Жұмақ мекен туған жер

"Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық" дегендей әр пенде өз топырағын аңсайды. Қарап отырсам, барлық қолданущалр кең байтақ Қазақстанның әр аймағының тумасы.
"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген бар. Қазақстанның батыс, шығыс жақтарында өскен достарым бар. Олар өз салттарын я сөздерін айтқанда таңырқай қарайтынмын.
Бұл бөлімде әрқайсысымыз өз туған өлкеміз туралы айтайық.

Өз басым, Алматының аппақ қызымын. Алматыдан алты қадам ары баспаған мен өз өлкемнің салты мен тарихын жақсы білемін. Сол үшін де маған өзге аймақтар жайлы ақпарат қызықты.

Мен шырайлы Шымкенттің Аппақ қызымын, Ақшақарымын:)) Анараның жазған пікіріне бір күліп алдым. Басқа өңірлерден бір ерекшелігі - бізде жеміс-жидек (әсіресе жеміс ағаштары) көп өседі. Өзім өсіп өнген өңір, Төле би ауданы, Маятас ауылы деп аталады. Біздің бауда мынадай жеміс түрлері өсетін: Алма, (екі түрі бар: жаздық, қыстық) алша, алмұрт, алхор (қараөрік), өрік, шабдалы, шие, черешня (қызыл шие), жаңғақ. Бәрін жазған сияқтымын. Ал жидектен: құлпынай, малина (бүлдірген болу керек). Сосын көкөністен: қызанақ, қияр, картоп, сәбіз, көкпияз, сарымсақ, ащы бұрыш, тәтті бұрыш, жүгері. Жаныңа жейтін не қажет, бәрі бау-бақшадан табылады. Соған қарағанда, менің Туған жерім - құнарлы жер болғанымен ерекше сияқты. Асқақ таулары мен шөп-майса баулары мол болғандықтан шығар, біздің жақтың адамдарының жандары жайсаң, мінездері кішіпейіл әрі өнерге бір табан жақын. Туған жеріммен осылай мақтанамын!!!
Мен Ақтөбенің Ойыл ауданының орталығында тудым! Ойыл - табиғаты мен тарихы бай өлке. Ойыл әдемі қыздар мен әдемі жігіттер көп.
массагеттің тұрғындарының көпшілігі еліміздің оңтүстігінен екен) Ал мен батыстың қызымын, мұнайлы астана Атырауданмын. Біздің жақтың экологиясы нашар, жаз мезгілі шаң, топырақ, маса да тым көп. Балығымыз да азайып бара жатыр. Жалпы, Атырауда өмір сүргім келмейді, ауасы таза жақта тұрғым келеді. Дегенмен, туған жер болғасын ыстық болады ғой.
Жаңаөзен ғой сол..)) осы қаладан кеткім жоқ!!! ара тұра тууу қайран Алматым деп қалам байқамай)) шыны керек Алматыға ғашық болмау мүмкін емес!
Алматының адамдары қатігез дейді әпкем...
Алматының адамдары қатігез дейді әпкем...

Алғаш осында келгенде үйдегілерге солай айтып барғанмын менде ;)
Менин жумак мекеним 362 аулие жаткан киели Мангыстау облысынын Жанаозен каласы!!!!!!!!!
Жаңаөзендіктер де баршылық секілді біздің массагетте :) Өз алдына бір төбе ;)
Жаңаөзендіктер де баршылық секілді біздің массагетте :) Өз алдына бір төбе ;)

:roll: 8-) :) ;) шынымен,біраз бар екен,ә?!
Жұмақ пе екен туған жер. Жетісуым жер жанаты. Сағындым ауылымды :roll: