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Әлішер Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұлтақырыптыескіүлгініңешқайсысыналмай, өзіншежырлаған.
Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болтан ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Поэма да жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды.
Поэмада Ескендірдің әлсіз қылықтары сөз болады. Менің ойымша оның ең басты әлсіздігі – тойымсыздығы. Себебі сонша жерді жаулап алып, сонша елдің қанын төгіп, ақыры бір шөл далада қаңғырып қалғанында алдынан шыққан бұлақтан су ішіп, кейін сол бұлақтың басын жаулаймын дегені де тойымсыздық. Себебі даланың бұлағы да, тауы да, тасы да, барша адамзат баласына ортақ. Ол ешкімнің иелігіндегі дүние бола алмайды. Екіншісі әлсіздігі – Мақтаншақтығы. Оны қақпа алдына барғанда, күзетші қақпаны ашпаған тұста мен Ескендірмін деп кеудесін соққандығы. Оған жауапты күзетшінің тілімен беретін болсақ:
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!
Іші тар, көре алмастың біреуі - сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.
Үшінші, әлсіздігі – білісіздігі. Ол қолындағы адамның бас сүйегін лақтырып жібереді. Адам баласының қай ұлты үшін болмасын адамның бас сүйегі аса қадірменді. Ал Ескендір өзінің көрсоқырлығы кесірінен сол ұлылықты түсінбеді бір. Екіншіден, оған беріліп тұрған жәй ғана бас сүйек емес, үлкен даналық екенін де ұғына алмады. Осы кезде Аристотельдей ғұлама жұмбақты шешіп, даналығын танытты. Жалпы алғанда Абайдың бес нәрседен қашық бол дейтін өлңіндегі әлсіздіктің барлығы Ескендірдің бойында бар.
Шəәкəәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?
Абай жəәне Шəәкəәрім... Бірінші айтар нəәрсе Шəәкəәрімнің Шəәкəәрім болып қалыптасуына əәсер еткен
бірден бір тұлға, ол ағасы – Абай. Ол жастайынан Абайдың тəәрбиесінде өсті. Абайдың ықпалымен
өлең жазды, Абайды түсінуге тырысты. Абайдың діттеген мақсатын өз діттегеніне айналдыра
білді. «Абай нені қалап еді?» деген сұрақ туындары анық. Ұлы ақынды мазалаған да, ұйқы бермеген
де қалың елі қазағының жайы екені бəәрімізге аян. Ақын өз шығармаларында халқының кейбір
наданығы – өнер, ғылым, білім іздемей, мал іздеуі, мақтан табуы жайында ашына да ашыла
айтты.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім, - деп сөз бастаған Абай жастардың
құр уақытты өткізбей, білім жолына түсуін қалады.
Өз кезегінде інісі Шəәкəәрімге «білім ал, өрісіңді кеңейт!» - деп талай рет айтты, талай рет оған
жол сілтеді. Абай сілтеген жолды, Абайдың жолын Шəәкəәрім ұғына білді. Міне, сол үшін де
Шəәкəәрім өлеңдері Абай өлеңдерімен қай жағынан болмасын сабақтас болып келеді. Соның бірі
«Жастарға» атты өлеңі. Ол жастарға өшпес өмір, зорлықсыз мал беретін данышпан бар екендігін,
ол данышпанның Абай екендігін айтады. Жастарды Абайдан ақыл, білім, насихат іздеуге
шақырады. Надандықтың заманы орнап тұрған шақта жастардың жайын ойлап, Абайдың халін
ұқтыруға тырысты. Абай айтар ақылын айтудай-ақ айтқан еді, алайда, оның сөзін сөз деп іліп
алар жан табылмады. Шəәкəәрім жастарды Абай ақылын алуға шақырды. Өз Абайын өздері
ұнатпайтын халқының сол бір надан мінездерін кінəәлəәді. Шəәкəәрімнің мазалаған ойлары қазақтың
ғылым-білімді іздеуін, сол ғылым мен білімге ие адамдармен санасуын қалады. Ол қоғамның кемшіл
тұстарын табалай отырып, басқа бір жолды табуға итермелер, жастарды жігерлендірмекке
талпынды. Осы жолда ақыл тұтар сөз иесін Абай деп таныды. Соның ілімімен дүниеде мақтан
жыймай, надан болмай, жалқаулық танытпай, өтірікке бармай өтуді дұрыс деп тапты.