1. Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?
2. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз.
3. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
4. «Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың:
…Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды.
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.
5. Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.
6. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз.
7. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
8. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
9. Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
10. Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
11. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.
12. Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
13. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап жазыңыз.
14. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз.
15. ХІХ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма?
16. Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па?
17. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.
18. Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
19. Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз.
20. Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
21. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз.
22. Біржан салдың «Теміртас» өлеңінің туу себебін ақынның өмірлік деректері арқылы талдап жазыңыз.
23. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз.
24. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
25. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
26. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі. Ақынның өлең жолдарында қандай қозғалыс, қандай әрекет жатыр?
27. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз.
28. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.
29. С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі достықта кездесетін сатқындыққа сенерлік дос таңдай білмеген адам кінәлі ме, әлде адал досқа сатқындық жасаған адам кінәлі ме?
30. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
31. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.
32. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз.
33. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасын Абыз сөзімен бастап, Абыз сөзімен аяқтауында қандай сыр жатыр?
34. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
35. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
36. С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды?
37. Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
38. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор (Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
39. М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
40. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
41. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
42. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
43. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.
44. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан авторға не үшін қажет?
45. ХХ ғасырдағы әдеби туындылардан Алаш идеясын тауып, дәлелдеңіз.
46. ЭКСПО көрмесі – тұрақты дамудың биік үлгісі. Өз ойыңызды дәйектеңіз.
47. Бүгінгі Атымтайлар мен Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі Атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеңіз.
48. Бүгінгі күн жігіттерінің бойында Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңінде сипатталған мінез-құлықтар қаншалықты кездесетінін дәлелдеңіз.
49. XX ғасырдың басындағы қазақ халқы мен XXI ғасыр қазағының болмысын Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңін негізге ала отырып салыстырыңыз.
50. Өзің білетін Ұлы Отан соғысы жауынгерінің ерлік істерінің Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне сәйкестігін дәлелдеп жазыңыз.
51. Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасы 1963-1964 жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса, ақын нені жырлар еді деп ойлайсыз?
52. Махамбет өлеңдеріндегі(«Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз.
53. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
54. «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
55. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
56. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
57. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз.
58. «…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?
59. Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап жазыңыз.
60. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз,
61. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз.
62. Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.
63. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
64. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
65. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
66. Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз.
67. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
68. Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?
69. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
70. Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?
71. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
72. Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз.
73. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
74. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырлардағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз.
75. Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.
76. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?
77. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
78. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы
бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
79. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
80. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
81. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
82. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
83. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
84. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың Бөжей асындағы азаматтығы елге танылу ма, елді таныту ма, жоқ әлде есейгендік пе?
85. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
86. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасында Кебектің: «Бағың ашылатын күн болар ма, әлде сорға туған сорлымысың, бейшара?!» деуі шарасыздық па, әлде әлсіздік пе? Өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.
87. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз.
88. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
89. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
90. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жазыңыз.
91. Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма?
92. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
93. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі мақсатын талдап жазыңыз.
94. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
95. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
96. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» – деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
97. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
98. Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
99. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз.
100. Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
101. Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
102. Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?
Махамбеттің «қара нарына» менің жүктерім
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.
М. Өтемісұлы "Тар қамау"
Махамбеттің «қара нары» - қиындықты бірге төзетін, қолдау беріп, ауыр жүкті бөлісетін жол серігі. Махамбет пен Исатайды көтеріліс басшылары ретінде әрі батыр деп білеміз. Халықты қанағандарға қарсы бас көтерген бұл қос батырды қолдағандар да, қолдамағандар да болды. Қолдағандары көтеріліс басшыларының ұшар қанаты да, қонар құйрығы да болды. Зәбір көріп толарсақтан саз кешсе де, алған бетінен сүйреп шығар, Махамбеттің міндеттелген «қара нары» да осы қолдағандар. Ал мен өз тарапымнан қолдаған «қара нарға» не міндет жүктеймін? Жолымда кездескен әр қиындықты шешер болсам, алдымен сенімді адаммен ақылдасып, ойын тыңдап, өз шешімімді байлар едім. Шешім әр қашан түзу бола бермейді.
Байлаған шешімім бұрыс болған жағдайда қолдағаннның аяғына дейін сенім артып қолдағанын қалаймын. Түпкі мақсат бір болған соң, жол үстіндегі шешімдерге сенім артып, «өлсек бірге өлеміз» дейтін ұстамды болуын сұрар едім. Әрине, талап етерім өте ауыр. Менің жолымда күйрегені, обалы маған қалғаны деген сөз емес пе? Алайда Исатай жолында өмірі өткен Махамбеттің тарихта жазылғаны Исатай обалы деген тұжырымға келісесіз бе? Әрине жоқ, екеуі де ел мақтанышы. Яғни, түпкі мақсаттың аяғына дейін сабырмен қолдауын мен жүктеймін.
Ортақ мақсат жолында жеңілусіз жеңіс болмайды. Алмағымның салмағы бар дегендей, проблеманың әр қилысын бастан өткере білу керек. Проблеманы өткере білуді сабыр деп түсінемін. Қара нарға жүктерім де сабыр. Ақырында, адам болған соң жеңетінін де, жеңілетінін де сабырмен түсініп адамгершілік танытса екен деймін. Адамгершілік – адам болу өнері дегенге келісесіз бе? Әрине түсіну қиын болса да, адамның бәрі адам емес. Тәнінің адамша жаратылғанымен, хайуан жандылар бар. Жаны хайуан адамдарды дүниеде зұлымдықтың барлығымен түсіндіремін. Исатай мен Махамбет көтерілісі хайуандыққа қарсы бағытталды, ескеріңіз.
Адамгершілік - адам болу қасиеті. Мені қолдаушы адамның, менің жолымда серік болса осы қасиетті міндеттер едім.
Менің ойымша, Исатай мен Махамбеттен «қара нарға» жүктегендерінен менің қойған жүгімде көрінеді. Бір-біреуінің тілеуін тілеп, қамқорлық танытқанын да; сабырлық танытып ханға қарсы шыққанын да; әрі адамгершілік – халық қамын ойлағандығын да көреміз. Бұл қасиеттер менің құндылықтарым әрі «қатепті қара нарға» жүктегендерім.
Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынан кешіруде, елін, жерін қорғап,азаттық үшін ішкі, сыртқы жауларымен де сұрапыл айқасқа түсті.Дәл осы сәтте қазақ ақыны Махамбет атамыздың халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы ақын. Махамбет ақын-ұлт азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға ретінде біздің тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай-ақ қоғам қайраткерлерімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арналған ардақты ақын
Махамбеттің:
Толарсақтай саз кеміп,
Тоқтамай тартып шығарға,
Қас үлектен туған қатенті
Қара қар керек біздің бұл іске, -
деп,халқының қолдауына зәру керек екенін жырлаған.Оның «Қара нарға» қиын сәтте бірге болып, қолдау көрсетіп ауыр жүпті бөлісетін жыл серігі. Менің ойымша қазіргі таңдағы қазақстанның тіуелсіз, егемен мемлекет екендігі бізге берер мүмкіндігі өте зор. Тәуелсіздігі – ең алдымен – халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарды басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауыпсіздікті қамтамасыз еті, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жомпардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Қорыта келе, менің айтқым келгені Махамбет- ол жорық жаруы. Сол ұлы бабаларының дәстүрін жалғастырған, рухын сөзімін емес, ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Өзінің жырлаған жырларының барысында халыққа өзінің міндеттерін жүктеген. Дәл солай қазіргі таңда да жоғарыдағы билік иегерлері бізге, яғни болашақ ұрпаққа білімді болып, егемен еліміздің дара тұлғалы болуды міндеттейді. Осы жүктелген міндетті адал атқарсақ, Қазақстанның тұғыры биік ел болады деген үмітпен қараймыз.
Махамбет шығармашылығын Кеңес өкіметі кезінде саяси бағытқа бұрып, қоғам ықпалына орай талданды. Ұлы ақынның жырларын байманап, ханпатшаға қарсылық ұғымы шеңберінде ғана бағалауға ұмтылды. Бірақ, тереңірек ойлап ой таразысына салғанда, Махамбет жырларының ұстанған бағыты тереңірек еді. Махамбет қазақ халқының тәуелсіздік туын ұстанған ақын. Тәуелсіздікке, бостандыққа үндеп, азаматтық еркіндікке ұмтылды. Осы жолда басын тау мен тасқа ұрды. Ашық айтты. Тартынбай сөйледі Поэзияның құдіретті қуат күшіне арқа сүйеп, алыстан сермеді. Туған еліміз, Қазақстан атты мемлекетіміз тәуелсіздікке қолжеткізген тұста, Махамбет жырларының қадірқасиетін қайта қарауға, қайта талдау,басқаша бағалау міндеті алда тұр. Махамбет туралы тұжырымды ойпікір айту үшін, Махамбеттің құдіретті поэзиясына мағыналы баға беру үшін, ең алдымен Махамбет Өтемісұлының өмірін, Исатай Махамбет бастаған халық көтерілісін, Махамбет поэзиясының ақиқат шындығын, оның өлеңдерінің романтизмін, ең ақырында Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктерін ашып айтпай, Махамбет Өтемісұлысынды ұлы тұлғаны көзге елестете алуымыз мүмкін емес. Ғалым Қажым Жұмалиевтың дерегіне сүйенсек, Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстанда туғандығын, Батыс Қазақстан ол кезде, Бөкей, немесе, ішкі Орда деп аталғандығына көзіміз жетеді. Жайық пен Еділдің екі арасында өткен өлке еді дейді ғалым. ТайманныңИсатайы да, Өтемістің Махамбеті де Беріш руының перзенті. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын
өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи
шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын,
ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.
Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап
күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың
бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек, Махамбеттің саяси
лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор традициясымен байланысты. Жалпы,
саяси лириканың өзіне қас ерекшелігі — үгіт-насихат істерді көпшілікке үндеу,
белгілі бір топтың не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркемсөз арқылы
көпшіліктің сана-сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет
поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.
Біз жоғарыда да Махамбеттің өміріне байланысты Ішкі Бөкей ордасының
шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен
байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы
батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына
артқан адамның бірі — Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты
қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы
тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де солармен
салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің
негізгі ерекшелігі — оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек
жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой,
нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл
үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс
туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын етті. Бұл мазмұн Махамбет
өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр — мазмұнның түрі болуы қажет
деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: «Ереулі атқа ер
салмай», «Мұңайма», «Айныман» деген өлеңдері — мазмұнына түрі сай, жалынды
үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің
мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған
отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып
келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау немесе риторикалық сұрау болып отырады.
Махамбет ақын – шын мәнісінде халқының ұлт азаттығын аңсаған, тәуелсіздігін көксеген, әділет жолына жанын пида еткен тұлға. Әділет жолындағы бұл іске тегін адам бармайды, жүрегінің түгі бар адам ғана бара алады. Сондықтанда Махамбет ақын: Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға, Қас үлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бірбіріндеп сөксе де Қабағын шытпас ер керек Біздің бүйткен бұл іске, – дейді. Бұл әділет жолына бір жола бет бұрған адамның сөзі. Жүрек толқынысы. Осындай мағыналы да, саналы да ерлікке кімдер жарамайды, кімдер қолқанат бола алмайды?! Олар: Арғымақтан туған қазанат, Шабуыл салса нанғысыз. Қазанаттан туған қаз мойын, Күнінде көз көрінім жер шалғысыз… Айырдан туған жампоз бар, Нарға жүгін салғысыз. Аруанадан туған мая бар, Асылын айуан десең нанғысыз. Жақсыдан туған жаман бар, Күндердің күні болғанда Жарамды бір теріге алғысыз, – жандар болмақ. Махамбеттің осы екі жырының мәні – ақынның көз қарасын айқындаған. «Толарсақтан саз кешіп… қабағын шытпас ер керек, біздің бүйткен бұл іске» деп тұжырымдаса, «аруанадан туған мая бар, асылын айуан десе нанғысыз, жақсыдан туған жаман бар. Күндердің күні болғанда, жарамды бір теріге алғысыз…» деуі – тәуелсіздік жолындағы өрелі істерге бастайтын тағылымды туынды екенін көрсетеді. Алда Қазақ Елінің тәуелсіздігіне – жиырма жыл толғалы отыр. Бір қарасаң үлкен жас та емес, ұзақ жыл да емес. Жиырма жылдық атқарылған ұланғайыр істерге көз салсаң қария ғұмырындай біраз айтарлықтай ұлы істер атқарылған. Тәуелсіздікті айтқанда, Махамбеттің жырлары жадыңа оралады. Дүниежүзінде екінші Шекспир атанған Португалия ақыны Луиш ди Камоэнс Махамбетсынды тәуелсіздік үшін күрескен ақын. Португалия өзінің Тәуелсіздігінен айрылған 1580 жылдың 10 маусымында Луиш ди Камоэнс дүниеден өтеді. «Мен, тіпті, өзімнің туған Отанымда көз жұмғалы жатқан жоқпын, мен сол тәуелсіздігінен айырылған туған Отаныммен бірге өліп жатқандай сезінемін» деген ақынның жалынды сөзі ұлтының жүрегіне ұялап, Португалия елі қайта тәуелсіздік алғанда, ақынның асқан дана сөзі үшін Луиш ди Камоэнс қайтыс болған күнді – Португалияның Ұлттық Күні деп белгілейді». Сол ақынның жүрегімен үндескен Махамбет: Абайламай айрылдым, Ар жақтағы елімнен, Анау Нарын деген жерімнен. Тірі кеттім демеймін, Кем болмады өлімнен, – дейді. Туған халқының тәуелсіздігінен айрылу, тәуелсіздік үшін күрескен Исатайсынды нарқасқа асыл ерден айрылу – ажалдан кем соқпаса керек. Махамбет Өтемісұлы – халқының қамын жеген, мұңымен бірге мұңданған, қайғысымен бірге қабырғасы қайысқан қазақтың ұлы ақыны. Ол өзінің ереуілдес серігі, қандос досы, Исатаймен бірге 183638 жылдары Қазақстанның батыс аймағында кеңінен өріс алған отты майданда халық көтерілісін басқарып, байшонжарларға қарсы күресіп, азаттық үшін, ұлтының тәуелсіздігі үшін бар жүрегімен майдан салды. Ел тілегінің жоқшысы Махамбеттің өршіл де отты жыртолғаулары бұхара халықтың тәуелсіздік жолындағы күресінің айбынды қаруына айналды. Ақын өлеңдері қазақ халқын жігерлендіріп, ерлікке шақырды. Оның өткір де отты сөздері алмас қылыштың жүзінен кем түскен жоқ. Махамбет шығармашылығындағы келелі образдардың бірегейі – Исатай батырдың бейнесі. Исатайдың тәуелсіздік үшін күресі, сол жолындағы ерлігі мен қаһармандығы, батырлығы мен азаматтығы Махамбеттің өлеңтолғауларына өзек болып, өміршең әдеби туындыларды әкелді. Махамбет Өтемісұлы ақын, әрі күйші болған адам. 183638 жылдары Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің басықасында болып, әрі көсемі, әрі жалынды жыршысына айналған алмас жүзді ақын. Бала кезінен әрі мұсылманша, әрі орысша оқып, зердесін кеңейткен тұлға. 182428 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайының қасында болды. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс туралы ғалымдарымыз кеңес өкіметі кезінде саясатқа орай шаруалар көтерілісінің тасасында қалдырды. Бұл көтеріліс тәуелсіздіктің басы еді, әділет үшін майданның алғашқы қадамы еді, ұлт бостандығының тұңғыш бой көтеруі еді. «Исатай Тайманов көтерілісі» атты А.Ф.Рязановтың, «Торғай облысы» атты Добросмысловтың, «Ішкі орда және Исатай Тайманов көтерілісі» атты дүниелер деректілігімен бағалы. Солай бола тұрса да тәуелсіздік рухындағы Исатай мен Махамбеттің тарихи бағасын беруде біржақтылық басым болғандай. Оған, әрине, авторлар кінәлі емес, уақыт, замана, саяси қоғамның өтпелі кезеңі әсер етуінен деп, бағалаған орынды. Бұл орайда Қажым Жұмалиевтың Қазақ ССР ғылым академиясы арқылы 1948 жылы жарық көрген «Махамбет /18041846 жж» атты монографиясының құндылығы ерекше. «Мен едім» деген өлеңінде ақын көкке атылған найзадай тік шаншылып: Боз ағаштан биік мен едім, Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Ел құтқарар ер едім, Жандаспай ақыры бір тынбан, – деуіменақ, ақын өзінің кім екендігін, не үшін күрескендігін айқын дәлелдеген. «Ел құтқарар ер едім» деуі де сондықтан. Асылында, біз бұрын Махамбетті аясы тар ұғымда зерттеп, оның көсегесін көгерте алмай келгеніміз рас. Махамбет ақын шаруалар көтерілісін бастап, хансұлтандарға қарсылық көрсетумен тынған жоқ. Ақын хансұлтандарға қарсылық күресімен туған халқына деген әділеттілік үстемдік құруы үшін күресті. Махамбет Өтемісұлы – Тәуелсіздіктің ұлы жыршысы. Тәуелсіздіктің басы болған ақын. Бұл күнде ақын дегеніне жетті. Қазақ елі – Тәуелсіздіктің туын көкке көтерді. әлем қазақ халқын таныды. Мемлекет екенін мойындады.
Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз
тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?
Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынан кешіруде, елін, жерін
қорғап,азаттық үшін ішкі, сыртқы жауларымен де сұрапыл айқасқа түсті.Дəәл
осы сəәтте қазақ ақыны Махамбет атамыздың халықты патшалық, хандық
өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы ақын. Махамбет ақын-
ұлт азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға ретінде біздің тəәуелсіздігіміздің
бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай-ақ қоғам қайраткерлерімен
бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының
мұңын жоқтауға арналған ардақты ақын
Махамбеттің:
Толарсақтай саз кеміп,
Тоқтамай тартып шығарға,
Қас үлектен туған қатенті
Қара қар керек біздің бұл іске, -
деп,халқының қолдауына зəәру керек екенін жырлаған.Оның «Қара нарға»
қиын сəәтте бірге болып, қолдау көрсетіп ауыр жүпті бөлісетін жыл серігі.
Менің ойымша қазіргі таңдағы қазақстанның тіуелсіз, егемен мемлекет
екендігі бізге берер мүмкіндігі өте зор. Тəәуелсіздігі – ең алдымен –
халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарды басым мақсаттардың қатарында
егемендікті нығайту, ұлттық қауыпсіздікті қамтамасыз еті, экономикадағы
қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз
өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты
жоғалтпай, əәрі қарай жомпардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл
бөлуі керек деп ойлаймын.
Қорыта келе, менің айтқым келгені Махамбет- ол жорық жаруы. Сол
ұлы бабаларының дəәстүрін жалғастырған, рухын сөзімін емес, ерлік ісімен
көрсеткен батыр-жырау. Өзінің жырлаған жырларының барысында халыққа
өзінің міндеттерін жүктеген. Дəәл солай қазіргі таңда да жоғарыдағы билік
иегерлері бізге, яғни болашақ ұрпаққа білімді болып, егемен еліміздің дара
тұлғалы болуды міндеттейді. Осы жүктелген міндетті адал атқарсақ,
Қазақстанның тұғыры биік ел болады деген үмітпен қараймыз
1.Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,
«Еңселігім екі елі») ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдап жаз
Аумалы-төкпелі заманда қара бала сары қазан қамы үшін дүйім жұртты артынан ерткен
Махамбет болды. Махамбет - көтеріліс туын көтерген əәрі жалынды үгітші, əәрі ардақты ақын.
Ақынның өлеңдері арқылы біз оның көңіл-күйін байқаймыз. «Қара нар керек біздің бұл іске»,
«Қызғыш құс», « Еңселігім екі елі» өлеңдерінде ол өз көңіл-күйін қаншалықты таныта алды?
Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінен қас батырға тəән қасиеттерімен көрінеді. «Қабағын
шытпас ер керек, Біздің бүйткен бұл іске»,- деген өлең жолдарында толарсақтан саз кешсе де,
алған бетінен қайтпайтын, халқын қиындықтан сүйреп шығар ерлер керек екенін айтқан. Ақын өз
басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, өз кезіндегі
тарихи оқиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның
өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Менің ойымша, ақын өз өлеңіндеел
қорғайтын азаматтың қандай болатындығын айтады. Ел басына күн туған заманда бар
ауыртпалықты «қара нардай» қасқайып көтеретін «ереулі атқа ер салғандар» дейді. Сондықтан
да, алаштың алып ұлдарын «қара нарға» теңейді.
Ақын өзінің эллегиялық көңіл-күйін «Қызғыш құс» өлеңінде көрсете білген. Оны
Ау,қызғыш құс, қызғыш құс!
Қанатың қатты, мойның бос,
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос – деген жолдарында батыр досы Исатайды сағынышпен еске
алып, құсалықпен күндерінің өтіп жатқандығын суреттейді. Нағыз досқа деген
бауырмалшылдықты, арқа сүйер сүйенішінен айырылғандығына қапаланған ішкі жан күйзелісін
аңғарамыз. Махамбет жан күйзелісі арқылы достық туын əәркез биік ұстауды үйренеміз.
«Еңселігім екі елі»- өлеңінде ерлік пен елдікке жол көрсеткен батыр бейнесі көрінеді. Оқ
тартарға қолы ұзын,
Дұшпанына келгенде
Тартынбай сөйлер асылмын. – деп, өзінің жауына қара бұлттай қатер төнгенде, дауыл
алдында саңқылдаған дауылпаздай, дауылды жарқ-жұрқ етіп тілгілеген найзағайдай əәсер етеді.
Ешбір хан-сұлтандардан қаймықпай , қара қылды қақ жара сөйлегендігін байқаймыз. Осындай ерлік
пен елдікті, нағыз ерге тəән өткір мінезді жалынды жырларымен ел есімінде қалған Махамбет
ақынды жадымызда мəәңгі сақтаймыз.
Қорытындылай келе, Махамбет өзінің көңіл-күйі арқылы болашақ ұрпақты «толарсықтан
саз кеше» жүріп, елінің мəәртебесін көтеретін азамат болуға шақырады. Оның рухты өлеңдері
елдің санасынан өшпейді.
2.Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің
көрінісін дəәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
Батыр дегеніміз – алып күштің иесі. Батырдың қасиеттерін көрсететін -оның ерлік істері.
Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанының патриоттық мəәні зор. Ақын бұл дастанда жас
батырдың ерлік істерін жеткізуге тырысқан. Дастандағы басты кейіпкер Еспенбет - батырға
тəән өзінің ерлігімен көрінеді. Оны ақын: «Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда?» - деген
жолдармен жеткізеді. Бұл ақынның елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса
деген идеясын анықтайды. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» - деген аталы сөз -
Еспенбет бойындағы өр рухтың қайнар көзі болып табылатыны анық. Себебі, оның ерлік ісінің
бастау алар кезеңі балалық шағындағы арманынан басталады. Біріншіден, Еспенбет Ақбөртені
мініп, қару асынып, жау қайтаруды ойласа, екіншіден, «Еліме барып, ұл болсам» - деп армандайды.
Міне, осы арманы оны ерлікке жетелейді.
Күндердің күнінде Қабанбай бастаған батырлар ескі бір кекті қайтару үшін қалмаққа
қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбеттің бастан кешкен күйін ақын:
«Басталар қашан соғыс» деп –
Белін шешіп жатпады,
Түнде кірпік қақпады.
Ерлік қысқан кеудеге,
Ішкен асы батпады, - деп елінің еркіндігі мен бейбіт өмірін көксеген жас батыр бейнесін
шынайы суреттейді. Ал, ұрыстың шешуші сəәтінде қазақтың жеті батырын жеңген қалмақ
батырымен өзі сұранып, жекпе-жекке шығады. Осылайша, Еспенбеттің батылдығы арқасында
қазақ халқы жеңіске жетіп, үлкен олжаға кенеледі. Ел мүддесі мен намысын ойлаған ер Еспенбет
бұл жолы да тоқ пейіл əәдетінен таймай, көл-көсір олжадан ештеңе алмайды. Міне, осындай ерлік
істер арқылы оның халқына қызмет ету арманы орындалады. Ақын халыққа қамқор, елге тірек
болам деген нағыз ер осы Еспенбеттей болу керек деп оның батырлығын, ақыл-парасатын,
қанағатшылдығын, мəәрттігін өзінің замандастары мен кейінгіге үлгі етеді.
Қорытындылай келе, дастандағы Еспенбеттің əәрбір ерлік ісі – оқырманға үлгі. Үлгі болып
қана қоймай, елін, жерін жаудан қорғау туралы ойлауға түрткі болады. Еспенбет бойындағы ерлік
істер – болашақ ұрпаққа мəәңгі өнеге.
Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ойсанасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын – бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның ергіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан, жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті.
Ақын өлеңдерінен заман, адам өзгерістері, басқа ел мақсат ─ мүддесіне бейімделе бастаған халық халі, туған жер, адалдық, адамдық қасиеттерді өрнектеген өзіне ғана тән бояуды табамыз. Дулатқа дейін ақыл айту, құр нақыл дәрежесінде келсе, ақын бәріне өзін кінәлі санап, ашына айтады. Бұған дейін көрінбеген өзгеше леп. Жаңа жол. Секілді сөздер кейін ұлы Абайда жаңа өрнекпен көрінеді. Ақын ел билегендерді де, басқыншы орысты да ашына, барын ақтара көрсетеді. Ғалым Р. Сыздықова айтқандай: «Дулат ─ қазақтың ұлы ақыны», ұлылықтың бастауы. Сонысымен құнды. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені ол өзінің толғау — жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманының шындығы бірқыдыру бере білді. Жеке кісілерге арналған өлеңдерінде (Кеңесбайға, Бараққа, ел аралаған ишанға т,б) сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтеріле алды. Дегенмен, түптеп келгенде Дулат жырау ескішіл ақын, феодалдық қоғамның жаршысы. Дулат толғаудың асқан шебері болғандықтан өлендердің барлығы дерлік еркін ұйқасты жеті-сегіз буыннан тұратын жыр үлгісінде болып келді. Ақының кіргізген бір жаңалығы кейбір толғауларының шумақтарында өзара қайталап отыратын заңдылық бар. Ақын – қазақ даласының кіріптарлық, халықтың шұрайлы, сулы қоныстарынан ығыстырылып, өз жері, өз елінде өгей жетімнің күйіне түскенін көрмей, айтпай, тек Сарыарқасы мен Сандықтасын тамылжыта жырына қосса, әрине, оғаш, түсініксіз, ал атамның қонысын өзгеден қызғана сүйдім десе, жалған болар еді. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау олай еткен жоқ, шындықты, шынайы сезімін бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.
«Еспенбет» поэмасы
Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма:
Еспенбеттей ер қайда?
Еспенбеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда? —
деген жолдармен аяқталады. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары «қазан бұзар үй тентекке айналған» заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. «Еспенбет» поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қалмақ, қазақ батырлары да – бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып, суреттеледі.
Жырау поэмасын бастаған жерден бас қаһарманын:
Ер Еспенбет кешегі
Ерекше ер деседі.
Тіл біткеннің шешені,
Топта бермес есені.
Үлгі айтса – көшелі,
Жауға шапса – көсемі, –
деп марапаттай таныстырғанымен,
Өзі болған жігіттен
Сұрама кім деп ата-анаң, –
дегеніне қарағанда, Еспенбет қандай да бір, артықшылығымен ел көзіне түспеген, қарапайым ғана кісінің баласы. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке-шешеден бірдей жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың (тарихта болған адам, батыр) қолында, уақ елінде өседі. Қосай жиенді бөтен санамайтын қазақ салты бойынша да, «Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен» де оған жетімдік көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде таңдап жүріп қалыңдық айттырып, басына үй тұрғызып бермек ойда жүреді. Қазірде «тоқсан жасқа келіп, тұғырдан әбден түскенімен», Ер Қосайдай:
Елім десе, елеріп,
Жаннан мүлде күскен кер;
Бел шешпей жортып ел үшін,
Алты малта ас қылып,
Арпа суын ішкен ер.
Осындай кісінің бауырында өсіп, тәрбиесін алғаннан да болар:
Жатса, тұрса, Еспенбет
Тұлпар мінсем деуші еді.
Қару, сайман асынып,
Шөпті бұзсам деуші еді.
Алайда:
Туған елін ойласа,
Қалатын жасып, басылып.
Еспенбет он төрт жасқа келгенде «Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне» дегенді есіне алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Осы арада мына бір жайтқа назар аударған жөн. Еті тірі, сезімі сергек, талапты жасөспірімнің желі басында үйездеп тұрған енесінің белінен секіріп ойнап жүрген Ақбөрте құлынға қызығуында нышан бар:
Құйрығын шаншып алды да,
Үш айналды желіні.
Селеу жерге бас ұрды,
Омырауының желінен.
Құйындатып келді де,
Ытқып түсті Ақбөрте,
Енесінің белінен.
Құрбыларынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті осы бір туысы бөлек құлын ерлік арманға жетелейді: өскенде Ақбөртені ат қып мініп, қару асынып, жау қайтаруды армандайды. Ал осы жеткіншек тағы да:
Жігерім болса жетемде, Өнерім болса, еліме
Еліме барып, ұл болсам. Адал еңбек етсем деп;
Жігерсіз болсам, жетесіз, Болмаса өнер бойымда,
Қойын бағып, құл болсам… Қораш кұл боп өтсем деп, –
ойлайды. Қандай адамдык адал, ақ ниет десеңізші! Ақынның кейіпкерінің осы сөздері арқылы бейнеленген биік эстетикалық-адамгершілік көзқарасы, халықтық демократизмі-туындының өн бойына көктей тартылып жатқан өзекті идеясы.
Ер Қосай Еспенбеттің тілегін қабыл алып, қалауын сұрайды. Салт бойынша басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп қайтарайын дейді. Көпті көрген батырдың көрегендігі шығар, әйтеуір, «көп шөбере ішінде» Еспенбеттің «ерекше тілеп тілеуін», Құдайға жалбарынумен жүреді екен.
Мұндай игі сенім, асыл арман дана қарттың көкірегіне бекер ұяламаған ғой. Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Бұл да жас ұланның жаны таза, арманы биік, дүниеге қызықпайтын парасаттылығын танытады. Ер Қосайды да емірентіп, мейірін түсірген жиенінің ел баласы болғысы келген мінезі, көп құрбыларынан ерекше ізгі қасиеті болса керек.
Нағашы атасы Еспенбеттің қалаған Ақбөрте тайын беріп, әрі жиенінің біліп таңдағанына сүйсінеді. Батасын беріп тұрып, кемеңгер қарт былайша толғайды:
– Бірақ, балам, айтайын: Қамалау да еліңнен,
Еліңе де барарсың, Табалау да еліңнен;
Тірі болсаң, еліңнің Өсіру де еліңнен,
Керегіне жарарсың. Көшіру де еліңнен;
Дос та елден, жау да елден, Абалау да еліңнен.
Алды-артыңа қарарсың. Бақыт та елден қонады,
Дәулет те елден болады,
Күндестік те еліңнен, Елменен ер ержетіп,
Міндестік те еліңнен; Емендей өсіп, толады.
Өмір шындығынан даналықпен қорытылған бұл терең ой өзінің мәнін әлі жойған жоқ, сірә, ешқашан жоя да қоймас.
Шынында да, нағашы атасы болжағандай жарбиып жалғыз тай мініп келген баланы еліндегілер кездеріне ілмей, Ер Қосайдың жиенін қара басын сопайтып, тай мінгізіп Қайтарған мұнысы қалай деп, алуан түрлі әңгіме қоздатады. Бірақ, Еспенбет оның бәрін құлағына ілмей, жүре береді. Сонымен үш жыл өтіп, Ақбөрте бесті ат болады. Сол кезде Жыл бұрын қайтыс болған Сәтімкұл деген атақты бидің көп халық шақырылған асы беріліп, аламан бәйге шаптырылады. Бәйгеге қосылған Ақбөрте алдымен келіп, бас бәйгеге тігілген 100 тайлақты жеңіп алады. Бірақ, «ердің сыйы – ортаға олжа салғаны» дегендей, бұл жолы да Еспенбет бәйгеге берілген жүз тайлақтан бір тайлақ та алмай, барлық олжасын қалың сыбанның ортасына салады. Өзінен атағы бұрын шыққан Ақбөртеге қызыққандар қоралап қой, үйірлеп жылқы беріп сұраса да, Еспенбет дүниеге қызықпайды, тұлпарын сатпайды.
Сөйтіп жүргенде, Қабанбай бастаған батырлар кеткен бір кекті қайтару үшін, қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбет те қару-жарақ асынып, «Ақбөртені баптайды».
«Басталар қашан соғыс» – деп:
Белін шешіп жатпады,
Түнде кірпік кақпады.
Ерлік қысқан кеудеге
Ішкен асы батпады.
Ақыры «шу!» десе, артынан шаңды боратып, алдынан құйын оратып, бөкендей орғып» желдеткен Ақбөртесіне мініп, аттанған қалың қолға Еспенбет те ілеседі. Бұл тұстағы Еспенбетті ақын: «алыстан тоят іздеген ер», «сұңқар», «орынсыз сөз сөйлемес батагей қарттай сінелі», міндетін «айтқызбай-ақ біледі», «сыр бермейді сырттанысып», «бейне арыстан түлегі» деп бейнелейді. Осындағы жекпе-жекте ерекше назар аударарлық бір жай бар. Поэманың бас қаһарманы Еспенбеттің «алты жүз рет соғысқа кірген, алпыс алты айлалы», осы ұрыстың өзінде қазақтың жеті батырын мерт қылған қалмақ батырымен жекпе-жегі жойқын батырлардың, шын болат қару-жарақтардың, арыраған тұлпарлардың ғаламат шайқасы болуға тиісті еді. Оны қандай сұрапыл етіп суреттеймін десе де, Дулаттың ақындық қуаты, құдіреті жетер еді. Бірақ олай етпейді. Алып батырлардың бірін-бірі қалай өлтіргенін қызықтаудан даналық ұстамдылықпен бас тартады. Жырау үшін маңыздысы – елім деген ердің болғаны, оның жауын жеңіп, кегін қайтарғаны.
Қас қаққанша майданда Өлімге мойынсұнғандай
Айқасқан екі ер де жоқ. Аяқ-қолы кесілген.
Дене жатыр майданда Тіршілік пен өлімнің,
Қылышпен басы кесілген. Ұзақ дауы шешілген.
Ақын өлген жауды табалап, айызы қанатын сөз айтпайды. Тіпті «жау» да демейді, «айқасқан екі ер» дейді.
Ел үшін туған ерім деп,
Бір топ келіп жыласты.
Еліме қатер жауым деп,
Өлгенін бір топ ұнасты.
Мұндай терең философиялық түйіндеу шапқыншылықты емес, елінің еркіндігі мен бейбіт өмірін көксеген Еспенбет батыр бейнесінің табиғатынан туындаған. Ақын қазақ қолы мен қалмақ қолы кездескен көріністі де кемел ойлы ұстамдылықпен, шынайы суреткерлік тұрғыдан сипаттайды.
Қарсыласып екі топ,
Іріктеді батырды.
Қалмақ сорып барабан,
Қазақ ұран шақырды.
Еспенбеттің топтан суырыла шыққан сәтінің суретінен оқырман оқиғаның қатысушысындай әсер алады. Арыстандай атылған батыр мен жолбарыстай ышқына ытырылған Ақбөрте тұлпар қаныңды қыздыра, көз алдына елестейді.
Ұлы суретшінің талантына лайық жанды картина! Еспенбеттің ерлігінің арқасында қазақ жағы жауып талқандап жеңіп, кегін қайтарады, мол олжа түсіреді. Ел мүддесі мен намысын ойлаған ер Еспенбет бұл жолы да тоқпейіл әдетінен таймайды, еңбек сіңіріп тұрса да, көл-көсір олжадан ештеңе алмайды.
Ақын халыққа қамқор, елге тірек болам деген нағыз ер осы Еспенбеттей болу керек деп, оның батырлығын, ақыл-парасатын, дүниеге қызықпайтын қанағатшыл, мәрттігін өзінің замандастары мен кейінгіге үлгі етеді.
Поэма сындарлы құрылымы, суреттігімен ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақы, мазмұны тартымды. Ұлы жырау талай-талай татымды ойларды, мазмұнды үлкен шеберлікпен туындының өн бойына еріп жіберген.
Туған ел, өскен жерден алыста жүрген намысты жастық асқақ арманы мен тәтті қиялын ақын мейлінше дәл берген.
«Ер – туыс, ит – тамаққа»
Деген жоқ па бұрынғы?
Туған ел, туған жерім бар,
Туған елді көкседім,
Жат елде арман – өскенім… –
дейді Еспенбет. Осындай ерді өсіретін жалпы қауым, ел жұрты екендігін айтып, ақын жастарға «әрқашанда еліңмен жұртыңмен бол» – дейді.
Еспенбет поэмада тек алып күштің иесі ғана емес, сонымен бірге адал, ақ жүрек, кішіпейіл, көпшіл адам болып көрінеді. Еліне қайту, ерлікке әзірлену, батырға лайық ат таңдау елдің кегін қайтару, сый-сияпат, олжаны алу-алмау сияқты: елеулі шешімдерді өз бетімен қабылдайды.
Поэмада тек батырдың жеке тұлғасы ғана емес, сонымен бірге халық бейнесі қоса суреттеліп отырады. Ақын жорыққа аттанып бара жатқан қазақ қолын ерекше шабытпен, тапқыр да бейнелі теңеулермен әсерлі жырлайды.
Жөңкерілген қалың қол Асқар белге ұқсайды.
Жүйткіген желге ұқсайды. Кенетінен ду етсе,
Көрінісі кей кезде Тас қопарып, тау бұзған
Толқыған гүлге ұқсайды. Аққан селге ұқсайды…
Мұнар түнеп, бұлт көшкен
Шығармадағы жау да осал емес. Жау батырын бейнелегенде ақын талай тапқыр, әсерлі теңеулер табады. Қалмақ батырын:
Қалмақ шықты майданға Қайырымсыздығы – талайдың
Шамасы елу жастағы, Жонынан алған таспаны.
Астына мінген мәнерлеп, Кір басқан құлаш айдары,
Мақпалдай қара қасқаны. Аждаһадан кем емес
Ерлігі елең қылмайды Аузын ашқан айбары, –
Бір өзінен басқаны.
деп, әлі жеткенді аямайтын жауыз, айлалы да айбарлы аждаһа кейпінде суреттейді де, Еспенбетті осындай жойқын пәлені жеңген алып батыр, ардақты ер ретінде бейнелейді.
Көп арасында қоян жүрек қорқақ, ездерің де болатынын ақын жасырмайды. Батырлар ұран сала жауға ұмтылып, майдандасып жатқанда, өздердің тығылар жер таппай, қарадай шошып, үрейі ұшқандарын мысқылдайды.
Қалмақ соғып барабан,
Қазақ ұран шақырды.
Айбаты өсіп ерлердің,
Арыстандай ақырды.
Иығы түсіп өздердің,
Қоярға жанын жер таппай…
Арман көріп, аһ ұрды, –
деп, ерлік, ездік аралас майдан суретін алға тартады.
«Еспенбет» поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді.
Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған «Еспенбет» поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.
1. Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?
2. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз.
3. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
4. «Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың:
…Іздегенім осы еді,
Өз-өзінен қағынып,
Қатаған сөзден жаңылды.
Қызып тұрған темірге
Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.
5. Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.
6. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз.
7. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
8. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
9. Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
10. Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
11. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.
12. Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
13. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап жазыңыз.
14. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз.
15. ХІХ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма?
16. Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па?
17. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.
18. Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
19. Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз.
20. Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
21. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз.
22. Біржан салдың «Теміртас» өлеңінің туу себебін ақынның өмірлік деректері арқылы талдап жазыңыз.
23. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз.
24. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз.
25. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
26. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі. Ақынның өлең жолдарында қандай қозғалыс, қандай әрекет жатыр?
27. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз.
28. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.
29. С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі достықта кездесетін сатқындыққа сенерлік дос таңдай білмеген адам кінәлі ме, әлде адал досқа сатқындық жасаған адам кінәлі ме?
30. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
31. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.
32. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз.
33. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасын Абыз сөзімен бастап, Абыз сөзімен аяқтауында қандай сыр жатыр?
34. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
35. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
36. С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды?
37. Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
38. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор (Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
39. М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
40. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
41. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
42. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.
43. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.
44. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан авторға не үшін қажет?
45. ХХ ғасырдағы әдеби туындылардан Алаш идеясын тауып, дәлелдеңіз.
46. ЭКСПО көрмесі – тұрақты дамудың биік үлгісі. Өз ойыңызды дәйектеңіз.
47. Бүгінгі Атымтайлар мен Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі Атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеңіз.
48. Бүгінгі күн жігіттерінің бойында Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңінде сипатталған мінез-құлықтар қаншалықты кездесетінін дәлелдеңіз.
49. XX ғасырдың басындағы қазақ халқы мен XXI ғасыр қазағының болмысын Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңін негізге ала отырып салыстырыңыз.
50. Өзің білетін Ұлы Отан соғысы жауынгерінің ерлік істерінің Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне сәйкестігін дәлелдеп жазыңыз.
51. Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасы 1963-1964 жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса, ақын нені жырлар еді деп ойлайсыз?
52. Махамбет өлеңдеріндегі(«Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз.
53. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
54. «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
55. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
56. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
57. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз.
58. «…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?
59. Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап жазыңыз.
60. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз,
61. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз.
62. Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.
63. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз.
64. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
65. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
66. Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз.
67. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз.
68. Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?
69. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
70. Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?
71. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз.
72. Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз.
73. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
74. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырлардағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз.
75. Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз.
76. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?
77. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
78. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы
бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
79. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
80. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.
81. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
82. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
83. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
84. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың Бөжей асындағы азаматтығы елге танылу ма, елді таныту ма, жоқ әлде есейгендік пе?
85. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?
86. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасында Кебектің: «Бағың ашылатын күн болар ма, әлде сорға туған сорлымысың, бейшара?!» деуі шарасыздық па, әлде әлсіздік пе? Өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз.
87. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз.
88. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
89. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз.
90. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жазыңыз.
91. Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма?
92. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз.
93. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі мақсатын талдап жазыңыз.
94. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма?
95. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
96. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» – деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
97. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
98. Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
99. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз.
100. Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
101. Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
102. Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
Махамбеттің «қара нарына» менің жүктерім
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.
М. Өтемісұлы "Тар қамау"
Махамбеттің «қара нары» - қиындықты бірге төзетін, қолдау беріп, ауыр жүкті бөлісетін жол серігі. Махамбет пен Исатайды көтеріліс басшылары ретінде әрі батыр деп білеміз. Халықты қанағандарға қарсы бас көтерген бұл қос батырды қолдағандар да, қолдамағандар да болды. Қолдағандары көтеріліс басшыларының ұшар қанаты да, қонар құйрығы да болды. Зәбір көріп толарсақтан саз кешсе де, алған бетінен сүйреп шығар, Махамбеттің міндеттелген «қара нары» да осы қолдағандар. Ал мен өз тарапымнан қолдаған «қара нарға» не міндет жүктеймін? Жолымда кездескен әр қиындықты шешер болсам, алдымен сенімді адаммен ақылдасып, ойын тыңдап, өз шешімімді байлар едім. Шешім әр қашан түзу бола бермейді.
Байлаған шешімім бұрыс болған жағдайда қолдағаннның аяғына дейін сенім артып қолдағанын қалаймын. Түпкі мақсат бір болған соң, жол үстіндегі шешімдерге сенім артып, «өлсек бірге өлеміз» дейтін ұстамды болуын сұрар едім. Әрине, талап етерім өте ауыр. Менің жолымда күйрегені, обалы маған қалғаны деген сөз емес пе? Алайда Исатай жолында өмірі өткен Махамбеттің тарихта жазылғаны Исатай обалы деген тұжырымға келісесіз бе? Әрине жоқ, екеуі де ел мақтанышы. Яғни, түпкі мақсаттың аяғына дейін сабырмен қолдауын мен жүктеймін.
Ортақ мақсат жолында жеңілусіз жеңіс болмайды. Алмағымның салмағы бар дегендей, проблеманың әр қилысын бастан өткере білу керек. Проблеманы өткере білуді сабыр деп түсінемін. Қара нарға жүктерім де сабыр. Ақырында, адам болған соң жеңетінін де, жеңілетінін де сабырмен түсініп адамгершілік танытса екен деймін. Адамгершілік – адам болу өнері дегенге келісесіз бе? Әрине түсіну қиын болса да, адамның бәрі адам емес. Тәнінің адамша жаратылғанымен, хайуан жандылар бар. Жаны хайуан адамдарды дүниеде зұлымдықтың барлығымен түсіндіремін. Исатай мен Махамбет көтерілісі хайуандыққа қарсы бағытталды, ескеріңіз.
Адамгершілік - адам болу қасиеті. Мені қолдаушы адамның, менің жолымда серік болса осы қасиетті міндеттер едім.
Менің ойымша, Исатай мен Махамбеттен «қара нарға» жүктегендерінен менің қойған жүгімде көрінеді. Бір-біреуінің тілеуін тілеп, қамқорлық танытқанын да; сабырлық танытып ханға қарсы шыққанын да; әрі адамгершілік – халық қамын ойлағандығын да көреміз. Бұл қасиеттер менің құндылықтарым әрі «қатепті қара нарға» жүктегендерім.
Авторы: Сұңғат Анапия
Махамбеттің:
Толарсақтай саз кеміп,
Тоқтамай тартып шығарға,
Қас үлектен туған қатенті
Қара қар керек біздің бұл іске, -
деп,халқының қолдауына зәру керек екенін жырлаған.Оның «Қара нарға» қиын сәтте бірге болып, қолдау көрсетіп ауыр жүпті бөлісетін жыл серігі. Менің ойымша қазіргі таңдағы қазақстанның тіуелсіз, егемен мемлекет екендігі бізге берер мүмкіндігі өте зор. Тәуелсіздігі – ең алдымен – халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарды басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауыпсіздікті қамтамасыз еті, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жомпардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Қорыта келе, менің айтқым келгені Махамбет- ол жорық жаруы. Сол ұлы бабаларының дәстүрін жалғастырған, рухын сөзімін емес, ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Өзінің жырлаған жырларының барысында халыққа өзінің міндеттерін жүктеген. Дәл солай қазіргі таңда да жоғарыдағы билік иегерлері бізге, яғни болашақ ұрпаққа білімді болып, егемен еліміздің дара тұлғалы болуды міндеттейді. Осы жүктелген міндетті адал атқарсақ, Қазақстанның тұғыры биік ел болады деген үмітпен қараймыз.
http://bankreferatov.kz
өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи
шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын,
ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.
Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап
күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың
бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек, Махамбеттің саяси
лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор традициясымен байланысты. Жалпы,
саяси лириканың өзіне қас ерекшелігі — үгіт-насихат істерді көпшілікке үндеу,
белгілі бір топтың не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркемсөз арқылы
көпшіліктің сана-сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет
поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.
Біз жоғарыда да Махамбеттің өміріне байланысты Ішкі Бөкей ордасының
шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен
байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы
батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына
артқан адамның бірі — Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты
қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы
тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де солармен
салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің
негізгі ерекшелігі — оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек
жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой,
нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл
үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс
туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын етті. Бұл мазмұн Махамбет
өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр — мазмұнның түрі болуы қажет
деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: «Ереулі атқа ер
салмай», «Мұңайма», «Айныман» деген өлеңдері — мазмұнына түрі сай, жалынды
үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің
мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған
отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып
келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау немесе риторикалық сұрау болып отырады.
Махамбет ақын – шын мәнісінде халқының ұлт азаттығын аңсаған, тәуелсіздігін көксеген, әділет жолына жанын пида еткен тұлға. Әділет жолындағы бұл іске тегін адам бармайды, жүрегінің түгі бар адам ғана бара алады. Сондықтанда Махамбет ақын: Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға, Қас үлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бірбіріндеп сөксе де Қабағын шытпас ер керек Біздің бүйткен бұл іске, – дейді. Бұл әділет жолына бір жола бет бұрған адамның сөзі. Жүрек толқынысы. Осындай мағыналы да, саналы да ерлікке кімдер жарамайды, кімдер қолқанат бола алмайды?! Олар: Арғымақтан туған қазанат, Шабуыл салса нанғысыз. Қазанаттан туған қаз мойын, Күнінде көз көрінім жер шалғысыз… Айырдан туған жампоз бар, Нарға жүгін салғысыз. Аруанадан туған мая бар, Асылын айуан десең нанғысыз. Жақсыдан туған жаман бар, Күндердің күні болғанда Жарамды бір теріге алғысыз, – жандар болмақ. Махамбеттің осы екі жырының мәні – ақынның көз қарасын айқындаған. «Толарсақтан саз кешіп… қабағын шытпас ер керек, біздің бүйткен бұл іске» деп тұжырымдаса, «аруанадан туған мая бар, асылын айуан десе нанғысыз, жақсыдан туған жаман бар. Күндердің күні болғанда, жарамды бір теріге алғысыз…» деуі – тәуелсіздік жолындағы өрелі істерге бастайтын тағылымды туынды екенін көрсетеді. Алда Қазақ Елінің тәуелсіздігіне – жиырма жыл толғалы отыр. Бір қарасаң үлкен жас та емес, ұзақ жыл да емес. Жиырма жылдық атқарылған ұланғайыр істерге көз салсаң қария ғұмырындай біраз айтарлықтай ұлы істер атқарылған. Тәуелсіздікті айтқанда, Махамбеттің жырлары жадыңа оралады. Дүниежүзінде екінші Шекспир атанған Португалия ақыны Луиш ди Камоэнс Махамбетсынды тәуелсіздік үшін күрескен ақын. Португалия өзінің Тәуелсіздігінен айрылған 1580 жылдың 10 маусымында Луиш ди Камоэнс дүниеден өтеді. «Мен, тіпті, өзімнің туған Отанымда көз жұмғалы жатқан жоқпын, мен сол тәуелсіздігінен айырылған туған Отаныммен бірге өліп жатқандай сезінемін» деген ақынның жалынды сөзі ұлтының жүрегіне ұялап, Португалия елі қайта тәуелсіздік алғанда, ақынның асқан дана сөзі үшін Луиш ди Камоэнс қайтыс болған күнді – Португалияның Ұлттық Күні деп белгілейді». Сол ақынның жүрегімен үндескен Махамбет: Абайламай айрылдым, Ар жақтағы елімнен, Анау Нарын деген жерімнен. Тірі кеттім демеймін, Кем болмады өлімнен, – дейді. Туған халқының тәуелсіздігінен айрылу, тәуелсіздік үшін күрескен Исатайсынды нарқасқа асыл ерден айрылу – ажалдан кем соқпаса керек. Махамбет Өтемісұлы – халқының қамын жеген, мұңымен бірге мұңданған, қайғысымен бірге қабырғасы қайысқан қазақтың ұлы ақыны. Ол өзінің ереуілдес серігі, қандос досы, Исатаймен бірге 183638 жылдары Қазақстанның батыс аймағында кеңінен өріс алған отты майданда халық көтерілісін басқарып, байшонжарларға қарсы күресіп, азаттық үшін, ұлтының тәуелсіздігі үшін бар жүрегімен майдан салды. Ел тілегінің жоқшысы Махамбеттің өршіл де отты жыртолғаулары бұхара халықтың тәуелсіздік жолындағы күресінің айбынды қаруына айналды. Ақын өлеңдері қазақ халқын жігерлендіріп, ерлікке шақырды. Оның өткір де отты сөздері алмас қылыштың жүзінен кем түскен жоқ. Махамбет шығармашылығындағы келелі образдардың бірегейі – Исатай батырдың бейнесі. Исатайдың тәуелсіздік үшін күресі, сол жолындағы ерлігі мен қаһармандығы, батырлығы мен азаматтығы Махамбеттің өлеңтолғауларына өзек болып, өміршең әдеби туындыларды әкелді. Махамбет Өтемісұлы ақын, әрі күйші болған адам. 183638 жылдары Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің басықасында болып, әрі көсемі, әрі жалынды жыршысына айналған алмас жүзді ақын. Бала кезінен әрі мұсылманша, әрі орысша оқып, зердесін кеңейткен тұлға. 182428 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайының қасында болды. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс туралы ғалымдарымыз кеңес өкіметі кезінде саясатқа орай шаруалар көтерілісінің тасасында қалдырды. Бұл көтеріліс тәуелсіздіктің басы еді, әділет үшін майданның алғашқы қадамы еді, ұлт бостандығының тұңғыш бой көтеруі еді. «Исатай Тайманов көтерілісі» атты А.Ф.Рязановтың, «Торғай облысы» атты Добросмысловтың, «Ішкі орда және Исатай Тайманов көтерілісі» атты дүниелер деректілігімен бағалы. Солай бола тұрса да тәуелсіздік рухындағы Исатай мен Махамбеттің тарихи бағасын беруде біржақтылық басым болғандай. Оған, әрине, авторлар кінәлі емес, уақыт, замана, саяси қоғамның өтпелі кезеңі әсер етуінен деп, бағалаған орынды. Бұл орайда Қажым Жұмалиевтың Қазақ ССР ғылым академиясы арқылы 1948 жылы жарық көрген «Махамбет /18041846 жж» атты монографиясының құндылығы ерекше. «Мен едім» деген өлеңінде ақын көкке атылған найзадай тік шаншылып: Боз ағаштан биік мен едім, Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Ел құтқарар ер едім, Жандаспай ақыры бір тынбан, – деуіменақ, ақын өзінің кім екендігін, не үшін күрескендігін айқын дәлелдеген. «Ел құтқарар ер едім» деуі де сондықтан. Асылында, біз бұрын Махамбетті аясы тар ұғымда зерттеп, оның көсегесін көгерте алмай келгеніміз рас. Махамбет ақын шаруалар көтерілісін бастап, хансұлтандарға қарсылық көрсетумен тынған жоқ. Ақын хансұлтандарға қарсылық күресімен туған халқына деген әділеттілік үстемдік құруы үшін күресті. Махамбет Өтемісұлы – Тәуелсіздіктің ұлы жыршысы. Тәуелсіздіктің басы болған ақын. Бұл күнде ақын дегеніне жетті. Қазақ елі – Тәуелсіздіктің туын көкке көтерді. әлем қазақ халқын таныды. Мемлекет екенін мойындады.
Авторы: Әли Қайрат
тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?
Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынан кешіруде, елін, жерін
қорғап,азаттық үшін ішкі, сыртқы жауларымен де сұрапыл айқасқа түсті.Дəәл
осы сəәтте қазақ ақыны Махамбет атамыздың халықты патшалық, хандық
өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы ақын. Махамбет ақын-
ұлт азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға ретінде біздің тəәуелсіздігіміздің
бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай-ақ қоғам қайраткерлерімен
бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының
мұңын жоқтауға арналған ардақты ақын
Махамбеттің:
Толарсақтай саз кеміп,
Тоқтамай тартып шығарға,
Қас үлектен туған қатенті
Қара қар керек біздің бұл іске, -
деп,халқының қолдауына зəәру керек екенін жырлаған.Оның «Қара нарға»
қиын сəәтте бірге болып, қолдау көрсетіп ауыр жүпті бөлісетін жыл серігі.
Менің ойымша қазіргі таңдағы қазақстанның тіуелсіз, егемен мемлекет
екендігі бізге берер мүмкіндігі өте зор. Тəәуелсіздігі – ең алдымен –
халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарды басым мақсаттардың қатарында
егемендікті нығайту, ұлттық қауыпсіздікті қамтамасыз еті, экономикадағы
қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз
өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты
жоғалтпай, əәрі қарай жомпардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл
бөлуі керек деп ойлаймын.
Қорыта келе, менің айтқым келгені Махамбет- ол жорық жаруы. Сол
ұлы бабаларының дəәстүрін жалғастырған, рухын сөзімін емес, ерлік ісімен
көрсеткен батыр-жырау. Өзінің жырлаған жырларының барысында халыққа
өзінің міндеттерін жүктеген. Дəәл солай қазіргі таңда да жоғарыдағы билік
иегерлері бізге, яғни болашақ ұрпаққа білімді болып, егемен еліміздің дара
тұлғалы болуды міндеттейді. Осы жүктелген міндетті адал атқарсақ,
Қазақстанның тұғыры биік ел болады деген үмітпен қараймыз
«Еңселігім екі елі») ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдап жаз
Аумалы-төкпелі заманда қара бала сары қазан қамы үшін дүйім жұртты артынан ерткен
Махамбет болды. Махамбет - көтеріліс туын көтерген əәрі жалынды үгітші, əәрі ардақты ақын.
Ақынның өлеңдері арқылы біз оның көңіл-күйін байқаймыз. «Қара нар керек біздің бұл іске»,
«Қызғыш құс», « Еңселігім екі елі» өлеңдерінде ол өз көңіл-күйін қаншалықты таныта алды?
Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінен қас батырға тəән қасиеттерімен көрінеді. «Қабағын
шытпас ер керек, Біздің бүйткен бұл іске»,- деген өлең жолдарында толарсақтан саз кешсе де,
алған бетінен қайтпайтын, халқын қиындықтан сүйреп шығар ерлер керек екенін айтқан. Ақын өз
басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, өз кезіндегі
тарихи оқиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның
өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Менің ойымша, ақын өз өлеңіндеел
қорғайтын азаматтың қандай болатындығын айтады. Ел басына күн туған заманда бар
ауыртпалықты «қара нардай» қасқайып көтеретін «ереулі атқа ер салғандар» дейді. Сондықтан
да, алаштың алып ұлдарын «қара нарға» теңейді.
Ақын өзінің эллегиялық көңіл-күйін «Қызғыш құс» өлеңінде көрсете білген. Оны
Ау,қызғыш құс, қызғыш құс!
Қанатың қатты, мойның бос,
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос – деген жолдарында батыр досы Исатайды сағынышпен еске
алып, құсалықпен күндерінің өтіп жатқандығын суреттейді. Нағыз досқа деген
бауырмалшылдықты, арқа сүйер сүйенішінен айырылғандығына қапаланған ішкі жан күйзелісін
аңғарамыз. Махамбет жан күйзелісі арқылы достық туын əәркез биік ұстауды үйренеміз.
«Еңселігім екі елі»- өлеңінде ерлік пен елдікке жол көрсеткен батыр бейнесі көрінеді. Оқ
тартарға қолы ұзын,
Дұшпанына келгенде
Тартынбай сөйлер асылмын. – деп, өзінің жауына қара бұлттай қатер төнгенде, дауыл
алдында саңқылдаған дауылпаздай, дауылды жарқ-жұрқ етіп тілгілеген найзағайдай əәсер етеді.
Ешбір хан-сұлтандардан қаймықпай , қара қылды қақ жара сөйлегендігін байқаймыз. Осындай ерлік
пен елдікті, нағыз ерге тəән өткір мінезді жалынды жырларымен ел есімінде қалған Махамбет
ақынды жадымызда мəәңгі сақтаймыз.
Қорытындылай келе, Махамбет өзінің көңіл-күйі арқылы болашақ ұрпақты «толарсықтан
саз кеше» жүріп, елінің мəәртебесін көтеретін азамат болуға шақырады. Оның рухты өлеңдері
елдің санасынан өшпейді.
көрінісін дəәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
Батыр дегеніміз – алып күштің иесі. Батырдың қасиеттерін көрсететін -оның ерлік істері.
Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанының патриоттық мəәні зор. Ақын бұл дастанда жас
батырдың ерлік істерін жеткізуге тырысқан. Дастандағы басты кейіпкер Еспенбет - батырға
тəән өзінің ерлігімен көрінеді. Оны ақын: «Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда?» - деген
жолдармен жеткізеді. Бұл ақынның елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса
деген идеясын анықтайды. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» - деген аталы сөз -
Еспенбет бойындағы өр рухтың қайнар көзі болып табылатыны анық. Себебі, оның ерлік ісінің
бастау алар кезеңі балалық шағындағы арманынан басталады. Біріншіден, Еспенбет Ақбөртені
мініп, қару асынып, жау қайтаруды ойласа, екіншіден, «Еліме барып, ұл болсам» - деп армандайды.
Міне, осы арманы оны ерлікке жетелейді.
Күндердің күнінде Қабанбай бастаған батырлар ескі бір кекті қайтару үшін қалмаққа
қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбеттің бастан кешкен күйін ақын:
«Басталар қашан соғыс» деп –
Белін шешіп жатпады,
Түнде кірпік қақпады.
Ерлік қысқан кеудеге,
Ішкен асы батпады, - деп елінің еркіндігі мен бейбіт өмірін көксеген жас батыр бейнесін
шынайы суреттейді. Ал, ұрыстың шешуші сəәтінде қазақтың жеті батырын жеңген қалмақ
батырымен өзі сұранып, жекпе-жекке шығады. Осылайша, Еспенбеттің батылдығы арқасында
қазақ халқы жеңіске жетіп, үлкен олжаға кенеледі. Ел мүддесі мен намысын ойлаған ер Еспенбет
бұл жолы да тоқ пейіл əәдетінен таймай, көл-көсір олжадан ештеңе алмайды. Міне, осындай ерлік
істер арқылы оның халқына қызмет ету арманы орындалады. Ақын халыққа қамқор, елге тірек
болам деген нағыз ер осы Еспенбеттей болу керек деп оның батырлығын, ақыл-парасатын,
қанағатшылдығын, мəәрттігін өзінің замандастары мен кейінгіге үлгі етеді.
Қорытындылай келе, дастандағы Еспенбеттің əәрбір ерлік ісі – оқырманға үлгі. Үлгі болып
қана қоймай, елін, жерін жаудан қорғау туралы ойлауға түрткі болады. Еспенбет бойындағы ерлік
істер – болашақ ұрпаққа мəәңгі өнеге.
Ақын өлеңдерінен заман, адам өзгерістері, басқа ел мақсат ─ мүддесіне бейімделе бастаған халық халі, туған жер, адалдық, адамдық қасиеттерді өрнектеген өзіне ғана тән бояуды табамыз. Дулатқа дейін ақыл айту, құр нақыл дәрежесінде келсе, ақын бәріне өзін кінәлі санап, ашына айтады. Бұған дейін көрінбеген өзгеше леп. Жаңа жол. Секілді сөздер кейін ұлы Абайда жаңа өрнекпен көрінеді. Ақын ел билегендерді де, басқыншы орысты да ашына, барын ақтара көрсетеді. Ғалым Р. Сыздықова айтқандай: «Дулат ─ қазақтың ұлы ақыны», ұлылықтың бастауы. Сонысымен құнды. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені ол өзінің толғау — жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманының шындығы бірқыдыру бере білді. Жеке кісілерге арналған өлеңдерінде (Кеңесбайға, Бараққа, ел аралаған ишанға т,б) сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтеріле алды. Дегенмен, түптеп келгенде Дулат жырау ескішіл ақын, феодалдық қоғамның жаршысы. Дулат толғаудың асқан шебері болғандықтан өлендердің барлығы дерлік еркін ұйқасты жеті-сегіз буыннан тұратын жыр үлгісінде болып келді. Ақының кіргізген бір жаңалығы кейбір толғауларының шумақтарында өзара қайталап отыратын заңдылық бар. Ақын – қазақ даласының кіріптарлық, халықтың шұрайлы, сулы қоныстарынан ығыстырылып, өз жері, өз елінде өгей жетімнің күйіне түскенін көрмей, айтпай, тек Сарыарқасы мен Сандықтасын тамылжыта жырына қосса, әрине, оғаш, түсініксіз, ал атамның қонысын өзгеден қызғана сүйдім десе, жалған болар еді. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау олай еткен жоқ, шындықты, шынайы сезімін бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.
«Еспенбет» поэмасы
Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма:
Еспенбеттей ер қайда?
Еспенбеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда? —
деген жолдармен аяқталады. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары «қазан бұзар үй тентекке айналған» заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. «Еспенбет» поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қалмақ, қазақ батырлары да – бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып, суреттеледі.
Жырау поэмасын бастаған жерден бас қаһарманын:
Ер Еспенбет кешегі
Ерекше ер деседі.
Тіл біткеннің шешені,
Топта бермес есені.
Үлгі айтса – көшелі,
Жауға шапса – көсемі, –
деп марапаттай таныстырғанымен,
Өзі болған жігіттен
Сұрама кім деп ата-анаң, –
дегеніне қарағанда, Еспенбет қандай да бір, артықшылығымен ел көзіне түспеген, қарапайым ғана кісінің баласы. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке-шешеден бірдей жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың (тарихта болған адам, батыр) қолында, уақ елінде өседі. Қосай жиенді бөтен санамайтын қазақ салты бойынша да, «Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен» де оған жетімдік көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде таңдап жүріп қалыңдық айттырып, басына үй тұрғызып бермек ойда жүреді. Қазірде «тоқсан жасқа келіп, тұғырдан әбден түскенімен», Ер Қосайдай:
Елім десе, елеріп,
Жаннан мүлде күскен кер;
Бел шешпей жортып ел үшін,
Алты малта ас қылып,
Арпа суын ішкен ер.
Осындай кісінің бауырында өсіп, тәрбиесін алғаннан да болар:
Жатса, тұрса, Еспенбет
Тұлпар мінсем деуші еді.
Қару, сайман асынып,
Шөпті бұзсам деуші еді.
Алайда:
Туған елін ойласа,
Қалатын жасып, басылып.
Еспенбет он төрт жасқа келгенде «Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне» дегенді есіне алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Осы арада мына бір жайтқа назар аударған жөн. Еті тірі, сезімі сергек, талапты жасөспірімнің желі басында үйездеп тұрған енесінің белінен секіріп ойнап жүрген Ақбөрте құлынға қызығуында нышан бар:
Құйрығын шаншып алды да,
Үш айналды желіні.
Селеу жерге бас ұрды,
Омырауының желінен.
Құйындатып келді де,
Ытқып түсті Ақбөрте,
Енесінің белінен.
Құрбыларынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті осы бір туысы бөлек құлын ерлік арманға жетелейді: өскенде Ақбөртені ат қып мініп, қару асынып, жау қайтаруды армандайды. Ал осы жеткіншек тағы да:
Жігерім болса жетемде, Өнерім болса, еліме
Еліме барып, ұл болсам. Адал еңбек етсем деп;
Жігерсіз болсам, жетесіз, Болмаса өнер бойымда,
Қойын бағып, құл болсам… Қораш кұл боп өтсем деп, –
ойлайды. Қандай адамдык адал, ақ ниет десеңізші! Ақынның кейіпкерінің осы сөздері арқылы бейнеленген биік эстетикалық-адамгершілік көзқарасы, халықтық демократизмі-туындының өн бойына көктей тартылып жатқан өзекті идеясы.
Ер Қосай Еспенбеттің тілегін қабыл алып, қалауын сұрайды. Салт бойынша басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп қайтарайын дейді. Көпті көрген батырдың көрегендігі шығар, әйтеуір, «көп шөбере ішінде» Еспенбеттің «ерекше тілеп тілеуін», Құдайға жалбарынумен жүреді екен.
Шепті бұзар деуші едім,
Жаудың туын құлатып;
Сұлу сүйер деуші едім,
Елден таңдап ұнатып;
Тұлпар мінер деуші едім,
Жалын желмен сылатып;
Найза ұстар деуші едім,
Сарағын жезбен қынатып;
Түйғын құстай алыстан
Тоят тілер деуші едім.
Мұндай игі сенім, асыл арман дана қарттың көкірегіне бекер ұяламаған ғой. Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Бұл да жас ұланның жаны таза, арманы биік, дүниеге қызықпайтын парасаттылығын танытады. Ер Қосайды да емірентіп, мейірін түсірген жиенінің ел баласы болғысы келген мінезі, көп құрбыларынан ерекше ізгі қасиеті болса керек.
Нағашы атасы Еспенбеттің қалаған Ақбөрте тайын беріп, әрі жиенінің біліп таңдағанына сүйсінеді. Батасын беріп тұрып, кемеңгер қарт былайша толғайды:
– Бірақ, балам, айтайын: Қамалау да еліңнен,
Еліңе де барарсың, Табалау да еліңнен;
Тірі болсаң, еліңнің Өсіру де еліңнен,
Керегіне жарарсың. Көшіру де еліңнен;
Дос та елден, жау да елден, Абалау да еліңнен.
Алды-артыңа қарарсың. Бақыт та елден қонады,
Дәулет те елден болады,
Күндестік те еліңнен, Елменен ер ержетіп,
Міндестік те еліңнен; Емендей өсіп, толады.
Өмір шындығынан даналықпен қорытылған бұл терең ой өзінің мәнін әлі жойған жоқ, сірә, ешқашан жоя да қоймас.
Шынында да, нағашы атасы болжағандай жарбиып жалғыз тай мініп келген баланы еліндегілер кездеріне ілмей, Ер Қосайдың жиенін қара басын сопайтып, тай мінгізіп Қайтарған мұнысы қалай деп, алуан түрлі әңгіме қоздатады. Бірақ, Еспенбет оның бәрін құлағына ілмей, жүре береді. Сонымен үш жыл өтіп, Ақбөрте бесті ат болады. Сол кезде Жыл бұрын қайтыс болған Сәтімкұл деген атақты бидің көп халық шақырылған асы беріліп, аламан бәйге шаптырылады. Бәйгеге қосылған Ақбөрте алдымен келіп, бас бәйгеге тігілген 100 тайлақты жеңіп алады. Бірақ, «ердің сыйы – ортаға олжа салғаны» дегендей, бұл жолы да Еспенбет бәйгеге берілген жүз тайлақтан бір тайлақ та алмай, барлық олжасын қалың сыбанның ортасына салады. Өзінен атағы бұрын шыққан Ақбөртеге қызыққандар қоралап қой, үйірлеп жылқы беріп сұраса да, Еспенбет дүниеге қызықпайды, тұлпарын сатпайды.
Сөйтіп жүргенде, Қабанбай бастаған батырлар кеткен бір кекті қайтару үшін, қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбет те қару-жарақ асынып, «Ақбөртені баптайды».
«Басталар қашан соғыс» – деп:
Белін шешіп жатпады,
Түнде кірпік кақпады.
Ерлік қысқан кеудеге
Ішкен асы батпады.
Ақыры «шу!» десе, артынан шаңды боратып, алдынан құйын оратып, бөкендей орғып» желдеткен Ақбөртесіне мініп, аттанған қалың қолға Еспенбет те ілеседі. Бұл тұстағы Еспенбетті ақын: «алыстан тоят іздеген ер», «сұңқар», «орынсыз сөз сөйлемес батагей қарттай сінелі», міндетін «айтқызбай-ақ біледі», «сыр бермейді сырттанысып», «бейне арыстан түлегі» деп бейнелейді. Осындағы жекпе-жекте ерекше назар аударарлық бір жай бар. Поэманың бас қаһарманы Еспенбеттің «алты жүз рет соғысқа кірген, алпыс алты айлалы», осы ұрыстың өзінде қазақтың жеті батырын мерт қылған қалмақ батырымен жекпе-жегі жойқын батырлардың, шын болат қару-жарақтардың, арыраған тұлпарлардың ғаламат шайқасы болуға тиісті еді. Оны қандай сұрапыл етіп суреттеймін десе де, Дулаттың ақындық қуаты, құдіреті жетер еді. Бірақ олай етпейді. Алып батырлардың бірін-бірі қалай өлтіргенін қызықтаудан даналық ұстамдылықпен бас тартады. Жырау үшін маңыздысы – елім деген ердің болғаны, оның жауын жеңіп, кегін қайтарғаны.
Қас қаққанша майданда Өлімге мойынсұнғандай
Айқасқан екі ер де жоқ. Аяқ-қолы кесілген.
Дене жатыр майданда Тіршілік пен өлімнің,
Қылышпен басы кесілген. Ұзақ дауы шешілген.
Ақын өлген жауды табалап, айызы қанатын сөз айтпайды. Тіпті «жау» да демейді, «айқасқан екі ер» дейді.
Ел үшін туған ерім деп,
Бір топ келіп жыласты.
Еліме қатер жауым деп,
Өлгенін бір топ ұнасты.
Мұндай терең философиялық түйіндеу шапқыншылықты емес, елінің еркіндігі мен бейбіт өмірін көксеген Еспенбет батыр бейнесінің табиғатынан туындаған. Ақын қазақ қолы мен қалмақ қолы кездескен көріністі де кемел ойлы ұстамдылықпен, шынайы суреткерлік тұрғыдан сипаттайды.
Қарсыласып екі топ,
Іріктеді батырды.
Қалмақ сорып барабан,
Қазақ ұран шақырды.
Еспенбеттің топтан суырыла шыққан сәтінің суретінен оқырман оқиғаның қатысушысындай әсер алады. Арыстандай атылған батыр мен жолбарыстай ышқына ытырылған Ақбөрте тұлпар қаныңды қыздыра, көз алдына елестейді.
Топтан шығып жөнелді,
Найзаға таққан шоқтай боп.
Ақбөрте кетті құнтиып,
Садақтан тартқан оқтай боп.
Қанға сусап қалмақ тұр
Обатұғын оптай боп.