Мен еліммен мақтанамын

Мен еліммен мақтанамын

Арай Баймаханның редакция поштасына жіберген жүрекжарды жыры.

Еуразияның қақ ортасы кіндігі,
23 жыл, Тәуелсіз боп ашылғалы түндігі.
Самұрығын көк аспанда самғатқан,
Қазақстан дамыған ел бұл күні.

Кең даласы керемет, дархан жері,
Көз тартады алыстан асқар белі.
Табиғатын қарасаң сүйсіндірер,
Бір көргеннен алады баурап сені.

Гүлденді ауылы мен аймақтары,
Дамыды қалалары жайнап бәрі.
Осындай кереметке жету үшін,
Қазағым қол қусырып, жай жатпады.

Елордамыз ең әдемі Астана,
Елімізге атанды ғой бас қала.
Ал Алматы мәдениеттің ошағы,
Болды бізге қазыналы қарт қала.

Семейім бар даралардың дарасы,
Туып-өскен даналардың данасы.
Қандай күшті сұлулығы Көкшенің,
Мөлдір бұлақ тұнып тұрған жағасы.

Қарағанды қара көмір мекені,
Жылуымен қамтамасыз етеді.
Ақтөбедей қасиетті, құт мекен, 
Әбілхайыр ханыменен беделді.

Ал Сыр елім сүлейлердің қаласы,
Күрішімен жайқалған бар даласы.
Шымкеттей шежірелі өлке бар,
Мақтаменен артқан талай бағасы.

Атыраудың бар байлығы мұнайы,
Көп халықтың келіп отқан шырайы.
Еліміз бен жерімізге сән берген,
Қостанайдың арпасы мен бидайы.

Куәгері Тараз сан ғасырлардың,
Сауатын ашқан талай асылдардың,
Талдықорған көп ұлтты елді-мекен,
Танымал таң ғажайып жасыл бағың.

Павлодарда Қаныштай ұлы туған,
Сәтбаев қой ұмтылмас ұлы тұлғам.
Жезқазған тұла бойы жезге толы,
Металы алтын, күміс болып қорытылған.

Міне, біздің Қазақстанның жерлері,
Елу елдің қатарында ерледі.
Мұның бәрі деп білейік балалар,
Нұрсұлтандай атамыздың еңбегі.

Арай Баймахан

Сурет: zaleskiy.com

Оқи отырыңыз:

Батырхан Сәрсенхан: "Кейде мен жалғыз жортып бара жатам..."

Аппақ әлем - аппақ өлең...

Фариза Оңғарсынова: "Өлең, мен сені аялап өтем..."

Нұрболат Жолдасбек: "Мен бәріне керексізбін, керекпін..."

Ж. Исакаев