Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #9

Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #9

Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #9

ҰБТ-ны Массагет тілшілерінің барлығы тапсырды. Сынақ болған күн артта қалса да, күні кеше аудиторияда дұрыс жауап таңдап, қолымыздан келгенше сыныптастардан көмегімізді аямаған немесе өзгеден көмек сұраған сәтіміз әлі есімізде.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға небары бірнеше ай қалды. Сәуір айы тәмамдалысымен, мектеп бітіру салтанатына дайындық басталады. Бұл – ҰБТ-ға дайындалу үдерісі тоқтайды деген сөз. Уақыттың аз қалғанын ойлаған сайын жүрегіңіз алып-ұшып, арасында күйзеліп те жүрген боларсыз. Сол себепті біздің айтарымыз сізге көмек болар деген ниетпен басымыздан өткен оқиғаларымызды баяндамақпыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Жасұлан Исакаев.

Мен Ақтөбе облыстық Мақсұт Құсайынов атындағы дарынды балалар мектебінде оқыдым. Мектебімізде тестілеуге дайындық жоғары деңгейде өтетін. Себебі, өзге пәндерді шетке ысырып, жыл бойы ҰБТ пәндеріне ғана дайындалатынбыз.

Мен 7 жыл бойы математика сыныбында білім алдым. 11 сыныптың ақпан айына дейін таңдау пәнім физика болды. Артынша достарым мен ұстазым әдебиетке деген ерекше ықыласымның бар екенін біліп, осы пәнді таңдауыма септіктерін тигізді. Ал отбасым физика пәнін таңдай бергенімді жөн көрді. Есеп-қисапқа да осал емес едім. Алғашқы 10 есепті өз күшіммен шығаратынмын. (Күлді). Физика пәнінен сынама тестілерде 10 балл ғана жинайтымын. Әдебиет пәнін таңдай салысымен 20 балл алдым.

ҰБТ-ға бара жатқан кезде көкейімізде аса бір қорқыныш болмады. Құдды тойға бара жатқандай әсерде болдық. Бірақ, қыз баласы бізге қарағанда нәзік қой. Өздеріне сенімсіздік танытып, кейде тіпті жылап алатын. Аудиторияда отырғанымда парталас оқушы қыз тоқтаусыз жылай берді. Оның бұл әрекетін түсінбесем де, іштей сескеніп отырдым. Көңілін ауламақ болып қазақ тілі, артынша орыс тілі пәндерінің сұрақтарына жауап бердім. Сонда да жылай берді.

Шпаргалка мен ұялы телефон алып кірдім. Бірақ, екеуін де қолданбадым. Тексерістен ұялып, ұялы телефонымды өзім бердім.

Құрдастарымның соңы да, алды болған жоқпын. ҰБТ-дан 102 балл жинадым. Біз тестілеу тапсырған 2012 жылы бақылау өте қатаң болған еді. Сол уақытта еліміздегі 10 000 түлек қана 100 баллдан жоғары алған екен. Аталған түлектердің ішінде өзім де бармын.

10 сынып оқып жүргенімде тарих пәнін сақадай сай етіп дайындап қойдым. Ал қалған пәндерге қатарластарыммен бірге жүріп дайындалатынмын. Бәріміз таңғы сағат 7-де оянамыз. Осы уақытта сыртта қыздар жүгіріп жүретін. Қыздармен сөйлескіміз келіп, олардан тестіні жаттауға көмек сұрайтынбыз.

Тәрбиеші ұстаздарыма, мектеп пен жатақханадағы достарыма қызықты сәттерді бірге бастан кешіріп, үнемі дұрыс бағытта жол сілтегендері үшін алғысым шексіз. Әсіресе Боқаева Дария есімді ұстазыма. Сөзіміз жараспай қалса да, менің ең сүйікті ұстазым болды. Дария апай математика пәнінен сабақ беретін. Ол кісіге арнап жазған өлеңім де бар.

Математикаға наз

Ғылымдардың патшасы дегенменен,
Ол бірақ егіз емес өнерменен.
Сабақ сайын екі алып, отырамын,
Сыныбымыз болса да тереңдеген.

Әдебиетті сүйемін ұлы райым,
Тек соның шуағына жылынайын.
Мен үшін Архимед пен Евклидтен,
Биігірек Абай мен Ыбырайым.

Гиппократ пен Демокритті дана дерміз,
Есепті білмесек те саналы ерміз.
Бір жазықтықта жатпаймыз, қиылыспаймыз,
Математика екеуміз паралельміз.

Көңілім құдіретті домбырамдай,
Жырым қалса артымда мол мұрам бай.
Ақындық жол ауыр жол, бұралаң жол,
Параллеограмм, трапеция, ромбылардай.

Осылай екі алумен өтуде күн,
Мұратым ақын болып кету дедім.
Бірақ қазір отырмын сол сабақта,
Қоңырауды асыға күтудемін.

Отбасым Астана қаласына оқуға түскенімді қалады. Шығармашылықтың адамы болғандықтан, Алматы қаласында оқығым келді. Бір шетінен суық ауа райына төзе алмаймын.

Басында барлығы да толғанады, тебіренеді. Тіпті сенімсіздік бойын билеп алады. 100% дайындалдым деген оқушылардың өзі сан соғып қалғанын өз көзіммен көрдім. Осындай жағдай болмас үшін сенімділікті шетке ысырып, дайындалу қажет. Табыс 1% талант пен 99% еңбектің нәтижесінде келетінін ұмытпаңыздар. Іске сәт!

Сурет: Massaget.kz

Оқи отырыңыз:

Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды?
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #2
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #3
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #4
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #5
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды?#6
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #7
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #8

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 26 ақпан 2015, 21:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->