Жұмақ мекен туған жер
"Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық" дегендей әр пенде өз топырағын аңсайды. Қарап отырсам, барлық қолданущалр кең байтақ Қазақстанның әр аймағының тумасы.
"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген бар. Қазақстанның батыс, шығыс жақтарында өскен достарым бар. Олар өз салттарын я сөздерін айтқанда таңырқай қарайтынмын.
Бұл бөлімде әрқайсысымыз өз туған өлкеміз туралы айтайық.
Өз басым, Алматының аппақ қызымын. Алматыдан алты қадам ары баспаған мен өз өлкемнің салты мен тарихын жақсы білемін. Сол үшін де маған өзге аймақтар жайлы ақпарат қызықты.
Жетісудың қаймағы Кегенге кеткім келеді))))
Жалғанда жер біткеннің бал қаймағы.
Есім кетіп жүргенде ес білдірген
Жаралған жұлдызымғой маңдайдағы- деп Мұқағали атам жырлап өткен Қасиетті Қарасаздың тумасымын. Он екі жасымда ауылымнан көшіп кеткеніммен ауылымды әлі күнге дейін аңсап тұрамын. Туған жердің құдіреті ма екен)))))))))))))))