Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #6

Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #6

Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #6

ҰБТ-ны Массагет тілшілерінің барлығы тапсырды. Сынақ болған күн артта қалса да, күні кеше аудиторияда дұрыс жауап таңдап, қолымыздан келгенше сыныптастардан көмегімізді аямаған немесе өзгеден көмек сұраған сәтіміз әлі есімізде.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға небары бірнеше ай қалды. Сәуір айы тәмамдалысымен, мектеп бітіру салтанатына дайындық басталады. Бұл – ҰБТ-ға дайындалу үдерісі тоқтайды деген сөз. Уақыттың аз қалғанын ойлаған сайын жүрегіңіз алып-ұшып, арасында күйзеліп те жүрген боларсыз. Сол себепті біздің айтарымыз сізге көмек болар деген ниетпен басымыздан өткен оқиғаларымызды баяндамақпыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Қарлыға Бүйенбай.

Дүкенде нан сатып алу үшін кезекте тұрғандаймын. Алайда бұл жолы сатып алатын нанымның құны қымбат. Өйткені 11 жыл бойы жиған-тергенім лезде таразыға салынып, өзіме лайық бағамды аламын.

Айналамнан көтеріңкі дауыстар естимін. Әрбір сөз бір нәрседен үрейленгендей дірілдеп шығып жатыр. Бұл не дауыс екен деп айналама қарайлаймын, барлығы үнсіз тұр. Сөйтсем, мұның барлығы қобалжыған оқушылардың жүрек үні екен. Яғни қорқыныштың үні. Күйзеліс пен қобалжуды тек бір ғана жағдайда алдын алуға болады. Ол өзімізге қойылар сұрақтың жауабын біліп, ситуацияға қарсы жауап қайтара білген кезде. Менің ойымша, ҰБТ-ға 100% дайындалдым деген оқушының өзі қобалжиды. Сол секілді мен де өзімді қоярға жер таппай, көңілім түрлі ойдың жетегінде болды.

Жанымда тұрған оқушылардың бірі – еріксіз шашын өрсе, енді бірі – тырнағын тістеп тұр, үшіншісі – иманын үйіріп тұрғандай еріндерін жыбырлатады. Осы көріністерді бақылап тұрғанымда ішке кіретін уақыт та келді. Басымнан бастап аяғыма дейін темірмен тексеріп, ары қарай кіргізді. Бұл – алғашқы сынағымыз еді. Өйткені қалтамызға салған шпаргалкаларымыз аман-есен өзімізбен бірге өтті. Аудиторияға абайлап оң аяғыммен басып кірдім. Белгіленген орнымды білген соң аяңдап басып жанына бардым. Маңдайыма қарама-қарсы тұрған төртбұрышты, қара сағатқа қарап тұрып, бойымды жинақтап алғаным есімде. Құдды таңертең мұздай душтың астына тұрып шомылып алғандаймын. «Қарлыға, осы 3,5 сағаттың ішіндегі бар мүмкіндікті пайдалану тек өзіңнің қолыңда. Қобалжыма. Жинақтал. Сабыр сақта. Сенің қолыңнан келеді!» деп ішкі ойымды ретке келтіріп алдым. Алдымен, қазақ тілі, орыс тілі, қазақстан тарихы, әдебиет, артынша математиканы орындадым. Тек 100% білемін дегендерімді ғана белгілеп, математика есептерін шығарып болған соң сұрақтарды бірнеше мәрте қайталап шықтым. Осылайша барлық сұрақтың жауабын түгендей бастадым. Тарих пәнінен - 3, ал әдебиет пәнінен 2 сұрақты осыған дейін сынама тестіде кездестірмеген едім. Бір жыл бойы ұстаздарымыз ҰБТ-дағы сұрақтардың 30%-ы жаңарады деп санамызға сіңдіргендіктен, аса қатты қобылжымадым. Психологиялық деңгейде дайын болдым. Бір қызығы, күмән келтірген осы екі пәннен де 25/25 алған екенмін. Математика пәніне келгенде аздап қиналдым. Себебі, 3 есебімді шығара алмай әлек болған жайым бар. Мұнымен қатар, мойнымда ауыр жүк тұрды. (Бұл туралы сәл кейінірек). Қалтамдағы шпаргалкадан 3 сұрақты іздейін десем, бақылаушылардың қарсы алдында отырмын. Бірақ, кішкентайымнан «түрлі мүмкіндікті пайдалануға икемді» екенімді жасырмаймын. Яғни адамның қас-қабағына қарап әрекет жасай алатын әдетім бар. Көп жағдайда пайдасы тиіп жатады. Бұл үшін ұстаздарыма алғыс айтамын. Ол кісілер үнемі пессимистер секілді отыра бермей, қысылған сәтте жылдам әрекет жасауға, белсенді түрде қозғалуға бағыттайтын. Соғыста алдыңғы шептегілердің бірінші болып қаза табатынын да ескертетін. Қалтамдағы қағазды шығара алмай отырғанымның себебі осы еді. Бұл жолы нар тәуекелге барудан бас тарттым. Бақылаушылардың қас-қабағын бақылап қарасам, мін тапқан бойда қолымыздан жетектеп сыртқа шығарып салатындай көрінді.

Жанымда «өте пысық» оқушы отырды. Білімге аса құмар жан емес екені байқалады. Бірақ, ақымақ деп айтуға келмейді. Мені аса мазаламай, тапсырмамды сақадай сай етіп орындап болғанымды байыппен күтті. Мен де енді не істер екен дегендей қаламымды партаның үстіне қойып, айналамды бақылауға кірістім. Арада бір минут өтер-өтпес уақытта екі жаққа да ұтымды келісім-шарт ұсынды: «Сен маған қазақ тілі пәнінің тапсырмаларын орындап берсең, мен саған шығара алмай отырған 3 есебіңді шпаргалкадан қарап беремін», - деді. Ұры ұрыны алыстан таниды демекші, өзім секілді ситуацияға бейімделе білетін жан екенін ішім сезді. Мұны білдірмей тәкаппарлана «Жарайды» деп қысқа ғана жауап қайтардым. Бағанадан бері мені мұқият бақылап отырғанын осы сәтте түсіндім. Есепті өзім шығарып беремін десе, бас тартатын едім. Шпаргалка деген соң келістім. Пысықтығы соншалық лезде тест кітапшаларын ауыстырып жіберді. Қалтасындағы түрлі шпаргалкасын шығарып, сұрақ жауаптарын іздеуге кірісті. Мен оның 25-сұрағын белгілеп отырмын. Ол дұрыс жауапты таба алатын емес. Бір кезде айналасындағылардан сұрастырып кетті. Мен де құры отырмаймын, Құдайдан қайтар деп орыс тілін, артынша тарих пәнін, соңында білгенімше географиясын белгілеп бердім. Ол сұрақтардың жауабын әлі тапқан жоқ. Әлек болып іздестіріп жатыр. Бір кезде: «Ренжімеші, 3 есептің жауабын нақты таба алмадым», - деді. Табиғатымнан іштей ашуланбайтын, бірақ мінезім өте ауыр адаммын. Сырттай ашуланғандай түр көрсетіп қоямын. Шындығында, оның бұл әрекетіне риза болған едім. Өйткені ол бар болғаны шындықты айтты.

Барлық жауабымның дұрыс екеніне көз жеткізген соң ғана парақшаға белгілей бастадым. Нұсқамның дұрыс жазылуын бірнеше мәрте қайталап тексердім.

Бір жыл бойы дайындалған сынақ осымен бітті. Нақты қанша алғанымды білмеймін. Әйтеуір 110 баллдан жоғары алатыныма сенімді болдым.

Дайындық барысында достарымнан да, артық қыдырудан да, телефоннан да, әлеуметтік желілерден де бас тартым. Бір жыл бойы бос уақытым болмады десем де болады. Тіпті, отбасыммен сирек сөйлесетіндей халге жеттім. Дайындық пен ұйқыны алмастырып жүрдім. Аздап денсаулығым нашарлап, бір ай бойы төсек тартып жатып қалдым. Мамыр айында қайта қалпыма келіп, жаңа тақырып игермей, тек осыған дейін білгендерімді пысықтауға кірістім. Есесіне 114 балл, орыс тілінің балын алып тастағанда 95 балл алдым. Алтын белгімді де қорғап, өзім армандаған ЖОО-ға түстім.

Үнемі мектептің қоғамдық жұмыстарына араласуды жақсы көретіндіктен, сабақты үстіртін ғана оқитынмын. Яғни бестік баға алу үшін жаттап айтатынмын. (Дәл осындай оқушы болғанымды енді ғана түсініп жатырмын). Осының салдарын 11 сыныпқа келген кезде көрдім. Өйткені тек сүйіп оқыған пәндерімді ғана игергенімді білдім.

Ата-анам кішкентай кезімнен дәрігер болуға баулыды. Әкем: «Дәрігерден асқан мамандық жоқ. Ол қай кезде де керек. Жұмысың да болады, бір шетінен өзгелерге көмектесу арқылы өзіңді барынша бақытты сезінесің", - деп айтатын. Оның үстіне анам дәрі жасайтын зертханада жұмыс істейтіндіктен, түрлі тәжірибе көрсететін. Ал әпкем зертеулерімен таныстырып, бұл мамандықтың қыр-сырын игеруге баулыған еді. 11 сынып оқып жүргенімде бұл менің емес, өзіме жақын адамдарымның таңдауы екенін түсіндім. Олардың көңіл хошы үшін келіскеніммен, болашақ өмірде қатты қиналатынымды болжадым. Артынша оларға бұл мамандықты таңдамайтынымды айттым. Олар өз кезегінде: «Біз сені қинамаймыз. Өзің біл. Бірақ, медицинадан өзге салаға түсер болсаң, оқуыңның ақшасын төлеуден бас тартамыз», - деді. Бұл сөздерді менің болашағым үшін айтып тұрғандарын жақсы білетінмін. Өйткені анам жағынан да, әкем жағынан да медицинаға қатысты білікті мамандар көп болатын. Мұнымен қатар, болашақ жұмыспен де оңай қамтамасыз етілетін едім. Алғашында осылай ойладым. Қуанышыма орай, жоғарыдағы сөздерінің қалжың екенін айтты. Жүрегім жайланып, қалаған мамандығымның иесі атандым.

Дәл қазір әр түлектің жүрегінде сенім мен күдіктің, жақсы мен жаман ойдың қатар жүргенін білемін. Сол сезімдердің қайсысы басым түсетінін таңдау тек өзіңіздің ғана қолыңызда. Мақсатыңыз 125 баллдан көп болмаса, кем болмасын. Және, ең бастысы, өмірде өз таңбаңызды қалдыру екенін ұмытпаңыз. Бір берілген мүмкіндік пен уақыттың екінші мәрте қайтып келмейтінін де ескеріңіз! Іске сәт! Тек қана 125 баллдың иегері болыңыз!

Оқи отырыңыз:

Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды?
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #2
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #3
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #4
Массагет тілшілері ҰБТ-ны қалай тапсырды? #5

Сурет: Massaget.kz

13
Рейтинг: +8

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 23 ақпан 2015, 17:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.