Жұмақ мекен туған жер
"Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық" дегендей әр пенде өз топырағын аңсайды. Қарап отырсам, барлық қолданущалр кең байтақ Қазақстанның әр аймағының тумасы.
"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген бар. Қазақстанның батыс, шығыс жақтарында өскен достарым бар. Олар өз салттарын я сөздерін айтқанда таңырқай қарайтынмын.
Бұл бөлімде әрқайсысымыз өз туған өлкеміз туралы айтайық.
Өз басым, Алматының аппақ қызымын. Алматыдан алты қадам ары баспаған мен өз өлкемнің салты мен тарихын жақсы білемін. Сол үшін де маған өзге аймақтар жайлы ақпарат қызықты.
Мен өзім Алматыда туылсам да, менің әкем Семей өңірінен. Сондықтан көбіне-көп шығыс жақтың салт-дәстүрін ұстанамыз. Шығыстықтар "қаяқта, ояқта, бұяқта" деп сөйлемейді. Менің атам бұрын осылай айтып қалсам ұрсатын. Дұрыстап сөйлеңдер деп. )
Ал Қостанайға жақын жатқан атаулары орысша аудандарда көбіне өзге ұлт өкілдері басым.
Қазір Қостанайда "торғайлықтар" көбейіп, қазақыланып келеді.
"Туған жердің түтіні де ыстық" дегендей, туған ауылымның өзі тұрмақ, түтінінің иісін де сағынып жүрмын.