Жұмақ мекен туған жер

"Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық" дегендей әр пенде өз топырағын аңсайды. Қарап отырсам, барлық қолданущалр кең байтақ Қазақстанның әр аймағының тумасы.
"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген бар. Қазақстанның батыс, шығыс жақтарында өскен достарым бар. Олар өз салттарын я сөздерін айтқанда таңырқай қарайтынмын.
Бұл бөлімде әрқайсысымыз өз туған өлкеміз туралы айтайық.

Өз басым, Алматының аппақ қызымын. Алматыдан алты қадам ары баспаған мен өз өлкемнің салты мен тарихын жақсы білемін. Сол үшін де маған өзге аймақтар жайлы ақпарат қызықты.

"Гүлзат Қостұрғанова" ,Біз сіздерді жемеймііііз)))) :mrgreen:

жай ғана тістейміз дейсің бе :)
Ияяяя :D :D тістеуге де болат :mrgreen: :mrgreen:
мен Ақ бидайымен, Ақ қарымен және Ақ қыздарымен танымал Қызылжарданмын ;)
kanwa adamnin oinda jurgen,kieli Turkestannanmin ;)
мен Ақ бидайымен, Ақ қарымен және Ақ қыздарымен танымал Қызылжарданмын ;)

Өз қалаңды қазақша айтқаның ұнайды маған. Жарайсың!
Жамбыл облысының жүгірмегімін ғой
Өрісті өлке Оңтүстіктегі суы бал, шоби шүйгін, ауасы шипа, тұла бойына тарих тұнған Бәйдібек деген өлкеденмін!!! Жер жаннатын көргісі келетіндер Бәйдібекке барсын!))
Мен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан. Көп адамға бұл жердің ыстық желі мен шаң тозаңы,тап-тақыр жері ұнамасада,маған бәрі керісінше,ыстық! Алматыда жүргенде,жасыл желектен шаршаған кезімде болды.! :) өз мекенім өзіме ұнайды. Қазір қаламыз көркейіп келеді. Адайлардың тік,тентек,дөрекі сөйлейтін мінезі болғанмен,ақкөңіл халықпыз! "сен тимесең,мен тиме"деген. Адайлар адам жемейді! :)
Мен Алматыданмын, Алматы қаласының бір баласымын
Ал, мынау туған үйім: