Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Аппақ әлем - аппақ өлең...

Аппақ әлем - аппақ өлең...

Аппақ әлем - аппақ өлең...

Негізінен басында қар туралы өлендер жинақтайтынмын. Сосын қар туралы әнгімелер, ғылыми тұжырымдамалар, көркем сөздер... Жапалақтап жауып тұрған қар жайлы өлендер жүрегіме ерекше әсер ететін. Қарасам 50-ге жуық өлендер жинақталып қалыпты. Соларды іріктеп тек он жетісін ғана жариялауды жөн санадым. Жалпы қар туралы жазылған өлендер көп екенін білемін. Бірақ маған үлпілдеген ұлпа қар, яғни қарды әдемі жағынан сипаттаған өлендер жаныма жақын.

Соңдықтан Абай атамыздың "Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр мылқау, танымас тірі жанды", - деп келетін өлеңнің еңбей қалуын түсінікпен қарауларыңызды сұраймын. Ол мүмкін басқа тақырып айдарымен болашақта қара өлең, қара сөздің көркемділігімен көріне жатар.

Сондай-ақ, Ілияс Жансүгіровтың "Жерің аңау, Ақ кебенек кигендей. Желің мынау, Ел күңіренген өлімдей. Көлің аңау, көк пияла темірдей. Күнің мыңау, Тұманды, түк көрінбей, - деген өте шеберлікпен қысты сипаттаған өлені де еңбей отыр.

Ақындар өзара ұқсастығымен емес, өзгешелігімен қызық екені белгілі. Оқырмандардың талғамы да әртүрлі. Біреулер кең тынысты психологиялық талғам мен талдау бояуларына мол, мазмұны терең дүниелерді ұнатса, кейбіреуі оқылғанға жеңіл, жүрекке жылы, сөздің жаңдылығы, ойдың жинақылығы бар, жүрек түкпірін қозғайтын жырларды жүрегіне жақынырақ қабылдауы мүмкін.

Кәдімгі аспаннан жауған ақ мамық қар ұлпаларын ақындар қауымының әр қалай түйсініп, сөз саптауы және сипаттауы оқырманды қызықтырады. Мысалы Қалқаман Сарин "Түсіп жатыр аспаннан саулап хаттар", Темірғали Көпбаев "Ардың аппақ түріндей ғой қар деген", Танакөз Толқынқызы "Менен таза бола алады ар ғана", "Қар дегенің бар болғаны сағыныш, Көз жасымның мұздап қалған бейнесі, Қар дегенің аппақ әлем елесі", Нәзира Бердалы "Менің мәнім – тазалықты тербету". Қырау боп кеп, Терезеге гүл сыздым. Бұл өрнектер… Сезіміңіз кіл сіздің", - деп сан сырлы сезімдерін жеткізеді.

Әсіресе Жандос Байділданың "Аппақ қар қап-қара шаш ақ түспеген, Аппақ қар менің анам ақ ниетті, Аппақ қар ақ сөз Алла алдындағы", - деген сөз жолдары ерекше тың, мазмұнды және әсерлі. Бауыржан Жақыптың "Аппақ әлем- жатқан өлең", - деген бір сөзі жолы, бүгінгі тақырып атауының мағынасына жарасып тұрғандай.

Бір қатар Алтайдын ар жағындағы қандас бауырларымыздың қар туралы еңбектері де ескерілді. Жалпы ұлпа қар ғалымдар тарапынан әлі толық зерттелмеген көрінеді. 

 Ақиқат Арнамыс

О неткен ғажайып, әппақ ақ ұлпа қар жерге қарай асыға қонып жатыр. Табиғат бейне-бір қара жердің түсін ақ түске бояп, періштелердің ақ нұры жерге түсіп жатқандай! Қарасаң көз тоймайды. Неткен нәзік! Неткен көрікті! Жер – ақ көйлегін кигендей! Біртіндеп аспаннан кіршіксіз түсіп жатқан қарды басудың өзі қиянат.


Апыр-ау, бір-ақ түнде қыс келген бе?!
Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге
Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір-ақ түнде керемет істелген бе?!

Жәйімен жапалақтап қар жауып тұр.
Үлгермей де қалдың-ау қамданып бір
Ыққа кеп қонақтаған көгершіндер,
Бұталарға қарайды таңданып құр.
Қар жауып тұр, жауып тұр, қар жауып тұр.

Заңды ғой, заңды бәрі, талас бар ма,
Аққа оранған көшелер, ағаштар да.
Бар табиғат өзара жарасқан ба?
Ақ мамықтар ұшып жүр ақ аспанда.

Қала жатыр оранып ақ тұманға,
(Сірә, дала кіршіксіз, ақ бұдан да.)
Жығылған соң жалауы, жаз тығылды,
Қыс кіре алмас өмірі шахтыларға.

Қыт қытымыр. Жайлы емес далаға онша.
(Малшыларға қиын-ау, дара қонса...)
Біледі өзі табиғат, қайтер едік,
Қыс ақ болмай, егерде қара болса?! (М.Мақатаев)

Әр мезгілдің өз жақсылығы бар. Бірақ, қарды қалай жақсы көретінімді білсеңіздер ғой!!! Еріп кетпесінші деп тілеп отырмын, жаншылып аяққа тапталмасыншы.


Ақ көбелек қанаттары дірілдей,
Бұтақтарға қонып жатыр білінбей.
Ақ қайынды тербетеді тіршілік,
Ұяң қыздың ұйқыдағы түріндей.

Ақ жұлдыздар қонып жатыр сәндене,
Қар мен қыздың не қатысы бар деме.
Арулардың айнасындай ар деген,
Ардың аппақ түріндей ғой қар деген.

Ақ қайынды ару дедім ақмандай,
Күзден алып алтын жүзік таққандай.
Табиғаттың ет жүрегі елжіреп,
Жас келінге жаулық жауып жатқандай. (Темірғали Көпбаев)

 Далада қапалақтап қар жауып тұр. Аспаннан жауған ақ мамық қар ұлпалары қара жерді қалықтай келіп құшып жатыр. Сондай кіршіксіз, сондай жеңіл, жерге түсе сала аққу бейнеге айналып жатыр… Ізсіз аппақ дала. Жүруге қимайсың, аппақ денеге дақ салмай, Ақ күйінде, пәк күйінде жатсын дегің келеді.


Жарқабақта түнгі ызғар бар,
Көл бетінде Ай қатқан.
Жалт-жұлт етіп жұлдыз-қарлар,
Жердің бетін жайнатқан.

Баяу жүріп баққа келем,
Онда да алуан сыр ұқтым.
Аппақ әлем- жатқан өлең
Тылсым дүние - тымық түн.

Екі көзім қарығады,
Алға аттасам, ақ қардан,
Жаным жырдан арылады,
Жүрегімде сақталған.

Күн күмбізге барып қонған,
Шыңға сәуле лақтырып.
Ақ қайын тұр мамық қардан,
Шәлі тартып ақ түбіт.

Еске ауылдың түсті қызы,
Қылығы бар не түрлі.
...Қарға түскен құстың ізі –
Қыстың ізі секілді. (Бауыржан Жақып)

Далада қар жауып тұр. Ақ ұлпалар ауада қалықтап, «қысқы вальс» биіне жаттығу үстінде. Е-хе-хей қандай әдемі...

Жер де аппақ, көк те аппақ көркем неткен,
Шоқ ұлпа тік құлайды торғын көктен!
Мөп мөлдір таңертеңгі тұнық ауа,
Япыр - ай, жел болсашы-ау бір үф еткен.

Ақ үлпек баяу қалқып үлп-үлп еткен
Қайыңды қалыңдықтай үлбіреткен.
Теректің әр бұтағын ақ мамыққа,
Тәрізді әдейілеп орап кеткен.

Көркінен көзіңді алмай қарағандай,
Қайсы бір нәзік бұтақ көтере алмай.
Ақ ұлпа төмен сырғып күрп еткенде,
Ақ боран алай-дүлей борағандай.

Оранған ақ мамыққа танып қандай!
Емеспе көңілде күй боратқандай ?
Нұр төгіп тамылжыған бұл сұлу таң 
Сан сырлы сезіміңді оятқандай. (Тұрсынхан Абдрахманова)

Қыс маған хан қызын елестеді. Неге екенін білмеймін, ханшайымдай көрем қысты. Жоқ, қысты емес, қарды. Қардың асыл, жақұтқа тым әуестігі мен тым тәкаппарлығы ерекше. Бұл қасиеттер оған әдемі көрік береді.


Қар жауып тұр қалада баяғыдай,
Адамдарды бақытты ет, ая, құдай.
Туған жерге аспаннан суық гүлдер
Түсіп жатыр қанатын жая құлай.

Қай кезде де қазақтың даласы кең,
Біреу — бақыт, біреулер — жарасына ем
Іздей ме екен, адамдар бара жатыр
Аппақ-аппақ қарлардың арасымен.

Біреулер жүр тазалап күрекпенен,
Аппақ сезім толтырар жүрекке өлең.
Іздегенін адамдар тапса екен деп
Таза қардың үстінде тілеп келем.

Көптен осы қаланы қар басқаны,
Алатаудың айбарлы қарлы асқары.
Аппақ, аппақ, аппақ қар себелейді,
Үлпілдейді түбіттей тал бастары.

Тал бастары… Өнгелі не көрмеген,
Мезгіл жетпей жазғандар көгермеген.
Жас суретші қарайды тұра қалып,
Таласа алмай табиғат шеберменен. (Күләш Ахметова)

Жер бетіне түсіп, ерігенге дейін ғана өмірі бар, кәдімгі қардың әрбір қалаушасында Ұлы Жаратушымыздың шеберлігінің мөрі бар. Бұлардың әрқайсысы әр түрлі симметриялы ою-өрнекпен безендірілген хрусталь тәріздес алты бұрышты пішінде екенің білесіз бе? Әлемнің ең мықты деген ғалымдары жасаған зерттеу жұмыстары жер бетінде бір-біріне ұқсас қарды таппаған.

Қырау, қырау, ақ қырау,
Мейлі, қайда қарама.
Үйлер қырау, бақ қырау,
Жармасады жағаңа.

Қаны тамып бетінен,
Елдің өңі кіргендей.
Бұрқыратып шетінен
Шылым шегіп жүргендей.

Аяз неткен күйші еді,
Құлақ күйін келтірген.
Жол – домбыра ішегі
Аяқ бассаң шертілген.

Аялдама дегені
Секілді би алаңы.
Тасығандай өнері
Әркім билеп алады.

Аяз күшін содан біл,
Қарыған-ау, шыдатпай,
Күннің өзі қып- қызыл,
Тоңып қалған бұлақтай. ( Оразақын Асқар)

Міне, ұрланып басталып жапалақтай жауған қар мәңгілік сабырмен аспан астын түгел жаулап алған. Аспан деп, баяғы ұғыммен айтамыз, әйтпесе аспан жоқ, мың-миллион — сансыз қар көбелектер ғана бір-бірін қуа жарысып, ойына келгенін істейді. 

Далада қапалақтап қар жауып тұр.
Мен отырмын, сезімге алданып құр, 
Менің сырлы жүрегім сезесің бе?
Мына сырлы дүниеге жалғанып тұр.

Далада қар жауып тұр, қар жауып тұр,
Бір керемет болад-ау таңға ұқтыр.
Ақ мамыққа аунайық әлдіменен,
Болып еді, көкірек шаң-қауып кір.

Алтайда қар жауып тұр,
Қайдасыңдар, жігіттер арманы ұшқыр.
Аппақ қарда ақ таңмен аласатып,
Болады-ау, ертеңгі күн таңданыс бір. (Алтайдын аржағынан Қойшы)

Қысқы табиғаттың қазіргі келбеті керемет еді. Ару-қыздың ешкімнен именбейтін, ешкімді менсінбейтін алқам-салқам бейбастық әрі әдемі еркін ұйқысындай еді. Ғажап, қар ән салып жатқандай... ғажап, қар жанып жатқандай...


Қыс қандай әсем еді, қара, далам,
Бір арман — ақ боз жеккен шана маған.
Ағызып жұлдыздайын
Дүниені не жетсін күніне бір аралаған.

Қар қандай! Қарып көзді шағылады,
Жамылған тау, даласы, бағы — бәрі.
Тоқтау жоқ, кедергі жоқ Аппақ дүние!
Жер үсті аппақ нұрға малынады.

Күн ұзын жапалақтап тынбады қар,
Астында ақ мамықтың тұрғаным бар.
Ақ төсін жайып салып жатыр дала,
Кеудемде сол даланың ырғағы бар. (Ғабиден Құлахмет)

Қар молынан жауып, даланы да, адамды да тырп еткізбестен, тұсаулап қойған. Паң далада сауық құрып, аяз жүр. Терезеге қарасам, тіршілік белгісі білінбейді, тек қана мұржалардан түтін будақтап, аспандағы бұлттарға ілесіп көшіп барады.


Ұмытқандай айналып бірдеңені,
Қар жауып тұр, үйіме кір демедім.
Ақ шәлімен асығыс жауып жатыр,
Жуынбаған жаз бойы кір денені.

Кір-кір қолмен жүретін амандасып,
Кір-кір бала білемін, саған ғашық. 
Жұмыссыздық жайлаған тарапта,
Кір-кір болу, әрине, заманға сын. 

Білемісің, кімдерге бірінші айып,
Қар жауып тұр, қаланың кірін шайып.
Қар жауып тұр, мойылдың бүрін шайып, 
Қыстың мына әлі бірінші айы. 

Қар жауып тұр, оранар қырлар түбіт, 
Аппақ қардай жасарып тұрар үміт. 
Қар жауып тұр, аялап ақ ниетпен, 
Көңілдерден қалар ма кір арылып.( Мергенбай Әбуов)

Жалғасы

P.S. Мақалада Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесі, Қ.Жолдыбайұлы «Имани гүл» кітабы, сондай ақ жеке авторлар: Айжан Қасымова, А.Найманқызы, Ербақыт Нүсіпұлының сөз жолдары, пайдалынды. 

Топтастырған:  Ақиқат Арнамыс

Сурет: khoemoivui.comjoyreactor.ccanpash.ruoboi20.ru

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 30 қаңтар 2015, 19:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.